Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту), оның ішінде алимент өндіруді тоқтату туралы
Даулы қатынастар НОтК-нің 175-бабының 1-тармағындағы ережелермен реттелген, соған сәйкес, егер алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған кезде сот тараптардың назар аударарлық өзге де мүддесін ескеруге құқылы. (2-тармақ)
Жоғарыда көрсетілген норманы талдау тараптардың материалдық жағдайының өзгеруі ретінде алушының немесе алимент төлеушінің мүліктік жағдайының жақсаруы да, нашарлауы да түсініледі деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді
Мысалы, бірқатар жағдайларда соттар талапкердің баланың материалдық жағдайын нашарлатуға, талапкер төмендетуді өтінетін алимент мөлшеріне бағытталған жосықсыз әрекеттерін байқайды. Кейбір жағдайларда соттар неке-отбасылық заңнаманың тиісті нормаларын формальды қолдана отырып, талап қоюды қанағаттандырады немесе бас тартады
Шымкент қаласының Абай аудандық сотының 2015 жылғы 12 мамырдағы шешімімен К.-ның кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттердің мөлшерін төмендету туралы Е. және А. талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. К. балаларды күтіп-бағуға өндіріліп алынатын алименттер Е.-нің пайдасына табыстың барлық түрлерінен: 25 %-дан 17 %-ға дейін, Ж.-ның пайдасына: 50%-дан 33 %-ға дейін төмендетілді.
К.-дан кәмелетке толмаған бала Жанторені күтіп-бағуға Е.-нің пайдасына табыстың барлық түрлерінен 1/4 (25%) бөлігі мөлшерінде алимент өндіріліп алынды, сондай-ақ Абай аудандық сотының 2015 жылғы 15 қаңтардағы сот бұйрығымен Ж.-ның пайдасына кәмелетке толмаған балалар Б., А., Е.-ні күтіп-бағуға 1/2 (50%) бөлігі мөлшерінде алимент өндіріліп алынды. Осылайша талапкерден екі сот актісі бойынша Е.-нің пайдасына - 25 %, Ж.-ның пайдасына - 50 %, барлығы айлықақының және өзге де табыстың барлық түрлерінен 75 % мөлшерінде, яғни заңда көзделгеннен 25 % артық алимент өндіріліп алынды.
Шешім мазмұнынан жауапкер Ж. жасы кіші үш баланы күтіп-бағу үшін материалдық жағынан мұқтаж, ал жауапкер Е.-нің 11 жасар бір баласы бар, алайда ол талапкер К.-ден, жауапкер Ж.-ға қарағанда, өзінің материалдық тәуелділігі туралы дәлелдемелерді сотқа ұсынбағаны анықталды.
Мұндай мән-жайларда бірінші сатыдағы соттың жауапкер Ж. талапкер К.-пен бір отбасында тұратындықтан, демек, оның Е.-ге қарағанда, материалдық жағынан қамтылғаны туралы қорытындысы негізсіз және істің материалдарын растамайды.
Бірінші сатыдағы сот талапкерден жауапкерлердің пайдасына өндіріліп алынатын алименттердің мөлшерін төмендету кезінде балалардың өз атаанасынан алиментті алуға тең құқықтарын, тараптардың материалдық жағдайын, яғни тараптардың назар аударарлық мүдделерін ескермеген.
Осылайша, талапкер табыстың барлық түрлерінен ай сайын Е.-нің пайдасына 17 % дейін, Ж.-ның пайдасына 33 % дейін төлейтін алименттердің мөлшерін төмендету дұрыс емес. Әр бала өз ата-анасынан алиментті Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте көзделген тәртіппен және мөлшерде алуға тең құқығы болғандықтан, оның мөлшері талапкер төлейтін алименттердің мөлшері барлық табыс түрлерінен 50 % аспауға тиіс.
