Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бала асырап алудың күшін жою туралы

Бала асырап алудың күшін жою туралы

Бала асырап алудың күшін жою туралы

Бала асырап алудың күшін жою туралы

Тәртіп бойынша, сот практикасында аталған санаттағы істер бойынша жауапкер ретінде бала асырап алушылар танылады. ҚР АПК-нің 30-бабы 1-3-тармақтарына өзгерістер (2014 жылғы 17 қарашадағы №254-V Заңымен) енгізілгенге дейін талап-арыздар олардың тұрғылықты жері бойынша, ал өзгерістер енгізілгеннен кейін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа берілді.

Баланы асырап алу туралы талап-арызды асырап алынған баланың атаанасы берген жағдайда, оларда бала асырап алушылар туралы мәліметтер болмаған кезде, баланы асырап алудың күшін жою туралы талаптар осы органның орналасқан жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асырушы органға беріледі.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының шешімімен С.А. И. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-ға әкімдікке, А.А. Ч. баланы асырап алудың күшін жою туралы талапарызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істің мән-жайынан анықталғандай, талапкер И.С.А. кәмелетке толмаған жасында 1997 жылғы 27 маусымдағы Ленин аудандық соттың шешімінің негізінде А.А. Ч. асырап алған. Баланың анасы оның жұбайы болып табылады. Баланың туған әкесі неке бұзылғаннан кейін тұрақты тұрғылықты жері Германияға көшіп кеткен. Талапкер кәмелет жасқа толғаннан кейін туған әкесінің тегі мен ұлтын алғысы келген. Осы мақсатта талап-арызбен сотқа жүгінген, талап-арызда асырап алушы А.А. Черухинмен бірге жауапкерлер қатарына мемлекеттік органды да көрсеткен. Аталағн мемлекеттік орган келесідей негіздер бойынша жауапкер бола алмайды:

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 8-бабы 1,2- тармақтарына сәйкес, мемлекеттік органның құқықтық актісі егер онда ең соңғы мерзім анықталмаған болса, қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Мемлекеттік органның құқықтық актісі оның талаптары немесе аталған құқықтық акт жіберілген тұлғалардың тапсырмалары орындалу кезінен бастап әрекет етуін тоқтатады. 1997 жылғы 27 маусымдағы Ленин аудандық әкімінің кәмелетке толмаған С.А. И.А.А. Ч. асырап алуы туралы шешімі орындалды. С.А. И. туу туралы акті жазбасында Черухиннің баланы асырап алуы туралы мәліметтер енгізілген. Осыған байланысты Әкімдік және «Әкім аппараты» ММ өздеріне тағылған талап-арызға еш қатыстары жоқ. Сот сот талқылауы барысында тиісті жауапкерлер санынан көрсетілген тұлғалардың алып тасталуын шешуі тиіс еді. Алайда, оларды жауапкерлер санынан алмай, сот талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Баланы асырап алудың күшін жою туралы шешім «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 110-бабының талаптарына сәйкес дұрыс қабылданған.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.