Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Ата-аналарды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы

Ата-аналарды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы

Ата-аналарды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы

с

Мәселен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 145-бабында кәмілетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері көзделген.

Көрсетілген нормалардан еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті екендігі көрсетілген.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Балалардың әрқайсысынан өндіріп алынатын алименттің мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.

Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот балалардың бәріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.

Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық міндеттерін орындаудан бұрын жалтарғанын анықтаса, балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері балалардың ата-аналары алдындағы міндеттері сияқты айқындалады.

Жоғарыда көрсетілген баптан балалардың ата-аналарын күтіп-ұстау жөніндегі міндеттері ата-аналардың еңбекке жарамсыздығы және олардың көмекке мұқтаждығы жағдайлары бір уақытта болған кезде ғана туындауы мүмкін.

Алушының еңбекке жарамсыздығы медициналық критерийлер (мүгедектік) немесе жас белгілері (зейнеткерлік жасқа жету) бойынша айқындалады. Кәсіби тұрақты жұмысқа қабілеттілікті толықтай жоғалтқан адамдар I және II топтағы мүгедектер деп есептеледі.

Мұқтаждық қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларда адамның қалыпты тыныс-тіршілігі үшін қажет қаражаттың жетіспеушілігін білдіреді. Оны сот ең төмен күнкөріс деңгейіне, яғни адамның материалдық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейіне қарай анықтайды, онда өмірге деген сенімін қалпына келтіру үшін жағдай жасау сақталады. Бұл ретте іске қатысты барлық факторлар (отбасы жағдайы, емделуге жұмсалған шығындар, бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу және т.б.) назарға алынады.

Мұқтаждық ұғымы алимент өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінген ата-ананың өмір сүруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мүлігі және табысы жоқ екендігін қамтиды. Бұл ретте ақша қаражатының жеткіліктілігін ең төмен күнкөріс мөлшері деп есептеу қабылданған.

Мұқтаждық ұғымы алимент өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінген ата-ананың өмір сүруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мүлігі және табысы жоқ екендігін қамтиды. Бұл ретте ақша қаражатының жеткіліктілігін ең төмен күнкөріс мөлшері деп есептеу қабылданған.

Мәселен, Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен Г.Д-ның О.Д-овқа қатысты, А.Д-овқа еңбекке жарамсыз ата-аналарды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы шығарылған талап-арызы бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы № 2 аудандық сотының 2015 жылғы 3 наурыздағы шешімі өзгертілді, онда талапкердің талап-арыз бойынша талаптары жартылай қанағаттандырылып, жауапкерден талапкердің пайдасына 2015 жылғы 30 қаңтардан бастап ай сайын сотқа жүгінген күнінен бастап әрқайсысынан 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде күтіп-бағуға алимент өндіріп алуға қаулы шығарылды.

Бірінші сатыдағы сот Г.В. Д-аның өз балаларынан көмек алуға құқығы бар екендігі туралы қорытындыға келді, өйткені жасы ұлғайғанда пайда болған ауруларын емдеу үшін өзінің еңбекке жарамды балаларының материалдық көмегіне мұқтаж.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабының 1,2-бөлімдеріне сәйкес еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Жоғарыда көрсетілген баптан еңбекке жарамды кәмілетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіпбағуға міндетті екендігі айтылған. Осылайша, аталған баптағы дәлелдеу мәні еңбекке жарамсыз ата-аналардың көмекке мұқтаждығы болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот талапкердің жауапкер О.В. Д-аның күтіп-бағуына мұқтаж екендігі туралы айғақтарды ұсынған жоқ деп есептеді, өйткені талапкердің ай сайынғы алатын зейнетақысы 69 294 теңгені құрайды. Бұдан басқа Г.В. Д-ова жауапкер О.В. Дмитрачковпен жасалған 2014 жылғы 20 тамыздағы үйді жалға беру туралы шарт бойынша 35 000 теңге алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 8-бабының 4- тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс.

Бұл жағдайда, талапкер Заңның жоғарыда көрсетілген нормасы бөлінісінде өзінің тиісті құқықтарын жауапсыздықпен жүзеге асырған, өйткені талапкердің мәлімделген О.В. Д-овқа қойылатын талабында О.В. Д-аның пайдасына одан және оның ұлы А.В. Д-овтан 3 000 005 теңгені О.В. Д-аның өзі аталған соманы қаражатымен төлеу арқылы өндіріп алу туралы 2010 жылғы 26 сәуірде заңды күшіне енген сот актісін орындау бойынша оның жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, соттың осы шешімі бойынша А.В. Д-тан өндіріліп алынған 10АЕК мөлшеріндегі талапкерді күтіп-бағуға арналған қаражат 2010 жылғы 26 сәуірде заңды күшіне енген сот актісін орындау бойынша талапкердің шығындарын толықтай өтейді.

Мұндай жағдай әділ болып табылады, өйткені О.В. Д-втың алдында олардың ортақ жауапкершілігі бар.

Жоғарыда айтылған мән-жайлар кезінде апелляциялық сот алқасы еңбекке жарамсыз ата-анасының пайдасына О.В. Дмитрачковтан өндіріп алу бөлігінде сот шешімінің күшін жойды және осы бөлімде талап-арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарды. Сот шешімдерінің қалған бөлімдері өзгеріссіз қалдырылды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу