Ата-аналардың және балалардың алименттік міндеттемелері
ҚР неке және жанұя заңымен (ары қарай кодекс) «ата-аналардың және балалардың алименттік міндеттемелері» бөлігі жекеленген.
Аталған заңның 138 -бабының 1- тармағына, 139- бабына сәйкес баланың атааналары оларды асырауы қажет. Балаларды асырау формасымен жалпы ата-аналармен жеке ұйымдастыралады. Сонымен қатар баланың асырау міндеті әкесімен шешесіне бірдей жүктеледі, олардың некеде тұрғантұрмағаны ескерілмейді. Ата-аналар балаларға сыйымдылығын және еңбекке қабылеттілігін ескерілмей алимент төлеуге міндетті. Сонымен қатар ата-аналық құқығынан айрылған немесе ата-аналық құқығынан сот шешімі бойынша шектелген ата-аналар алимент төлеу міндетінен босатылмайды. Ата-ананың алимент төлеу міндеті баланың жеке меншігімен және оның өзін-өзі қамту қабылетімен байланысты емес. Егер ата-аналардың арасында балаларды материалдық қамту жөнінде келісім болмаған жағдайда алимент сот арқылы өндіріледі (заңның 138- бабы 2 - бөлігі). Сотқа алимент өндіру туралы талаппен:
А) екінші ата-ана
Б) баланың қамқоршысы
Д) баланы емдеу, тәрбиелеу, әлеуметік қорғау немесе басқа мекеме құқылы (заңның 142- бабы).
Алимент өндіру құқығы кәмелетке толмаған балаға берілгендіктен оның өкілі (өндіруші) алимент алудан немесе алимент өндіруден бас тартуға құқылы емес. Алимент төлеу келісімі болмаған жағдайда, қамқоршылық берілмеген жағдайда және сотқа талап қойылмаған баланың құқығын қорғауға қамқоршылық органдары құқылы, себебі олардың сотқа талап арыз беру құқығы заңда көрсетілген (заңның 142- бабы).
Кодекстің 139 бабында кәмелетке толмаған балаларға өндірілетін алимент мөлшері көзделген. Осы мөлшерді тағайындай келе заңшы баланың атаанасының материалдық жағдайына баланың өмір қалпы байланысты екендігін ескеріп алимент мөлшерін ата-ананың еңбек ақысынан немесе басқа табысының бөлігінен өндіруді көздеген.
Кодекстің 138 бабына сәйкес ата-ана өз кәмелетке толмаған өз балаларын асырауы қажет. Балаларды асырау формасымен қалпы ата-аналармен жеке ұйымдастыралады. Алимент төлеу туралы ата-ананың арасында келісім болмаған кезде, алимент сот арқылы еңбек ақы немесе басқа табыстың бір бала асырау үшін 1/4 , екі балаға 1/3, үш және одан көп балаға 1/2 мөлшері өндірілуге жатады.
ҚР АІЖК-ның 143- бабына сәйкес алимент өндіру туралы арыз түскен күннен үш күн ішінде сот осы арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны қайтару туралы сұрағын шешу қажет. Сот бұйрығы беріледі егер алимент өндіру туралы арыз ата-аналық құқығын даулаумен, әкелікті тану туралы арызбен немесе үшінші тұлғаны қатыстыру мәселесімен байланысты болмаса.
ҚР АІЖКның 143- бабына сәйкес сот осы кодекстің 153, 154 - бабтарын қолдана отырып бұйрық шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады және оны қайтарады. Сонымен қатар сот арызды төмендегі жағдайларда қайтарады. Егер:
- Арызданушы процессуалдық заңның соттылық туралы талаптарын орындамаған болса
- Борышкер ҚР юрисдикциясынан тыс болған жағдайда.
- Арызды дәлелдейтін құжаттар тіркелмеген болса.
- Арызға тіркелген құжаттар бойынша құқық туралы дауды шешуге мүмкүндік жоқ жағдайда.
- Арыздың формасымен мағынасы осы кодекстің 141- бабына сәйкес келмесе.
- Мемлекеттік баж төленбеген жағдайда.
- Егер АІЖК-нің 140- бабында көзделмеген талап койылған болса
- Арызға құзіретті тұлға қол қоймаған жағдайда немесе сыйымсызды тұлға қол қойған болса.
- Осы немесе басқа сотта әлде арбитраждық немесе бітімшілік сотта осы тұлғалар арасында сол дау туралы және аталған негіздер туралы азаматтық іс болса.
- Арызданушы арызды қайтару туралы талап еткен болса (арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін).
Арыз түскен күннен бастап үш күн аралығында сот осы арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны қайтару туралы сұрағын шешу қажет, егер осы арызды қабылдауға негіздер болмаса (мысалы кәмелетке толған мүгедек балаларына немесе басқа жанұя мүшелеріне алимент өндіру туралы арыз берілген болса, егер борышкер сот шешімімен немесе басқа орындау құжаттарымен басқа тұлғаларға алимент немесе басқа төлемдер төлейтін болса).
Кодекстің 144- бабына сәйкес сот алимент өндіру туралы арызды қабылдап, бірақ оның кемшіліктерін жою үшін үш жұмыс күн мерзім беріге құқылы, егер арыз кодекстің 141- бабының талаптарына сәйкес келмесе.
Мысалы: Шымкент қаласының еңбекші аудандық сотына Ж.М. И.Б-дан екі кәмелекте толмаған баласына алимент өндіру туралы арыз берген. Шымкент қаласы еңбекші аудандық сотының судьясы 14 Наурыз 2014 жылғы ұйғарымымен бұл арызды қозғалыссыз қалдырып, кемшіліктерді дүзету үшін 17 наурызға дейін уақыт берген, себебі АІЖК-ның 141- б. 2- б. 3 тармақшасында көрсетілгендей арызда борышкердің аты-жөны, оның туған күні, тұрағы ал заңды тұлғаның реквизиттері көрсетілуі тиіс. Ал арызда борышкерге қатысты мәліметтер толық көрсетілмеген, яғни оның туған күні, тұрағы және ЖНН көрсетілмеген. Егер борышкердің тұрағы белгісіз болған жағдайда оның соңғы тұрған жері көрсетілуі қажет. Арызданушының сот талаптарын орындамағандықтан сот өзінің 17 Наурыз 2014 ұйғарымымен арызды арызданушыға қайтарған.
Келесі мысал: Б.Д. Б.А.-дан 27.04.2013 жылы туған баласына алимент өндіру туралы сотқа арыз берген. Сот 14.03.2014 ұйғарымымен АІЖК-ның 141- б. 2 б. 3- тармақшасына сілтеме жасай отырып, сонымен қатар арызда борышкердің аты-жқні, туған күн, тұрағы, заңды тұлғаның реквезиттері көрсетілмегендей келе арызды арызданушыға қайтарған.
Яғни, бұл сәтте сот АІЖК-ның 144 -бабын қолданбай арызданушыға кемшеліктерді жоюға мерзім бермеген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (2)
57 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (3)
61 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін
63 рет жүктеп алынды