Талапкерден балалардың күтіп-бағуға құқықтарының теңдігін негізге ала отырып, талапкерден төрт баланың әрқайсысына 12, 5% бойынша, яғни Е.-нің пайдасына кәмелетке толмаған бір баланы күтіп-бағуға 1/4 (25%) бөлігі мөлшерін 1/8 (12,5%) дейін төмендету, Ж.-ның пайдасына кәмелетке толмаған үш баланы күтіп-бағуға 1/2 (50%) бөлігі мөлшерін 3/8 (37.5%) дейін төмендетіліп табыстың (кірістің) 50 % өндіріп алуға жататын мөлшерін бөлу керек еді, осылайша екі сот актісі бойынша барлығы 50 % болады.
Бірқатар жағдайларда, талап қоюларды қанағаттандыра отырып бірінші сатының соттары дауды дұрыс шешу үшін едәуір мәнге ие шынайы жағдайларды толық көлемде анықтамаған, атап айтқанда: талапкердің ниеті қандай, тараптар (талапкер мен жауапкердің бірі) некеде тұрған және іс жүзінде бірге тұрып жатқан, ортақ шаруашылық жүргізіп отырған және талапкердің күтіп-бағу үшін басқа жауапкерге алимент төлеп жатқан баланың құқығын шектегісі келіп, сонымен бірге талапкер алиментін төмендету туралы әдейі талап қоюды беретін жағдайларда талапкердің тарапынан құқықты асыра пайдалану жағдайы бар ма.
Бірінші сатының соттары тараптардың материалдық-мүліктік жағдайына қатысты фактілерді, балалардың мүдделерін зерттемей, сонымен бірге НОтК-нің 139,175-баптарын формальды түрде басшылыққа ала отырып, алименттердің мөлшерін төмендету (көбейту) туралы талап қоюларды қанағаттандырған.
Баланы күтіп-бағуға алимент төлейтін ата-анасынан бөлек тұратын, оны төмендету балаға қалыпты өмір жағдайларын жасауға және оның дамуына кері әсерін тигізетін, демек оның жағдайы нашарлауы мүмкін болатын баланың мүддесін назарға заңды қабылдады. Кейбір жағдайларда қуынушының талабы бірінші некеден баланы (балаларды) және екінші (кейінгі некеден) баланы тең асырап бағылмауы көзделген, демек алимент мөлшерін төмендетудің нәтижесінде бірінші некедегі баланың мүліктік жағдайы ата-анасымен бірге тұратын баланың (балалардың) мүліктік жағдайымен салыстырғанда нашарлап кетпеуі тиіс.
НОтК 139-бабы 1-тармағының қолданыстағы нормаларын талдау алимент төлеуге міндетті ата-ананың жалақысына немесе табысына үлестермен алимент өндірудің алименттің сот тәртібімен төленуі кезінде жүргізілетінін көрсетеді. Төлем төлеушінің жалақысына немесе табысына үлестерде алимент мөлшерін анықтау тәртібі негізгі болып табылады және НОтК 141-бабына сәйкес егер сот тұрақты ақша сомасында алименттерді өндіріп алуды жүргізу қажеттілігін мойындамаса, барлық жағдайларда қолданылады.
Кәмелетке толған балаларға алиментті төлем төлеушінің жалақысына үлестерде өндіру орташа деңгейдегі табысы бар адамдардан алиментті өндіру кезінде неғұрлым орынды деп санаймыз. Бұл тәртіп алушының және алимент төлеушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді және төлеушінің жалақысы және табысы өзгергенде алимент мөлшерінің автоматты индексациясын қамтамасыз етеді.
Алиментті төлеуші ата–ананың жалақысына немесе табысына үлестерде белгіленген алименттердің мөлшерін көбейту немесе азайту алименттерді өндіру кезінде, сонымен бірге оларды төлеу кезінде мүмкін болатынын атап өткен жөн. Қазірдің өзінде берілген алименттердің мөлшерін өзгерту өндіріп алушының немесе алимент төлеушінің талап арызы бойынша сот тәртібінде жүргізіледі.
Сонымен, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға өндіріп алуға тиісті үлесті көбейту немесе төмендету туралы шешім шығару үшін негіздеме тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайы немесе назар аудартатын өзге де міндеттемелердің болуы болып табылады.
