Балалардың түрғылықты жерін анықтау туралы
Балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы – неке-отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды реттейтін негізгі құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» нормативтік «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір N 5 Қаулысы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы 1959 жылғы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары декларациясы.
Мысал, С. Т.-ке балаларының ьұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызбен Ақмола облысының КТІМАС-қа жүгінген.
Талап арыздың мазмұнынан Ерейментау аудандыө сотында Т-ның Т-ке қарсы талап арызы бойынша некені бұзу туралы азаматтық іс қаралып жатқаны туындайды.
2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 22-бабына сәйкес неке (ерлізайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар өзінің тегін таңдауды некенің (ерлізайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеу кезінде шешеді.
Осылайша, балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы мәселе некені бұзу кезінде шешілуге тиіс.
АПК-нің 154-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес Судья талап арызды, егер осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса қайтарып жібереді.
Сонымен, Р. 10.12.2012 жылы туылған кәмелетке толмаған бала Р-ның онымен бірге тұрғылықты жерін анықтау туралы Р-ға жүгінді, Р. 10.12.2012 жылы туылған кәмелетке толмаған бала Р-ның онымен бірге тұрғылықты жерін анықтау туралы қарсы талап қоюмен Р-ге жүгінді. Ақмола облысының КТІМАС шешімімен Р-дің 10.12.2012 жылы туылған кәмелетке толмаған бала Р. онымен бірге тұрғылықты жерін анықтау туралы Р-ға талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Р-ның 10.12.2012 жылы туылған кәмелетке толмаған бала Р.П-ның онымен бірге тұрғылықты жерін анықтау туралы Р-ге қарсы талап қоюы қанағаттандырылды. Сот 10.12.2012 жылы туылған кәмелетке толмаған бала В.П-ның Р-мен тұрғылықты жерін анықтады. Сот қарсы талап қоюды қанағаттандыра отырып, осы жастағы бала мен ананың арасындағы табиғи психофизиологиялық байланысты бөлудің, баланы үйренген ортасынан айыру аса қажетсіздігін көрсетті, бұл баланың психикалық және физикалық денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 4 қаулысына сәйкес сот баланың ата-анасының әрқайсына, аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) жақындығын, оның жасына, атааналарының адамгершілігіне және жеке басының қасиеттерiне әрбiр ата-ана мен бала арасындағы орнаған қарым-қатынастың байланыстылығын, оның өсу қабiлетi мен тәрбиеленуi үшiн жағдай туғыза алатындығын (ата-анасының қызмет түрлерi, жұмыс тәртiбi олардың материалдық және отбасылық жағдайын т.с.с.), сонымен қатар әрбiр ата-ананың тұратын жерiнде қалыптасқан басқа да жағдайларды ескеруi тиiс. Бiр ата-ананың материалдық тұрмыстық артықшылығы - өздiгiнен ата-ана талаптарын қанағаттандыру үшiн сөзсiз негiз болып табылмайтынын да ескеру керек.
Бала құқықтары туралы конвенцияда: «осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашада Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде (атап айтқанда, 10-бапта) танылғанын назарға ала отырып» - деп атап өтілді.
Сонымен қатар, 1959 жылғы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары декларациясының 6-қағидатында айрықша мәнжайлар бар жағдайларды қоспағанда, жас бала өз анасынан айрылмауға тиіс деп көрсетілген.
Сот баланың бір жыл сегіз ай кішкентай жасын, осы жаста әлі де қауіпсіздік пен сәйкестілікке қажеттілігі, сондай-ақ анасына деген айрықша қажеттілігі мен анасына деген табиғи жақындығы өте дамығандығын, әкесі бұрын баламен тұрақты түрде анасыз қалмағандығын, оның жас баланы күтіп бағу дағдыларының болмағандығын, тараптардың материалдық жағдайын, тараптар тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша он мінездемелері бар болғанын назарына ала отырып, баланың тұрғылықты жерін анасымен бірге қалдыру қажет деп санады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі баласының тұрғылықты жерін өзімен бірге белгілеу туралы
68 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі тұрғылықты мекен-жайын өзімен, яғни, анасымен деп анықтау туралы
66 рет жүктеп алынды