Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Ана-ана құқығынан айыру, қайта қалпына келтіру немесе шектеу

Ана-ана құқығынан айыру, қайта қалпына келтіру немесе шектеу

Ана-ана құқығынан айыру, қайта қалпына келтіру немесе шектеу

Ана-ана құқығынан айыру, қайта қалпына келтіру немесе шектеу

Шығарылған сот актілерінен анықталғандай, соттар жоғарыда келтірілген заң талаптарын және ҚР Жоғарғы Сотының басшылыққа алынған нормативтік қаулының түсіндірмесін толық көлемде сақтайды. Көп жағдайларда осыған ұқсас санаттағы іспен сотқа жүгіну ата-ананың балаға қатысты өз ата-аналық міндетін орындауды тоқтатумен байланысты.

Сонымен бірге, соттар қажетті жағдайларда осындай өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту туралы дұрыс шешім қабылдады, себебі осындай ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арыздарды қанағаттандыру үшін заңда белгіленген нақты себептер қажет.

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Марат Ғайсаұлы Садуовтың Мадина Слямқызы Даулетқұловаға қатысты 2005 жылғы 19 маусымда дүниеге келген, кәмелетке толмаған бала Ілияс Маратұлы Садуовқа қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы талап қою талаптарын қанағаттандырудан келесідей негіздермен бас тартылды.

Сотқа С.ов М.Г. 2005 жылғы 19 маусымда дүниеге келген, кәмелетке толмаған бала І.М. С.тың анасы М.С.қызы Д.аны ата-ана құқығынан шектеу туралы талап-арызымен жүгінген. Ол 2005 жылғы 29 қаңтарда жауапкермен некеге тұрғанын және бұл некеден Ілияс М.ұлы С.ов дүниеге келгенін айтты. Бірге өмір сүру мүмкін болмады, себебі 2006 жылдан бастап Д.ва М.С. діни ағымда болған, ол балаға қарауды қойған, бірнеше рет баланы пәтерде жалғыз қалдырып кеткен. Төрт жылғы өтініш және жұбатулардан кейін ол оны үйден қуып шығуға мәжбір болады. 2011 жылғы 15 сәуірде неке бұзылған. 2011 жылғы 3 тамызда М.С. Д.мен баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесі бойынша бейбіт келісім жасалған. 2012 жылғы 27 қаңтарда соттың баланың әкесімен бірге тұратыны туралы шешімін бұзған. Ол 2012 жылғы 16 наурызда оқу жылын аяқтауға мүмкіндік бермей, баланы мектептен ұрлап кеткен. Мемлекеттік сот орындаушысы соттың шешімін бұзғаны үшін М.С. Д.аны ҚР ҚК-нің 362-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс жазды. 2013 жылғы наурыздан бастап Д.ва М.С. баламен араласу тәртібі туралы қамқоршылық кеңесінің ұйғарымын бұза бастады, осыдан кейін ол сотқа талап-арыз берген, нәтижесінде әкесімен араласу күн ретінде жұмадан жексенбіге дейінгі уақыт танылды. Бірақ жауапкер сот шешімін қайта бұзып, баласы оқитын №64 мектептен оны құжаттарымен бірге алып кеткен. Қазіргі уақытта бала ешқайда оқымайды. Бұл 2014 жылғы 22 қаңтардағы Астана қаласы Балалар құқығын қорғау жөніндегі басқарманың жауабымен расталды. Балаға қатысты М.С. Д.ның барлық әрекеті, сондай-ақ, психологтың бала қорқынышта өмір сүруде, оның ішкі күйзелісі ортадан жоғары деген қорытындысы баланың жауапкермен бірге болу қауіптілігін растайды және оның әрекеті «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы құқығы туралы» ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес келеді.

Ата-аналар, яғни даудың тараптары М.Г. С.ов пен М.С. Д.аның арасындағы кәмелетке толмаған ұлы М.С. С.ың тұрғылықты жері туралы келісімге қол жетпегендіктен, бұл дау сот тәртібінде төрт рет қаралған.

Осылай, Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аударалық соты М.С. Д.ның М.Г. С.қа қатысты талап-арызы бойынша тараптар арасында бейбіт келісім жасады, баланың тұрғылықты жері ауысу бойынша екі жақта анықталды.

2012 жылғы 27 қаңтардағы осы соттың шешімімен М.Г. С.тың М.С. Д.аға қатысты талап-арызы және М.С. Д.ның М.Г. С.қа қатысты баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талапарыз бойынша Ілияс С.тың тұратын жері оның мекенжайы бойынша әкесімен 2012 жылғы 1 тамызға дейін анықталды.

М.Г. С.ың М.С. Д.ға қатысты талап-арызы бойынша сот шешімімен бала анасымен бірге тұратын болды. М.Г. С.тың М.С. Д.ваға қатысты баламен араласу тәртібін анықтау туралы талап-арызы бойынша соттың соңғы шешімімен әкесінің баласымен араласу тәртібі анықталды.

ҚР АПК-нің 71-бабы 2-бөлігіне сәйкес бұрын қаралған іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысымен белгіленген мән-жайлар соттар үшін міндетті. Көрсетілген мән-жайлар қайта дәлелденбейді және сол бір тұлғалар қатыстатын басқа істі қарау кезінде шағымдауға жатпайды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен М.Г. С.тың М.С. Д.ваға қатысты баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап-арызы бойынша мынадай мән-жайлар анықталды: М.Г. С.тың М.С. Д.аның діни ағымда болғаны туралы дәлелі расталған жоқ, М.С. Д.ваның психикалық жағынан ауыратынын растайтын негіздер жоқ, сондай-ақ, бала анасына қатты үйір, Ілиястың пікірінше, ол анасымен бірге тұрғысы келеді.

Сот осы мән-жайларды баланың тұрғылықты жерін анықтау барысында ескерді. Көрсетілген мән-жайлар қайта дәлелденбейді және шағымдауға жатпайды, бұларға алдыңғы сот шешімдерімен баға берілді. Сот, ҚР АПК-нің 77-бабының талаптарына сәйкес жазбаша дәлелдемелердің жиынтығымен бірге іске қатысушылардың түсініктемелерін бағалай келе, баланың мүддесіне сәйкес келмейтін бұрынғы ерлізайыптылардың арасында көп жылдар бойы ауыр тұрмыстың салдарынан пайда болған ата-аналардың жағымсыз қарым-қатынастары, олардың арасындағы өзара түсінушіліктің және баланың мүддесі үшін келісімге келуге ниеттерінің болмауы сотқа жүгінуге негіз болған деген қорытындыға келді.

Бұдан бөлек, талапкер сотқа жауапкердің баланың психикалық және физикалық денсаулығына, оның рухани дамуына зиян келтіретіндей өмір сүру салтын растайтын дәлелдер ұсынған жоқ. Жауапкердің баланың өміріне, денсаулығына және тәрбиесіне қауіп төндіруге әкеп соғаты жүріс-тұрысын растайтын дәлелдер жоқ. Керісінше, З.К. К.тың айғақтары бойынша, бала үздік оқыған, жүріс-тұрысы жақсы болған, сабақтан қалмаған, сыртқы түр-келбеті тиянақты болған. Бұл ананың балаға деген тиісті қамқорлығын көрсетеді.

Демек, жауапкерді ата-ана құқығынан шектеуге еш негіз жоқ. Осылайша, сот талап қою талаптары негізсіз және ауытқуға жатады деген қорытындыға келді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.