Баланы асырап алудың күшін жоюды талап ету құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдарға: баланың ата-ансы; баланы асырап алушылары; асырап алушының жұбайы; он төрт жасқа толған, асырап алынған бала; бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган; прокурор жатады.
НОКо-ның 108-бабының мазмұнынан бала асырап алудың күшiн жою туралы талапты тек мүдделі адамдар ғана қоя алады. Бұл мүдде жеке сипатта болуы мүмкін (баланың ата-анасы, баланы асырап алушылары, он төрт жасқа толған, асырап алынған бала), әрі ол мемлекеттік және өзге органдардан шығуы мүмкін (прокурор, бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган).
Бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе прокурорға талап қоюды беру.
Бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе прокурорларға талап қоюды беру,баланың ата-аналары жоқ болған жағдайларда, немесе баланың мүддесіне кешіктіруінсіз бала асырап алудың күшiн жою туралы шешімін қабылдау керек болса, асырап алушылардың кінәлі қылықтары , қажет болып табылады. (атааналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса,өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса,балаға қатыгездік көрсетсе, моральға және қоғамға жат мінез-қылық көрсетсе, спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына және т.б.).
Прокурордың басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа арызбен жүгіну құқығы тікелей заңда көзделген және адамның құқықтары мен бостандықтары туралы заңнаманы сақтау үшін қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі оның өкілеттілігінен туындайды. Одан басқа, денсаулық жағдайына немесе жасына (мысалы, кәмелетке толмаған) байланысты жеке қорғай алмаған адамдардың құқықтары бұзылған жағдайларда сотта талап қоюды ұсына және қолдай алуы прокуратура қызметкерлерінің міндеттеріне тікелей жатқызылған (АПК-тің 55-бабы; «Прокуратура туралы» 29-бабының 2-бөлігінің, 6-тармағы).
Он төрт жасқа толмаған, асырап алынған бала бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қоюымен жеке өздігінен жүгіне алмайды. Алайда, өзінің қалауы туралы асыра алынған бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе прокурорға хабарлауына құқылы (баланы асырап алу фактісі бала үшін құпия болмаған жағдайлар сөз болып отыр). Осындай түрде мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ бала асырап алу баланың мүддесіне сәйкес емес деп санайтын азаматтар, (асырап алынған баланың туыстары), өйткені олар өздіктерінен бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қоюын ұсына алмайды.
Мұндай жағдайларда бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қоюын беру қажеттілігі туралы мәселені тек бала асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органы ғана жүзеге асыра алады.
Істердің зерделеуі негізінен бала асырап алудың күшiн жою туралы істерді қарау кезінде Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексініңталаптары сақталатындығын көрсетті.
Зерделенген істер, бала асырап алудың күшiн жою туралы шығарылған шешімдердің басым саны баланың мүддесіне сай бала асырап алушылардың атааналарға және ата-аналардың бала асырап алушыларға талап қоюларына байланысты екенін көрсетті.
Осы санаттағы істерді қарау кезінде процестік бұзушылықтар анықталған, оларға аса назар аудару керек. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты Бның кәмелетке толмаған бала – А., 1996 жылы 26 қарашада туған, бала асырап алудың күшiн жою туралы талап арызын 2015 жылғы 20 наурызда қарады, ол сотпен қанағаттандырылған.
Судья шешімнің кіріспе бөлімінде талапкер мен жауапкердің қатысуларын көрсетпеген, алайда іс талапкер мен жауапкердің қатысуларымен қаралған. Осындай қорытындыға келуінің уәждемелері көрсетілмеген. Сот талапкер келтірген дәлелдердің негізінде талап қоюды қанағаттандыру туралы, яғни Б. бала асырап алуының күшін жоюды А. мүддесіне сай келеді деген қорытындыға келді. Балама фактілер зерделенген басқа істерде де кездеседі.
Зерделенген істер арасында асырап алушылардың бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қоюлары да бар, олар асырап алынған баламен қарымқатынастарындағы проблемалардан, асырап алынған бала алдында беделін жоғалтып бара жатқаныныа байланысты берілген. Мысал ретінде, 2014 жылғы 19 наурызда Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С-ның және С-ның «Шахтинск қаласының білім беру бөлімі» ММ-ге бала асырап алудың күшiн жою туралы талап арызы бойынша қараған істі келтіруге болады, онда баланың әлеуметтік емес мінез-қылығы толық зерттелген.
Бала асырап алудың күшiн жою негіздемесіне талапкерлер асырап алынған баланың агрессиялық мінез-құлқын келтірген. Осы дәлелдерді тексеру үшін және бала мінез құлқын зерттеу үшін сот психологтарды тартқан, олар тексеру нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған баланы тексеру нәтижелері оның жеке басы туралы психологиялық бағасын берді, ол баланың психологиялық ауытқуын көрсетті, осының салдарынан сот бала асырап алудың күшін жойды.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер бойынша бала асырап алушылардың талап қоюлары сот практикасында жиі кездесуіне байланысты, баланың оқу орны бойынша психолог мамандарды тару керек. Шешімде басқа да шектіліктер бар, шешімді құру көлемі қысқарған кезде, онда істің мән-жайының мағынасы жойылады. Қорытуды өткізу кезінде осы санаттағы апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде істерді қарау туралы мәселелері КҚБЖ базасында мұндай мәліметтердің жоқ болу себебінен зерттелмеді. Осы негіздемелер бойынша пркурорлардың наразылықтары, берілген сот актілері, олардың қанағаттандырулары зерттелген жоқ.
Өткізілген қорытулар соттардың көбіне бала асырап алудың күшiн жою туралы істерді қарау кезінде құқықтық қатынастарды реттейтін, материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданатындарын көрсетті. Сонымен қатар сот актілерін шығару кезінде процестік құқық нормаларын қолдану бөлігінде қателер бар, сондай-ақ сот актілерінің дәлелдеу және нәтижелі бөліктері «Сот шешімдері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының талаптарына әркез сәйкес келе бермейді.
Жол берілген қателерді шеттету мақсатында соттар материалдық, әрі процестік құқықты реттейтін қолданыстағы заңнаманы неғұрлым мұқият зерделеулері қажет, сондай-ақ сот актілерін дұрыс және біркелкі құру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әдістемелік ұсыныстарын орындаулары керек.
Негізінен барлық шешімдер тек асырап алынған баланың мүддесіне қабылданған. Осы санаттағы істер соттарда қиындықтар туғызған жоқ, сондықтан өзгертілуге немесе күшін жоюға жатқызылмаған. Көрсетілген нормаларды қолдану аса қиындық келтірмейді, сондықтан бүгінгі күні заңнаманы қандай-да бір жетілдіру жөніндегі ұсыныстары жоқ.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі бала асырап алудың күшін жою және баланың туу туралы акт жазбасындағы аты-жөнін қалпына келтіру туралы
65 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі бала асырап алудың күшін жою туралы
90 рет жүктеп алынды