⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек

Заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек

«АМАНАТ» партиясының Алматы қалалық филиалының қабырғасында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесінің заңгерлермен бірлесіп, тағы да халықтың әлеуметтік осал топтарына заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек көрсетілді.

Азаматтардың азаматтық істер мен әкімшілік даулар бойынша өзекті мәселелерін шешуде адвокаттар заңгерлік көмек көрсетті. «АМАНАТ» партиясы ұйымдастырған «Кұқықтық көмек» жобасы еліміздегі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда бұрын-соңды болмаған жоба.

❓ Қала тұрғындары әртүрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді, атап айтқанда:
✅ әлеуметтік көмек көрсету;
✅тұрғын-үй қатынастары;
✅ қалалық инфрақұрылым;
✅ білім және денсаулық сақтау;
✅ қоғамдық тәртіпті бұзу және т.б.

Сондай-ақ, шетел компаниясы қазақстандық қызметкерлерге өтемақыны уақтылы төлемеді деген шағым түскен болатын, сұрақ Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі өкілдерінің жіті бақылауына алынды.

Қалған сұрақтар бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді және шешу үшін жұмысқа алынды.

      Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы