Ата-ана құқықтарынан айыру туралы
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар балалардың мүдделерімен үйлесімде балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың табиғи құқықтарымен және қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттемелерімен байланысты жеке-жария, құқықтық сипаттағы өзара қарым-қатынастардың кең спектрін қамтиды.
Осыған байланысты осы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық базаға негізінен мынадай нормативтік құқықтық актілер кіреді:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы (37-бап);
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы кодексі;
- «Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 Нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен).
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 75-бабының талаптарына сәйкес, егер ата-аналар: ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса, өз баласын перзентханадан жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса, өздерінің ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айырылады. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады. НЕЗжОК-нің 77-бабының 1-бөлігіне сәйкес ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақыны алу құқықтарынан айрылуға әкеп соғады.
Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға, оларды тәрбиелеуге, дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге, балалардың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауы тиіс. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болуы тиіс. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Балаларды тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауы тиіс.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының және жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысының тиісті түсіндіруі дұрыс және негізді қолданылған. Бұл ретте соттар «Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы 14-тармағының ата-ана құқықтарынан айыру ең соңғы шара болып табылатыны туралы талабын толық көлемде ескерген.
Мысал ретінде, ата-ана құқықтарынан айыру туралы Е.С.Н-вқа И.Ю.К-ның талап-арызы бойынша Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 10 шілдедегі шешіміне назар аударған жөн. Жауапкер балаға қамқорлық көрсетпейтіні және оны тәрбиелеуге қатыспайтыны, сонымен қатар оған бауырмалдық сезімін көрсетпейтіні, сондай-ақ жауапкер өзін баланың әкесімін деп есептемейтіні туралы тараптардың тұжырымдары ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу үшін әлі де даусыз негіз болып табылмайды, өйткені оларды іске асырусыз ол өмір сүре алмайтын және дами алмайтын баланың өмірлік маңызды әр түрлі қажеттіліктері деп түсінілетін баланың мүдделерін қамтамасыз ету жауапкердің моральдық парызы және конституциялық міндеті болып табылатындықтан, оның тарапынан бас тартуға жол берілмейді. Оның үстіне, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әр түрлі санкциялар көзделген, олар тиісті құқықтардан айыруға ғана емес, міндеттерді шынайы орындауға мәжбүрлеуге де бағытталған. Анықтамаларға сәйкес жауапкер Е.С.Н-лов псих-наркодиспансерлерде есепте тұрмайды, бұрын әкімшілік немесе өзге, оның ішінде баланы тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылыққа тартылмаған. Сот бұл жағдайда ата-ана құқықтарынан айыру үшін заңда көзделген жеткілікті негіздер іс бойынша объективті және шынайы анықталмағанын дұрыс атап көрсеткен. Жауапкерді ата-ана құқығынан айыру кәмелетке толмаған баланың мүддлеріне сай келмейді, себебі бұл талап-арызға баланың анасы жалғызбасты ана ретінде пәтер алуға кезекке тұру мүмкіндігін алу мақсатында бастама жасаған, бұл сондай-ақ алдағы уақытта шығуға келісім алу үшін анасын жауапкерді іздеу қажеттілігінен құтылтады. Осыған байланысты, баланың әкесін ата-ана құқықтарынан айыру үшін ұсынылған дәлелдемелердің жеткіліксіздігін, сондай-ақ анықталған мән-жайлар кәмелетке толмаған баланың мүдделеріне сай келмейтінін назарға ала отырып, сот талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы негізді шешім қабылдаған.
Сонымен бірге, сот отырысында кәмелетке толмаған балаға қатысты жауапкердің әкелігі туралы тараптардың арасында дау бар екені анықталды. Тараптарға әкелікті даулау тәртібі заңды түрде түсіндірілді.
Анықталғандай, оқиғаларлың басым көпшілігіндеата-ана құқытарынан айырумен байланысты даулар бойынша талап-арызды қозғаудың бастамашысы кәмелетке толмаған балалардың ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген мемлекеттік уәкілетті органдар болады. Мұндай өтініш беру үшін талап-арыз иелері көптеген себептерді көрсетеді. Бірақ талдау, негізінен бұл тараптардың неке қатынастарын бұзуы, баланың анасымен бірге әкесінен бөлек тұруы, әкесінің баланы материалдық жағынан күтіп-бағудан жалтаруы, ата-ана құқықтарын теріс пайдалануы, созылмалы алкоголизм және нашақорлық, адамгершілік нормаларын бұзу және қылмыстар жасау, сондайақ баланың анасының жаңа некеге тұруы және басқалар болып табылатынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі табиғи құқығынан айыру туралы шешімді шығару үшін Заңда көрсетілген орынды негіздер қажет.
мысалы: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2014 жылғы 28 мамырдағы шешімімен талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды, алайда арызды қараусыз қалдыру қажет еді. Мәселен Солтүстік Қазақстаноблысы сотыныңазаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 2014 жылғы 10 маусымда 1993 жылы 30 қыркүйекте туған Армения Республикасының азаматшасы Мкртчян .Суриковнаны 2011 жылы 13 тамызда туған ұлы М-ян Вреж Г.е қатысты ата-ана құқықтарынан айыру туралы М-ян Григор Врежовичтің талап-арызы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аталп-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін арызды қараусыз қалдыра отырып, күшін жойды.