Алимент түрінде өндірілетін, оларды төлейтін ата-ананың материалдық жағдайына байланысты ата-атаның жалақысының немесе табысы үлесінің мөлшерін азайту немесе көбейту құқығы сотқа алимент мөлшерін анықтауға дербестендірілген тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Егер ата-ана шамадан тыс жоғары табыс алатын болса, бір балаға оның табысының 1/4 бөлігін өндіру алимент сомасының баланың барлық ақылға қонымды қажеттіліктерінен неғұрлым асып түсетіндей тым жоғары болуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда сот баланы күтіп-бағуға өндіріп алынуға тиісті табыс үлесін төлеушінің, сондай-ақ баланың мүдделеріне жауап беретіндей шектерге дейін азайтуға құқығы бар. Егер ата-ананың жалақысы немесе табысы керісінше, өте төмен болып, оның 1/4 бөлігі баланың күнкөрісі үшін ең аз қаражатты қамтамасыз етуге мүмкін болмаса, сот алимент мөлшерін арттыруға құқылы. Осылайша, сотта қолданыстағы НОтК көзделмеген, алименттің ең төмен мөлшерін қолданбай баланың мүддесін қорғауға мүмкіндік пайда болады. Баланы күтіп бағуға өндірілетін, ата-ана жалақысының немесе табысының үлесін көбейту баланы күнкөрістің ең төменгі деңгейімен қамтамасыз ететін және бір мезгілде ата-анаға өзін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат қалатындай үлгіде жүргізілуі тиіс (басқа ата-анадан қаражат алуды есепке алумен). Егер ата-ананың жалақысы немесе табысы, ол ата-ананы да, баланы да қамтамасыз ету мүмкін болмайтындай соншалықты төмен болса, сот жалақыны немесе табысты бөлуді баланың мүддесін артығырақ қорғау қағидатына сүйене отырып жүргізуі тиіс.
Өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағатын ата-аналардың міндеті ата-аналарда күтіп-бағуға ұсыну үшін қажетті қаражаттың болуына байланысты қойылмайды. Демек, осы қаражат жетіспеген кезінде сот төлеушінің жалақысы немесе табысын, ең бірінші баланы қамтамасыз ететіндей, бірақ бір мезгілде төлеушінің күнкөріс қаражатынан айырмайтындай үлгіде бөлуге тырысуы керек. Мысалы, барлық жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңелетін болса, сот төлеушінің жалақысының екінші бөлігі төлеушіге қалатындай баланы күтіп бағуға төлеушінің жалақысының 1/2 бөлігін өндіруі мүмкін.
Баланың мүдделерін артықшылықты қорғаудың қажеттілігі кәмелетке толмаған бала жұмыс істеуге қабілетсіздігімен, өзін күнкөріс қаражатымен қамтамасыз ете алмайтындығымен түсіндіріледі, сонымен бірге оны атаанасы өздерінің материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан алименттің мөлшерін көбейту туралы мәселені шешу кезінде мұндай жағдайларда әрқашан өзге де назар аударуды қажет ететін мәнжайлар ескерілуі тиіс.
Мысалы, егер табысы төмен ата-ана, өзі де жасы немесе денсаулық жағдайы бойынша еңбекке қабілетсіз болып табылса, оның табыс алу мүмкіндігі едәуір шектелген. Мұндай жағдайларда сот еңбекке қабілетті төлеушінің мүдделерін қорғауға қарағанда, оның мүдделерін қорғауға баса назар аударуы тиіс.
