Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту) туралы

Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту) туралы

Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту) туралы

Өндіріп алынатын алименттің мөлшерін азайту (көбейту) туралы

Соттар НОтК 139-бабы 1-тармағы және 175-бап 1-тармағы негізінде берілген алимент мөлшерін азайту (көбейту) туралы талап-арыздарды қанағаттандыратынын көрсетті.

Осылайша бірқатар жағдайларда соттар баланың материалдық жағдайын нашарлатуға бағытталған алимент мөлшерін азайтуды өтініп сұраушы талапкердің адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне куә болудабасқа жағдайдарда соттар неке-отбасылық зағнаманың тиісті нормаларын іс жүзінде қолдана отырып, талап-арыздарды қанағаттандырады.

Сот шешімімен Д.Е.ұлы С.тың Ж. Ж.қызы З.ваға қатысты алимент мөлшерін азайту туралы талап-арызынан бас тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан аудандық сотының сот бұйрығы бойынша Д.Е. С.дан Ж.Ж. З.аның пайдасына 2009 жылғы 16 қарашада дүниеге келген баласы С.Е.ваны күтіп-бағуға жалақысының барлық түрінен және өзге де табыстарынан ¼ мөлшерде алимет өндіріп алынғаны анықталды. Борышқор «Мөлді су» ШЖҚ МҚК-да жұмыс істейді, оның орташа айлық жалақысы 35 358 теңгені құрайды. Борышқордың жалақысынан 25 пайыз мөлшерінде алиментті ұстап қалу 2012 жылғы қараша айынан жүргізіледі. Бұл жалақы туралы анықтамада және СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің Уәлихан аумақтық бөлімінің орындаушысының жауабында көрсетілген. Е.ова С.Д. ай сайын ақылы түрде 5000 теңге сомасында «Ақбота» шағын орталығына барып жүр.

Талапкер бір баланы күтіп-бағуға алимент мөлшерін алтыдан бір бөлікке азайтуды сұрады, осыған орай талапкер алимент мөлшерін азайту үшін негіз ретінде ол үшін өндірілетін алимент мөлшері ауырлық келтіретініне ғана сілтеме жасады, себебі ол асырауында екінші бала бар, балаға күтім жасап қарап отырғандықтан жұбайы жұмыс істемейді.

Бірінші сатыдағы сот алимент мөлшерін азайту нәтижесінен олармен бірге тұратын екінші баланың мүліктік жағдайымен салыстырғанда бірінші некеден туған баланың мүліктік жағдайы төмендемеуі қажет деп санап, келтірілген дәлелдерге назар аударған жоқ.

Сот заң шығарушылардың балаларды күтіп-бағуға өндірілітен алименттің ең шектік мөлшерін белгілей отырып, әрбір бала тең дәрежеде күтіп-бағылуы қажет деген қорытындыдан шығарғын көрсетті.

Талапкер күтіп-бағуға төлейтін алимент баланың мүліктік жағдайын салыстыру кезінде 35 358 теңге жалақының төрттен бір бөлігі 7659 теңгені, алтыдан бір бөлігі 5893 теңгені құрайтынын анықтауға болады. Талапкердің әрбір асыруындағы бала үлесіне және оны күтіп-бағуға 5893 сомасын алып тастағанда 9821 теңге шығады.

Осыған орай сот талапкердің талаптары бірінші және екінші некеден туған балаларды тең дәрежеде қарастырмайтынын ескерді және алимет мөлшерін азайту нәтижесінде олармен бірге тұратын екінші баланың мүліктік жағдайымен салыстырғанда бірінші некеден туған баланың мүліктік жағдайы төмендемеуі қажет.

Сот жауапкердің екінші некеден туған бала талапкермен бірге тұрады және оның мүліктік жағдайы оның баласымен салыстырғанда оның мүліктік жағдайы төмендемеген деген дәлелдеріне көңіл аударды.

