Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бала асырап алудың күшін жою және сот тәртібімен тоқтату негіздері

Бала асырап алудың күшін жою және сот тәртібімен тоқтату негіздері

Бала асырап алудың күшін жою және сот тәртібімен тоқтату негіздері

Бала асырап алудың күшін жою және сот тәртібімен тоқтату негіздері

 

Нормативтік құқықтық база Осы санаттағы істерді қарау кезінде мыналарды қолдану ұсынылады:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

 Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі;

Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 қаулысы;

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 1959 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассмблееясы қабылдаған балалар құқықтарының декларациясы;

Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 (бұдан әрі – НҚ).

Көретілген әдебиет көздері соттар қарайтын істерде құқықтық қатынастың барлық жағдайлары толық қамтылмайтынын ескере отырып, Кодекс қосымша зерделенді, сондақтан аталған санаттағы істер санатында құқықтық қолдануының теоретикалық бөлігі берілген.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – НОКо)107-бабына сәйкес бала асырап алуға бас тарту негіздемесі оның сот тәртібінде күшін жоюы болып табылады.

Талап қоюда немесе ерекше іс жүргізуде бала асырап алудың күшін жою азаматтық іс жүргізу кодексінде реттелмеген. Алайда осы санаттағы істерді талап қою іс жүргізуінде қарау тәртібі НҚ-ның 16-тармағында берілген.

Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы, сондай-ақ бала асырап алудың күшін жою негіздемесі бар адамдар НОКо-ның 106, 108- баптарында қаралған. Бала асырап алудың күшін жоюы жалпы қағида бойынша жүргізіледі,

Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, олардың өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi (НОКо-ның 110-бабы). Бала асырап алудың күшiн жою туралы iсі міндетті түрде бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуларымен қаралады. (НОКо-ның 107-бабаның 2-тарм.).

Бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның дауды шешуге қатысуын талап етуі белгілі отбасылық және азаматтық заңнамалар міндеттерінен туындайды және асырап алынған балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін тиісті қорғауын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар бала асырап алудың күшiн жою туралы iсті шешуде прокурор (кез келген жағдайда сот талқылауы сатысынан) міндетті түрде қатысуы тиіс.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.