Сот талап-арызға қоса берілген Армения Республикасының азаматы паспортының көшірмесіне сәйкес Армения Республикасының азаматшасы болып табылатын 1993 жылы 30 қыркүйекте туған жауапкер М.ян К.Суриковна Қазақстан Республикасына кәмелетке толмаған жасында 2010 жылғы 4 қыркүйекте 2010 жылғы 4 қазанға дейінгі мерзімде келгенін анықтады. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2013 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен иммигранттардың Қазақстан Республикасына кіру және болу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған, содан кейін Армения Республикасына кері шығып кеткен. Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болған уақытта М-ян ..уриковна 2011 жылы 13 тамызда баласы – ұлы Мкртчян Вреж Григорьевичті туған, талапкер Г.В.М.ян ерікті түрде өзін осы баланың әкесімін деп мойындаған, бала қазіргі уақытта талапкердің отбасында, оған әкесінің және оның ата-анасы – әжесі мен атасының тарапынан тиісті қамқорлық көрсетіледі.
Көрсетілген мән-жайларда жауапкер К.С. М-ян талап-арыз берілген сәтте Армения Республикасының азаматшасы болып табылғандықтан және Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері болмағандықтан, Қазақстан Республикасының соты Қазақстан Республикасы сотының іс жүргізуіне бұл істі қабылдауға және жауапкер - басқа мемлекеттің – Армения Республикасы азаматының құқықтарын бұза отырып, оны мәні бойынша қарауға құқығы жоқ болған.
Көрсетілген мән-жайларда және ҚР АПК-нің 416-бабы 1-бөлігінің ережелерінде сот 154-баптың 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес сот осы соттың қарауына жатпайтын ретінде талап-арызды талапкерге қайтаруға міндетті, алайда мұны жасамаған, қабылдап, істі мәні бойынша қараған, бұл ретте жауапкерге қозғалған іс туралы хабарламай және хабардар етпей, берілген талап-арыздың берілген мәні бойынша жеке сот тапсырмасы арқылы жауапкерден жауап алмаған.
Сонымен қатар, сот кәмелетке толмаған балаға қатысты өзінің мінезқұлқын өзгерту қажеттілігі туралы жауапкерді ескерту туралы орындалмайтын шешім қабылдаған, ал қорғаншылық және қамқоршылық органдарына Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ Армения Республикасының азаматшасы К.С.М-ның 2011 жылы 13 тамызда туған баласы М-чян В.Григорьевичке қатысты ата-аналық міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыру міндетін жүктеген.
ҚР АПК-нің 366-бабы 1-бөлігінің 1), 4) тармақтарының талаптарына сәйкес сот шешімі егер осы істі қарауға құқығы жоқ судья қараса, сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешсе, шағымның уәждеріне қарамастан, күшін жоюға жатады.
Соттың ҚР АПК 32-бабы 1-бөлігінің, 135-бабының талаптарына сәйкес жауапкердің соңғы белгілі мекен жайы бойынша қарау мүмкіндігіне сілтемесі бұл жағдайда қолданылмайды, себебі шетелдік адамдардың қатысуымен істер бойынша іс жүргізу ҚР Азаматтық процестік кодексінің «Халықаралық процесс» деген арнайы 5-бөлімімен, «Шетелдік азаматтардың қатысумыен істер бойынша іс жүргізу» деген 45-тарауымен, ҚР АПК 416- бабының 1-бөлімімен реттеледі. Бұған қоса, Қазақстан Республикасына 1 айға уақытша кіру және кейіннен талапкердің мекен жайы бойынша жауапкердің заңсыз болуы оның соңғы белгілі мекен жайы болып табылмайды, оның белгілі мекен жайы Армения Республикасы азаматының паспортында көрсетілген тіркелген мекен жайы болып табылады.
Сонымен бірге, істің шынайы мән-жайларын анықтамай, жауапкерден жауап алмай және талап-арызда көрсетілген мән-жайларға жауапкердің қатысын анықтамай, талап-арыздан уақытынан бұрын бас тарту жауапкер Г.В.М--нға алдағы уақытта кәмелетке толмаған ұлының мүдделерінде жауапкер К.С.М-ның тұрғылықты жері бойынша Армения Республикасының сотына осыған ұқсас арызбен өтініш білдіруіне кедергі келтіреді.
Екінші инстанциядағы сот М-чян Г-Врежовичке осыған ұқсас арызбен жауапкердің тұрғылықты жері бойынша Армения Республикасының сотына өтініш білдіру құқығын түсіндірді. Жауапкер Г.В.М-ың апелляциялық шағымы дұрыс қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл ретте сот балаларды тәрбиелеумен байланысты істер бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы объективті емес, істің мән-жайларына сәйкес келмейтін қорытындыларына жол бермеу және ҚР АПК 209-бабының талаптарын сақтау мақсатында, жеке ұйғарым шығарды.
Осылайша, бірінші инстанциядағы сот, ата-ананың бірін ата-ана құқықтарынан айырудың мүмкін еместігінің мән-жайын дұрыс анықтаған, алайда процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбаған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі аналық құқығынан айыру туралы талап арызы бойынша
71 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ата-аналық құқығынан айыру туралы (2)
63 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ата-аналық құқығынан айыру туралы
75 рет жүктеп алынды