Лауазымдық нұсқаулық
Күзетші
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде жасалды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 Желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Кодексінің талаптарына сәйкес басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы., және еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.
Лауазымдық міндеттері:
құжаттардың дұрыстығына және талаптарға сәйкестігіне назар аудара отырып, белгіленген үлгідегі рұқсаттамалар немесе жеке куәліктер бойынша ұйымның басшылығы бекіткен тәртіпке сәйкес ұйымды күзетуді және объектіге өткізу режимін қамтамасыз етеді;
ұйым қызметкерлерінің еріп жүруімен аумаққа кіруге рұқсат беру құқығы берілген басшылар мен өзге де лауазымды адамдардың рұқсаты бойынша ғана бөгде адамдарды аумаққа жібереді;
аса маңызды (режимдік) объектілерге ұйым басшылары бекіткен тізімге сәйкес келушілерді жібереді;
жұмыс уақытынан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері арнайы тізімдерді басшылыққа ала отырып, қызметкерлердің қызметтік үй-жайларға кіруін шектейді;
режим бұзылған жағдайлар туралы ұйым басшыларын хабардар етеді;
басшылардың рұқсатынсыз мүлік пен материалдық құндылықтарды шығаруға жол бермейді;
тауарлық және өзге де материалдық құндылықтарды әкету (әкелу) құқығына арналған құжаттарға жүктердің сәйкестігіне және құжаттарды ресімдеудің дұрыстығына назар аудара отырып, бұзушыларды ұстайды, күзетілетін аумаққа шығатын және келетін көлікті тексеріп қарауды жүргізеді, ұйым басшылығы белгілеген жұмыс тәртібін сақтайды және оны қызметкерлерден орындауды талап етеді;
шабуыл жасалған жағдайда шабуылдаушыларды қажетті қорғаныс және ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;
қылмыскерлерді (тауарларға және өзге де материалдық құндылықтарға қылмыстық қол сұғумен байланысты іс-әрекеттер жасаған немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды) ұстауға шаралар қабылдайды және оларды құқық қорғау органдарына береді және оқиғалар туралы басшылық пен құқық қорғау органдарына хабарлайды;
құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді, медициналық көмекті шақырады және қылмыскерлерден зардап шеккендерге немесе жазатайым оқиға салдарынан медицина қызметкерлері келгенге дейін медициналық көмек көрсетеді;
өрт туындаған кезде өрт сөндірушілерді шақырады және өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдайды.
Білуі керек:
ұйымдағы өткізу режимін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулықтар және өзге де басшылық материалдар мен құжаттар;
ұйымның құрылымы және оның бөлімшелерінің жұмыс режимі;
рұқсаттамалар мен өзге де өткізу құжаттарын беру тәртібі;
еңбекті ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім, әскердегі қызмет және міндетті арнаулы оқу курсы, сондай-ақ кемінде 1 жыл практикалық жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
_______________/_________________________________________________________________
(қолы, Т. А. Ә., күні)
"___"__________ 20___г.
ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ Каз Рус
20 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
21 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации Каз Рус
21 рет жүктеп алынды -
006 Трудовой договор Каз Рус
20 рет жүктеп алынды