Өтінішхатты қарау кезінде соттың анықтауына жататын мәнжайлардың аясы
АПК-нің 465-бабының үшінші бӛлігіне сәйкес сот істі қараған кезде мәлімделген талаптар мен қарсылықтарға негіз ретінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу арқылы тӛрелік шешімнің күшін жою үшін заңда кӛзделген негіздердің болуын немесе болмауын анықтайды.Қорыту жүргізу барысында сот негізінен мына жағдайлардың болуына сілтеме жасап тӛрелік шешімдердің күші жоятыны анықталды:
- тӛреліктер тараптарға тӛрелік талқылау туралы хабарламайды;
- тӛрелік келісімдерге немесе ескертпелерге байланысты келіспеушіліктер бар, олар істі ведомстволық қарауына жатпайтындығына байланысты тӛрелікте қарау мүмкіндігін болдырмайды;
- тӛрелік шешім жария тәртібіне қайшы келеді.
Шетелдік халықаралық коммерциялық немесе инвестициялық тӛрелік шығарған шешімдерге АПК-де кӛзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында шағымдануға жатпайтынын, осы шешімдер шығарылған елде шағымдануға жататынын соттардың назарды ұстағаны жӛн.
Заңның 52-бабы 1-тармағының 1)-5) тармақшаларында тӛрелік шешімнің күшін жою негіздері кӛзделген.
Тӛрелік шешім, егер:
- тӛрелiк шешiмнiң тӛрелiк келiсiмде кӛзделмеген немесе оның шарттарына дӛп келмейтін мәселе бойынша шешім қамтылса не тӛрелiк келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жӛнiндегi қаулы қамтылса, сондай-ақ даудың тӛрелiктiң ведомстволық қарауына жатпаса сотта жойылуға жатады.
Егер тӛрелiк келiсiмде қамтылған мәселелер бойынша тӛрелiк шешiмдерді осындай келiсiмде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешiмдерден бӛлiп алу мүмкiн болса, онда тӛрелiк шешiмнің тӛрелiк келiсiмде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешiмді қамтитын бӛлiгiнің ғана күшi жойылуы мүмкін болса;
- сот тӛрелiк келiсiм тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз деп таныса немесе тараптар тӛрелік келісімді жасауға негізге алған заң бойынша, ал мұндай заңға сілтеме болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тӛрелiк келiсiмнің күшінің жоқтығы анықталса;
- - тӛрешiнiң тағайындалуы туралы немесе тӛрелiк талқылау туралы тараптың тиiстi түрде хабардар болмаса немесе сот дәлелдi деп таныған басқа да себептер бойынша ӛзiнiң түсiндiрулерiн ұсына алмаса;
- - тӛрелік құрамы немесе талқылаудың тӛрелік рәсiмi тараптардың келiсiміне сәйкес келмесе, егер тек мұндай келісім тараптар бас тарта алмайтын осы Заңның кез келген ережесіне қайшы келмесе, немесе мұндай келісім болмаған кезде осы Заңға сәйкес келмесе;
- сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша шығарылған заңды күшiне енген соттың шешімі немесе тӛрелiк шешiм не талап арыз берушінің талап арыздан бас тартуына байланысты іс бойынша іс
жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе тӛреліктің ұйғарымы болса сотта жойылуға тиіс.
Тӛрелік шешімдердің күшін жою негіздерінің тізбесі Заңда кӛзделген, осыған байланысты кеңейту түсіндіруге жатпайды.
Ӛтінішхат берген тарапқа дәлелдеу ауыртпалығы жүктеледі.Заңның 52-бабы 1-тармағының 1)-5) тармақшаларында кӛрсетілген мәнжайлардың бар екендігін куәландыратын дәлелдемелерді сотқа ұсынбаған кезде сот тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
Заңның 52 - бабының 2-тармағында дәлелдемелердің берілгеніне қарамастан,сот тӛрелік шешімнің күшін жоятын екі жағдай кӛзделген:
1) тӛрелік шешім Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келеді;
2) тӛрелік шешім шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тӛрелік талқылаудың нысанасы бола алмайды.
Кӛрсетілген негіздер сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтініш берген тараптың оларға сілтеме жасамағанына қарамастан, сот тексеретін мән-жайлардыңаясына кіреді.
Заңның 52-бабының 2-тармағында кӛзделген мән-жайлар, олар анықталған жағдайда, тӛрелік шешімнің күшін жою үшін, сӛзсіз, негіз болып табылады.
Осылайша, екі жағдайда ғана заң сотқа, егер тіпті тарап ӛтінішхатында оларға сілтеме жасамаса, тӛрелік шешімнің күшін жоюға мүмкіндік береді. Барлық басқа жағдайларда, егер сотқа Заңның 52-бабы 1-тармағының 1)-5) тармақшаларында кӛзделген мән-жайлардың бар екендігін куәландыратын дәлелдемелер ұсынылса, тӛрелік шешімнің күші жойылуға жатады.
АПК-нің 465-бабының бесінші бӛлігіне сәйкес тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ұйғарымда сот тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға беру туралы ұйғарымның күшін жою мәселесін шешуге тиіс.
Төрелік талқылауды қайта бастау не төрелік шешімнің күшін жою үшін негiздердi жоюға мүмкiндiк беретін өзге де шараларды қолдану үшін іс жүргізуді тоқтата тұру.
Заңның 53-бабының 3-тармағына және АПК-нің 465-бабының 3-1-бӛлігіне сәйкес сот тараптардың бірінің ӛтініші бойынша тӛрелік талқылауды қайта бастау не тӛрелік шешімнің күшін жою үшін негіздерді жоюға мүмкіндік беретін ӛзге де шараларды қабылдау үшін тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхат бойынша іс жүргізуді белгіленген мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Егер тӛрешілер жаңа шешім шығарса, тарап сот белгілеген мерзімнің ішінде талап қою арызын ұсынбай, жаңартылған тӛрелік талқылауға немесе бастапқы шешімдегі ӛзгерістерге қатысты бӛлігінде шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхат беруге құқылы.
Бұл норма тӛрелік келісіммен қамтылған дауды шешуге соттың араласуын шектеуге бағытталған.
Заңның 52-бабының 1-тармағында кӛзделген тӛрелік шешімнің күшін жою үшін негіздер шартты түрде «жойылатын» және «жойылмайтын» болып бӛлінуі мүмкін.
«Жойылатын» - бұл қайта тӛрелік талқылау кезінде жойылуы мүмкін осындай процестік бұзушылықтардың болуы. Мысалы, тӛрелік тарапқа тӛрелік талқылау туралы хабарлаған жоқ (Заңның 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы).
«Жойылмайтын» - енді жоюға келмейтіндер. Мысалы, тӛрелік келісімнің шегінен шығатын мәселе бойынша тӛрелік шешімді шығару (Заңның 52-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).
Сондықтан кӛрсетілген ӛтініштерді қарау кезінде соттар, егер тӛрелік шешім Заңның 52-бабының 2-тармағында кӛзделген негіздер бойынша, сондай-ақ, егер тӛрелiк шешiмнiң тӛрелiк келiсiмде кӛзделмеген немесе оның шарттарына дӛп келмейтін мәселе бойынша шешімді қамтитындығы не тӛрелiк келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жӛнiндегi қаулыны қамтитындығы, сондай-ақ даудың тӛрелiктiң ведомстволық қарауына жатпайтыны; сот тӛрелiк келiсiм тараптарының бiрiн әрекетке қабiлетсiз деп танығандығы; тараптар тӛрелік келісімді жасауға негізге алған заң бойынша, ал мұндай заңға сілтеме болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тӛрелiк келiсiмнің күшінің жоқтығы; сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша шығарылған заңды күшiне енген соттың шешімі немесе тӛрелiк шешiм не талап арыз берушінің талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе тӛреліктің
ұйғарымы болғаны салдарынан жойылса, онда тарап дауды шешу үшін құзыретті сотқа жүгінуге құқылы.
Басқа жағдайларда тараптардың арасында жасалған тӛрелік келісімге сәйкес тӛрелікке жүгіну құқығы жойылмайды.
Егер тӛрелiк келiсiмде қамтылған мәселелер бойынша тӛрелiк шешiмдерді осындай келiсiмде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешiмдерден бӛлiп алу мүмкiн болса, онда тӛрелiк шешiмнің тӛрелiк келiсiмде қамтылмайтын мәселелер бойынша шешiмді қамтитын бӛлiгiнің ғана күшi жойылуы мүмкін екенін ескеру қажет.
Заңның 53-бабы 3-тармағының бірінші бӛлігінің мағынасына сәйкес сот іс жүргізуді тоқтата тұруға құқылы, бірақ міндетті емес. Сот тоқтата тұру туралы ұйғарымды тараптың ӛтініші бойынша шығарады.
Сот отырысында тоқтата тұру туралы ӛтінішті қарау кезінде тӛрелік шешімнің күшін жою үшін жойылатын негіздердің бар-жоғын анықтауға тиіс. Тоқтата тұру туралы ұйғарымда сот осы негіздерді егжей-тегжейлі сипаттауға және соттың бұл негіздерді қайта тӛрелік талқылау кезінде жоюға болады деген қорытындыға келгенін кӛрсетуге міндетті.
Іс жүргізуді тоқтата тұруға болатын мерзім заңда кӛзделмеген, сондықтан сот тоқтата тұру негізіне байланысты оның ұзақтығын ӛзі анықтайды.Тараптар сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтінішхат кезде сот практикасында Заңның 53-бабының 3-тармағын және АПК-нің 465-бабының 3-бірінші бӛлігін жиі қолданбайды. Осыған байланысты соттың белсенді рӛлін ескере отырып, соттар тӛрелік шешімдердің күшін жоюды қысқарту мақсатында тараптарға аталған құқық нормаларының ережелерін түсіндіруі қажет.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
_3C22~1
3 рет жүктеп алынды