Сот, Әділдік критериилерін және талапкердің барлық балаларының мүдделерін ескеріп, соңғы талап-арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Тағы бір мысалы, Астана қалалық соттың апелляциялық сот алқасы осы соттың өзгеріссіз қалған кассациялық сатысы Е.И. С.Г.К. А.аға қатысты алимент мөлшерін азайту туралы талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Осы істі қарау барысында апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2009 жылғы 3 шілдедегі сот бұйрығы бойынша Е.И. С.дан Г.К. А.аның пайдасына 2007 жылғы 9 ақпанда дүниеге келген баласы И.Е. А.діні күтіп-бағуға жалақысы және өзге де табыстарының ¼ мөлшерінде алимент өндіріп алынды. Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2014 жылғы 13 ақпанындағы сот бұйрығы бойынша Е.И. С.адан Г.К. А.ның пайдасына 2014 жылғы13 ақпанда дүниеге келген баласы И.Е.А.діні күтіп-бағуға жалақысы және өзге де табыстарының ¼ мөлшерінде алимент өндіріп алынды. Талапкер алимент мөлшерін азайту туралы талап қойды, себебі одан өндірілетін алименттің жалпы мөлшері заңмен белгіленген 33%мөлшерден артық және 50 % құрайды.

Осы жағдайда, апелляциялық сот сатысы сот шемінің күшін жоя отырып, алимент мөлшерін азайту туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тарта отырып, өндіріп алушының пайдасына А.С. С.дан өндірілетін алименттің жалпы мөлшері оның жалақысының 50% пайызынан аспайды. Бұдан бөлек, сот ұлын бағып-күтуге алименттен басқа тұрақты жұмыс орыны, жалақысы, өзге де табыс көздері жоқ, бөлме жалдап тұратын жауапкер Г.К. А.аның материалдық жағдайын ескерді.

Апелляциялық сатыдағы сот материалдық қиыншылықтарға сілтеме жасап талапкердің дәлелдерін қабылдаған жоқ, себебі ол ай сайын кредит төлейді, ол және жауапкер А.С. С.амен бірге тұратын баласы бірінші баласына қарағана анағұрлым қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар «12750 әскери бөлім» ҚР ҚМ РММ жұмыс орнынан берілген анықтамасына сәйкес, талапкердің 2014 жылғы шілде-желтоқсан айлары аралығындағы орташа жалақасы 203 262 теңгені құрайды. Жалақыдан 25% шегінде жауапкер Г.К. А.ға есептелетін алиментті ұстап қалғаннан кейін талапкер жалақысының 75% көбі өзінде және отбасында қалады, себебі А.С. С.аның пайдасына ұстап қалған алиментке қарамастан талапкер Е.И. С.сов және жауапкер С.ова А.С. бірге тұрады, ортақ шаруашылықты жжүргізеді, ортақ бюджеттері бар, ұлын бірге өсіріп жатыр, талапкер ұлын бағып-күтуге үлес қосуда.

Бұл орайда кәмелетке толмаған, өзімен бірге тұратынекінші баласы Е.Е.ұлы И. бағып-күтуге талапкер жалақысының және өзге де табыстарының ¼ мөлшерінде алимент төленетін Амангелді Еркенұлы Иманжүсіпке қарағанда анағұрлым материалды аз қамтылғанына дәлелдемелер АПК-нің 65 бабы және 66-бабы 1-бөлігі тәртібінде ұсынылған жоқ.

Бұдан бөлек, А.С. С.ның пайдасына жалақы және өзге де табыстардан ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы Астана қаласының Алматы аудандық сотының екінші сот бұйрығын талапкер тарапынан белгіленген заңдық тәртіпте шағымдалған жоқ.

Талапкердің жалақысын өндіріп алу өтініші туралы сот орындаушысының қаулысы шыққаннан кейін, С.Е.И. осы алимент мөлшерін азайту туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере келе жоғары сатыда тұрған соттар, А.С. С.ның талапкерден алимент өндіріп алу туралы талап-арызды беруді өзінің жұбайының материалдық жағдайын төмендету және жауапкер Г.К. А.ның келесі алиментін азайту үшін бастамашылық жасаған деген қорытындыға келді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.