Тараптардың отбасылық жағдайлары төлеушінің отбасында заң бойынша күтіп-бағуға міндетті адамның болуымен түсіндіріледі. Мысалы, төлеуші алимент төлеген басқа кәмелетке толмаған балалары немесе кәмелетке толған еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің болуы. Балаға алимент төлейтін ата-ананың отбасында сондай-ақ алимент алуға құқығы бар басқа адамдардың болуы балаға алимент төлеу кезінде алимент төлеуші адамның жалақысы немесе табысы оның өзін және ол алимент беруге міндетті барлық адамдарды күтіп-бағуға жеткіліксіз болуы мүмкін. Осылайша, көрсетілген мағынадағы төлеушінің отбасылық жағдайы әрқашан оның материалдық жағдайына ықпал етеді. Төлем төлеушінің материалдық және отбасылық жағдайының өзгеруі жағдайларының бірі онда жасы кәмелетке толмаған балалардың бары болып табылады. Балалардың онымен бірге немесе бөлек тұратындығына, сонымен қатар оларды ерікті түрде немесе сот тәртібінде асырап-бағатындығына байланыссыз ата-анадан теңдей асырап-бағу алуға құқығы бар. Сондықтан, егер мысалы төлем төлеуші бұдан бұрын бір балаға жалақысының немесе табысының 1/4 бөлігін төлесе, онда басқа некеден екінші баланың пайда болуы алименттің мөлшерін 1/6 дейін төмендетуге негіздеме болып табылады. НОтК 139-бабының 1-тармағына сәйкес екі балаға төлем төлеушінің жалақысының немесе табысының 1/3 бөлігін өндіріп алуға жататындықтан, балалардың әрқайсысына 1/6 бөлігі келуі тиіс.
Керісінше, бір немесе бірнеше кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату қалғандарын күтіп-бағуға өндіріп алынатын алименттердің мөлшерін ұлғайтуға әкеледі. Сонымен, балалардың бірінің жасы кәмелетке толғанда екінші балаға өндіріп алынатын алименттердің мөлшері 1/6-дан 1/3-ке дейін ұлғаяды
Егер кәмелетке толмаған балаларға алимент төлейтін ата-ананың отбасында ол заң бойынша күтіп-бағуды ұсынуға міндетті және нақты оның асырауындағы (еңбекке қабілетті емес мұқтаж ата-ана, жұбайы және т.б.) басқа адамдар бар болса, алименттерді төлеу оның материалдық жағдайының едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін, ол тіршілік ету үшін өзін қамтамасыз ете алмауы мүмкін. Бұл да алимент мөлшерін төмендету үшін негіз болып табылады. Отбасының бір немесе бірнеше еңбекке қабілетті емес, мұқтаж мүшелеріне қатысты міндеттерді тоқтату (олардың қайтыс болуы нәтижесінде, еңбекке қабілеттіліктің қалпына келуі, материалдық жағдайдың жақсару және өзге негіздер бойынша) өз кезегінде НОтК 139-бабы 1- тармағында көзделген деңгейге дейін кәмелетке толмаған балаларға алименттердің мөлшерін ұлғайтуға әкеледі.
Баланың материалдық және отбасылық жағдайы әдетте алимент мөлшерін өзгерту үшін негіздеме болып табылмайды. Балада екінші атаананың болуы және оның қамтамасыз етілуі деңгейі басқа ата-анадан алименттер мөлшерін анықтау кезінде назарға алынбайды, өйткені ата-аналар бір-біріне тәуелсіз өздерінің кәмелетке толмаған балаларына асырап-бағуды ұсынуға міндетті. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу міндеті баланың өзінің материалдық жағдайына байланысты емес. Егер балалардың едәуір мүлкі (үй, пәтер, саяжай) бар болған жағдай да алименттің мөлшері төмендетілуге жатпайды, өйткені осы мүлік табыс алу үшін емес, баланың пайдалануына арналған. Алайда балада табыс әкелетін мүліктің немесе едәуір табыстардың өзге көздерінің бар болуы, мысалы кәмелетке толмаған айналысатын кәсіпкерлік қызметтен, алимент мөлшерін төмендету үшін негіздеме болып табылуы мүмкін.
Алименттің мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын сипаттайын өзге да жағдайларды назарға алуға құқылы.
Сот өзге де назарға алатын жағдайлар бар болған кезде ата-ана жалақысының кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға өндіріп алынатын үлесінің мөлшерін өзгерту туралы шешім қабылдауға міндетті. Мұндай жағдайларға, мысалы төлем төлеушіде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектің болуы жатады. Мүгедектік өз алдына адамның өзін асырап-бағуға шығындарының едәуір ұлғаюына әкеледі. Бірінші топтағы мүгедектер бөтен адамдардың күтіміне мұқтаж, оны төлеуге олардың табысының едәуір бөлігі жұмсалады. Осыған байланысты НОтК 139-бабы 1-тармағында көзделген мөлшерде алиментті төлеу оларды қиын жағдайға душар етуі мүмкін
НОтК 175-бабы 1-тармағының нормаларын талдау келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тараптардың материалдық жағдайының өзгеруі алимент алушының немесе төлеушінің мүліктік жағдайының жақсаруын да, нашарлауын да білдіреді.
Нәтижесінде алиментті алушы материалдық көмекке мұқтаж болуы тоқтатылатын алиментті алушының (өзінің ата-анасынан алимент алатын кәмелетке толмаған балалардан, және өздерінің күйеулерінен немесе бұрынғы күйеулерінен жүктілігі кезеңінде және бала үш жасқа жеткенге дейін алименттер алатын әйелдерден басқа) материалдық жағдайының жақсаруы алименттік міндеттемені тоқтату үшін негіз болып табылады.
Егер төлем төлеуші оларды төлеу үшін қажет қаражаты болған кезде ғана алимент төлеуге міндетті болған жағдайда ғана алимент төлеушінің материалдық жағдайының нашарлауы алименттік міндеттемелерді тоқтату үшін негіздеме болып табылады. Егер төлем төлеуші жеткілікті қаражаты болуына байланыссыз алиментке құқығы бар адамды асырап-бағуға міндетті болса, төлем төлеушінің материалдық жағдайының нашарлауы алимент мөлшерінің төмендетілуіне ғана әкелуі мүмкін.
Отбасылық жағдайдың өзгеруі отбасында төлем төлеушінің немесе алиментті алушының пайда болуын, олар заң бойынша олардың күтіп-бағуға міндетті және олардың асырауындағыларды білдіреді. Алиментті төлеушіге қатысты оған заң бойынша күтіп-бағуды ұсынуға міндетті адамдар құрамының өзгеруі есепке алынады. Алиментті алушының отбасы құрамында оған қатысты бірінші кезекті алиментке міндетті тұлғалар болып табылатын адамдардың пайда болуы екінші кезекті алиментке міндетті тұлғалардың алименттік міндеттемелерінің тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Алиментті алушының отбасы құрамында оған күтіп-бағуды ұсынуға міндетті өзге тұлғалардың пайда болуы алиментті төлеушінің талабы бойынша ол төлейтін алименттердің төмендетуге әкелетін жағдай ретінде есепке алынуы мүмкін.
Сонымен алименттік міндеттеменің негіздемесі алиментті алушы мен төлеушінің арасындағы жеке отбасылық байланыс болып табылады, сондықтан кәмелеттік жасқа толған алиментті алушының лайықсыз мінезқұлқы жағдайында алиментті өндіріп алу өзінің моральдық негіздемесін жоғалтады. Алиментті өндіріп алудан бас тарту жауапкершілік шарасы болып табылады және алиментті алушының кінәлі мінез-құлқы жағдайында ғана қолданылады. Қасақана қылмыс ҚК нормаларымен көзделген және тікелей, сондай-ақ жанама оймен жасалған кез-келген қылмысты білдіреді. Лайықсыз мінез-құлық әкімшілік немесе өзге құқық бұзушылықтарды жасауды, сонымен қатар жалпы қабылданған мораль нормаларын бұзуда көрінеді .
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот актісі алимент мөлшерін азайту туралы
86 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі алимент мөлшерін азайту туралы талап
65 рет жүктеп алынды -
Шешім алимент мөлшерін азайту туралы
66 рет жүктеп алынды -
Шешім өндіріліп жатқан алимент мөлшерін төмендету
69 рет жүктеп алынды