⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Хабархат, хабарлама Пошта туралы Заңы

20-бап. Хабархат, хабарлама Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Хабархат, хабарлама Пошта туралы Заңы 

       1. Тіркелетін пошта жөнелтілімі межелі жері бойынша келіп түскені туралы хабархат пошта жөнелтілімін алушының электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық тәсілмен жіберіледі, электрондық абоненттік пошта жәшігі болмаған жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі болған кезде хабархат соған жіберіледі не қағаз жеткізгіште абоненттік пошта жәшігіне және (немесе) абонементтік жәшікке дейін жеткізіледі.  

      2. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама пошта байланысының қосымша көрсетілетін қызметі болып табылады, ол үшін жөнелтушіден тіркелетін пошта жөнелтілімін қабылдаған кезде төлемақы алынады және алушыға тіркелетін пошта жөнелтілімі табыс етілген кезде жөнелтушіге кері жіберіледі. 

      3. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алу туралы хабарламаны ресімдеу және жіберу қағаз жеткізгіште не электрондық абоненттік пошта жәшігі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады. 

      4. Адресаттың пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама үшін тарифті жөнелтуші пошта операторының квитанциясын ала отырып, алдын ала төлейді. 

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы