Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бөлуге жататын мүліктің көлемі мен құнын анықтау

Бөлуге жататын мүліктің көлемі мен құнын анықтау

Бөлуге жататын мүліктің көлемі мен құнын анықтау

Бөлуге жататын мүліктің көлемі мен құнын анықтау

Бөлуге жататын барлық даулы мүлікті анықтау және оны бір сот процесінің шеңберінде ерлі-зайыптылар арасында бөлу туралы мәселені шешу осы санаттағы істерді қарау ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігіне жататын мүлікті бөлу туралы істерді қарау кезінде туындайтын негізгі мәселе – нақты қандай мүлік (заттар, міндеттемелер) бөлуге қосылатынын, оның құны қанша екенін және ол қалай бөлінуге тиіс екенін анықтау. Осы мәселені шешу, ең алдымен, ерлізайыптылардың бірлескен меншігінің құқықтық режимін анықтауға байланысты болып табылады.

Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі, яғни ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестердің теңдігі принципіне негізделген олардың бірлескен меншігінің режимі, сондай-ақ мүліктің шарттық режимі, яғни неке шартында көзделген некеге тұратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некедегі ерлі-зайыптылардың және (немесе) оны бұзға жағдайда ерлізайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, ерлізайыптылардың бірлескен үлестік немесе бөлек меншігіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне режим белгілейтін шарттық режим бар.

Бөлуге жататын мүліктің көлемі мен құнын, әдетте, тараптар дербес анықтайды.

Алайда, бұл мәселені сот тараптардың алдында атап өтуі тиіс, неке кезінде ортақ ақшаға жинаған мүліктің толық тізбесін көрсетіп қана қоймай, дауды шешу күні не шаруашылықты бірлесіп жүргізу тоқтатылған күні тощғанын және нақты бағасын ескеріп, әрбір заттың құнын бірге анықтау қажеттігін көрсетуді ұсыну қажет. Осылайша, бірлесіп жинаған мүлікті бөлу туралы іс бойынша заңдық маңызы бар мән-жайлар шеңберіне барлық бірлесіп жинаған мүліктің көлемін, тараптардың неке бұзылған немесе бірлесіп тұрған және ортақ шаруашылықты жүргізге кездегі оның нақты құнын (тозуы ескеріліп, жылжымайтын мүлікке - жылжымайтын мүлік нарығының жай-күйі ескеріліп) белгілеу, осы мүлік бойынша ерлізайыптылардың әрқайсысының үлесін анықтау және қажет кезде ақшалай жәрдемақыны, үлестердің теңдігі принципінен қалыс қалу үшін негіздердің болуын анықтау жатады

Алайда, ерлі-зайыптылардың мүлкін өле отырып, сот оның атауын, көлемін анықтамаған сот шешімдері бар.

Мәселен, Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотының 2015 жылғы 9 шілдедегі шешімінде В.А.Онучко неке кезінде жалпы сомасы 1 340 100 теңгеге мүлік сатып алынғандықтан, бірлесіп жинаған мүлікті бөлу туралы Е.Н.Онучкоға қарсы талап арызбен сотқа жүгінгенін көрсеткен. Сот шешім шығара отырып, қарар бөлігінде «В.А.Онучкоға ақшалай түрде 250 000 теңге ½ үлесті бөле отырып, Е.Н.Онучко мен В.А.Онучконың ортақ бірлескен меншігі болып табылатын мүлік бөлінсін, көрсетілген сома В.А.Онучконың пайдасына Е.Н.Онучкодан өндірілісін» деп көрсетілген.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.