Үй жануарларымен келтірілген моральдық зиянды өтеу
Үй жануарлары адам бақылауында сол уақытқа дейін бақылау жүзеге асырылатын кезде. Мысалы, өзінің иесінен он метр қашықтықта неме мүлдем иесіз қыдырып жүрген ит бақылаусыз деп санауға болады, сәйкесінше, ол қауіпсіздігі жоғары көз ретінде қарастырылады.
Қостанай облысының Қостанай аудандық сотының шешімімен 2015 жылы 9 сәуірде Н.Г.К-тан А.М.Х-ның пайдасына 15 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілді.Талапкер жұмыстан қайтып бара жатқанда үй ауласынан екі ит жүгіріп шығып, оның сол жақ аяғын тістеп алған. Содан кейін жауапкер үйден шығып иттерді кіргізіп байлап тастаған.Жауапкер иттерге дұрыс қарамағандығы үшін әкімшілік жауапкешілікке тартылған.Талпкердің денсаулығына зиян келтірілген,қорқып және жағымсыз сезімде болған.
Моральдық зиян тек жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуына болуы мүмкін, оны өтеу үшін АК-тің 951 бабына сәйкес жәбірленушіге жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың бұзылуын дәлелдеу қажет.
Әрекеттер (әрекетсіздіктер) салдарынан азаматтың мүліктік құқықтарын бұзумен келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды. Астана қаласының Алматы аудандық сотымен , апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер А.Ф.Ис-ың жауапкер «БТА Ипотека» АҚ «БТА Банк» АҚ-нан моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған. Талапкер банк келісім бойынша несие соммасын өндіру кезінде оның алдында несиені жабу үшін тапсырылған қозғалмайтын мүлік келісім шартына қарамастан заңсыз әрекетттеімен оған және оның отбасына моральдық зиян келтірілгенін көрсеткен. Сот талапкердің арызына бас тарту кезінде АК-тің 951-бабы 4-бөлігін, яғни заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайтындығын көрсеткен.
Атырау қалалық сотының шешімімен ,апелляциялық сот алқасымен өзгерісіз қалдырылған, талапкер К.У.Ж-зин ЖК-нің жауапкер М.Д.П-аға материалдық залал және моральдық зиянды өндіру туралы келтірген арызын жартылай қанағаттандырған, моральдық зиянды өтеу бөлігінде.
Іс мән жайы бойынша, Атырау қалалық сотының шешімімен 2015 жылы 2 ақпанда Т.С.У-ның жауапкер К.У.Ж-зин ЖК-ге материалдық залал және моральдық зиянды өндіру туралы келтірген арызын жартылай қанағаттандырған.Қаулы етті: К.У.Ж-зин ЖК-нен Т.С.У-аның пайдасына 473 200 теңге мөлшерінде материалдық залалды және 50 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген. Сот актілеріне сәйкес 2014 жылы 14 эелтоқсанда Т.С.У-ова «Пицца Хаус» кафесіне келіп, норкалы шубасын гардеробқа тапсырған, шубаны ол 14 күн бұрын 2600 АҚШ долларына сатып алған. Кафе қызметкерімен аталған шуба басқа тұлғаға К.У.Ж-зин ЖК-ге берілген. Құрылған сот актілеріне сәйкес орындау кезінде Т.С.У-аева К.У.Жумагазин ЖК-ден 626 243 теңге мөлшерінде ақша алынып, ол жөнінде қолхат жазылған. М.Д.П-аға киімді басқа тұлғаға бергені үшін қатаң ескерту жасалған. АК-тің 933 бабы 1 пунктісіне сәйкес басқа адамның (еңбек (қызмет, лауазымдық) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң, көлiк құралын жүргiзушi адамның және т.б.) келтiрген зиянды өтеушiнiң, егер заң актiлерiнде өзгеше мөлшер белгiленбесе, төленген төлем мөлшерiнде осы адамға керi талап қоюға (регресс) құқығы бар.
Сот талапкердің онымен төленген 626 243 теңге мөлшеріндегі ақшаны кері талап етуін негізде деп тауып, арыздың осы бөлігін қанағаттандыруға жататды деп санады. Моральдық шығынды өтеу бойынша талапкердің талабын сот АК-тің 951 бабына сүйеніп, Парихованың әрекетімен оның мүліктік емес құқытарының бұзылмағанын анықтады.Ал Т.С.У-аға төленген ақаша сомасы мүліктік құқықтық арым қатынасқа жататындығын атап өтті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
59 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
56 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
54 рет жүктеп алынды