Ақшалай нысанда моральдық зиянды өтеу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабы 1-тармағына сәйкес адма қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 18-бабы 1 және 2 тармақтарына сәйкес әрбір өз жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияға, ар намысы мен қадір қасиетінің қорғалуына құқылы.
ҚР Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес азаматтық құқықтардың сотпен қорғалу тәсіліне моральдық зиянды өтеу жатады.
Келтірілген моральдық зиян үшін Заң минималды не белгілі мөлшердегі көлемді белгілемейді. Өтеу мөлшерін белгілеу кезінде соттар заңның азаматтық нормаларымен қарастыратын жалпы ережелерден тағайындайды. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін сот Қазақстан Республикасы АК-нің 6 бабының ережелері бойынша белгілеуі тиіс және адалдық, парасаттылық пен әдiлеттiлiк талаптары негiзге алына отырып белгiленедi.
Моральдық зиянды өтеу туралы арыздардың туындауына жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген жан азабы немесе тән азабынан залал шегунен пайда болады, оны талапкер сотта зиян келтірушінің кінясінің дәрежесін дәлелдеуі тиіс. Және де кінә жауапкершіліктің міндеті боп табыла бермейді. Арыздың мәні талапкердің ақша нысанындағы зиянды өтеу субъектілік құқығы болып табылады.
Моральдық зиянды өтеуді мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асыруға болмайды. Өтеудің мақсаты-жәбірленушінің ақшалай шығынын өтеу емес, материалдық емес игілікке келтірілген моральдық зиянды өтеу болып табылады. Дамыған құқықтың спецификасының ортасында өзінің мүдделері және қызығушылықтарымен, өз бостандығымен адам бар. Сондықтан моральдық зиянды өтеу туралы нормаларды жеке адамзаттың мүдделері және мұқтаждықтарымен байланыстыру қажет.
Арыз мазмұны жасалған әрекеттер туралы талапкердің сұрауынана құаралады: моральдық зиянды өтеу туралы талапкердің құқығын тануды, моральдық зиянның өтеу мөлшерін белгілеуді, жауапкерден зиянды өндіруді. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін белгілеу кезіндегі критерилер заң шығарушымен белгіленген (АК-тің 952-бабы): жәбiрленушiнiң iзгiлiк қасиетiне келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективтi түрде бағалау да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тимеуi және т.б.) өмiрлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке әкеп соққан дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызмет, отбасы, тұрмыс, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi.
2001 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Моральдық зиянды өтеу жөнінде соттармен заңды қолдану туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе олардан айырудан туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет деп түсіндірілген. Осы нормативтік қаулыда азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарына және игілігіне, моральдық зиянды өтеу туралы мәселелерге түсініктемелер берілген.
Зиян келтіруші келісімне сырт күйде болады, және ол ақшалай төлем арқылы моральдық зиянды өтеуі тиіс. Өтеудің мақсаты болып моральдық зиянды өтеу болып табылады, ал өтеу мөлшері азаматқа келтірілген тән және жан азабының көлемімен белгіленеді. Жан азабы зиянынң өтелу мөлшері сотпен мүліктік залалдың болуынан тәуелсіз жеке қаралуы мүмкін.
Азаматтың жеке мүліктіктік емес құқықтарының бұзылуымен байланысты нақты жағдайлары сотпен ескеріліп моральдық зиянда ақшалай өтеу мөлшері тағайындалса, оны әділетті әрі толық деп санауға болады. Жіне сотпен тағайындалған талапкердің келтірген талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі негізді болып саналады.
Моральдық зиян мөлшерін белгілеу кезінде соттар жұмыскер мүгедек болып қалған жағдайдағы ауруға аса назар аударады. Сонымен қатар моральдық зиянның мөлшерін белгілеу кезінде жұмыскердің мүгедек болуына әкеп соқтарған жарақаттың дәрежесіне, жұмыскердің жарақат алуындағы өзінің кінәсіна, ұжымдық келісм шарттқа сәйкес жарақатты алған соң жұмыскер қандай әлеуметтік жеңілдіктер алғанына, қайтыс болған тұлғаладың туыстарына көрсетілетін әлеуметтік және материалдық көмек ретінде жасалатын төлемдерге соттар есепке алады.
Моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға талап мерзімі қолданылмайды, себебі олар жеке мүліктік емес құқықтардан және материалдық емес игіліктердіе туындайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
64 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
56 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
55 рет жүктеп алынды