Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бала асырап алудың күшін жоюға негіздеме

Бала асырап алудың күшін жоюға негіздеме

Бала асырап алудың күшін жоюға негіздеме

Бала асырап алудың күшін жоюға негіздеме

 

Бала асырап алудың күшiн жою негіздемесін қарастыра отырып, НОКо-да егер тек, асырап алу бала мүддесіне сәйкес келуге жарамаса ғана, бала асырап алудың күшiн жоюына жол береді. Бала асырап алудың күшiн жоюының даусыз негіздемелері (мән-жайларына) НОКо-ның 106-бабының 1-бөлігінде көзделген:

1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;

2) атаана құқықтарын теріс пайдаланған;

3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;

4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;

5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;

6) маскүнемдікпен, нашақорлықпен және (немесе) уытқұмарлықпен ауырады деп танылған;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.

Бала асырап алудың күшiн жою туралы талаптары аталған негіздемелер болған жағдайларда ғана қойылуы мүмкін.

НОКо-ның 62-бабына сәйкес отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде бала өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуі тиіс.

Асырап алушылардың мінез-құлықтарында баланың мүдделеріне қайшы келетіні туралы куәландыратын мән-жайларды анықтаған кезде, сот бала асырап алудың күшiн жою туралы шешім шығарады.

Баланың мүдделерiне орай және баланың пікірін есепке ала отырып, сот жоғарыда аталған негіздемелерден (НОКо-ның 106-бабының 2-бөлігі) басқа, өзге де себептермен бала асырап алудың күшiн жоюға құқылы. Бұл әртүрлі, оның асырап алушылардың кінәларынан болуы міндетті емес, бірақ қай жағдайда баланың мүддесіне ықпал ететін мән-жайлар болуы мүмкін. Кодексте бала асырап алудың күшiн жою үшін асырп алынған баланың мүддесіне осы басқа негіздемелердің тізімдемсі келтірілмеген. НҚ-ның 16-тармағында осындай мәнжайлар көрсетілген, мұндай мән-жайларға, атап айтқанда, асырап алушы мен асырап алынушының өздерiнiң жеке бастарының қасиеттерiне байланысты өзара қарым-қатынастарының қалыптаспауын; асырап алғаннан кейiн, баланың денсаулығының тәрбиелеу кезiнде елеулi қиындықтар туғызатын, бала асырап алушы бала асырау кезiнде олар жөнiнде ескертiлмеген ақыл-ой кемiстiгiн немесе тұқым қуалаған ауытқушылықтарды; балалардың ұмыта алмастай қатты бауыр басқан ата-аналарының әрекетке қабiлетiнiң қалпына келтiрiлуiн, мұны өзiнiң оның жай-күйiне керi әсер етуiн және т.б. жатқызуға болады.

Сонымен қатар бала асырап алудың күшiн жою негіздемесіне мынадай себептер бар: мысалы, асырап алушылардың өздеріне қатысты (хабар-ошарсыз жоқ болу, ауыр науқас, материалдық жағдайының төмендеуі, отбасы жағдайында маңызды өзгерістер) немесе бала асырап алуды мүмкін емес еткен, бала асырап алғаннан кейінгі мән-жайлардың өзгерулеріне байланысты, (оның келуіне орай хабарсыз кеткен ата-ананы тану туралы сот шешімнің күшін жойды.)

Осылайша сот, НОКо-ның 106-бабының 2-бөлігіне сәйкес бала асырап алудың бала асырап алушының кінәлі қылықтарынсыз да күшін жоюға құқылы.

Көріп отырғанымыздай, баланың мүдделеріне сай бала асырап алудың күшiн жою өте әр түрлі болып отыр. Сот әр нақты жағдайда істің барлық мәнжайын, бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорытындысын есепке ала отырып, бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қою бойынша тиісті шешім қабылдайтын болады (талап қоюды ұанағаттандыру немесе талап қоюға бас тарту).

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.