Балларды күтіп-бағуға, соның ішінде әкені анықтай отырып алимент өндіріп алу
Көрсетілген санаттағы істер әкені анықтау және кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы кәмелетке толмаған аналардың талап қоюлары бойынша қозғалады.
Сот баланың нақты адамнан туылғанын растайтын дәлелдемелерге назар аударуға тиіс (бірге тұру, бала туылғанға дейін ортақ шаруашылық жүргізу, олардың баланы бірге тәрбиелеу және күтіп-бағу, сараптаманың қорытындысы).
Бұл мән-жайлар ҚР АПК-нің 64-бабы 2-бөлігінде көзделген дәлелдемелерді, яғни тараптардың және үшінші адамның түсініктерін, куәлердің айғақтарын, жазбаша немесе заттай дәлелдемелерін, сараптаманың қорытындысын пайдалана отырып анықталуы қажет.
Қорыту көрсеткендей, әкені анықтау және алиментті өндіріп алу туралы көп талап қоюлар жауапкерлер тарапынан танылады, осындай жағдайларда, соттар ҚР АПК-н 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапкерлерден алап қоюды тану туралы қолхат дұрыс алынады және ҚР АПК-нің 193-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкелікті тану, сонда-ақ, балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талаптарды қанағаттандыруға шешім дұрыс шығарылады.
Осылайша, мысалы, 2015 жылғы 18 ақпандағы Ақмола облысы Көкшетау қаласы сотының шешімімен Р.М. М З.В. А. қатысты кәмелетке толмаған балаға қатысты әкені анықтау туралы талап қоюы қанағаттандырылды. Себебі жауапкер кәмелетке толмаған балаға қатысты әкені таныды, бұд туралы сотқа жазбаша өтініш ұсынды.
Жауапкерлердің істің қаралуына қатыспайтын жағдайлар да кездеседі. Бірақ сотқа әкені тану және молекулярлық-генетикалық сараптаманы тағайындау қажеттігінің жоқтығы туралы нотариуспен куәландырылған өтініш беріледі.
Жауапкер әкелікті танымаған жағдайда баланың нақты адамнан пайда болғанын анықтау мақсатында соттар тиісті молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындайды, нәтижесіде соттар сараптама қорытыдысы бойынша әкелік расталған жағдайда әкелікті тану туралы шешім қабылдайды. Сол сияқты, сараптама қорытындысы бойынша әкелік расталмаған жағдайда талап қоюдан бас тартылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі пәтерге кіргізуді міндеттеу туралы талап арызы
57 рет жүктеп алынды -
Сотшешімі ортақ мүлік деп тану, оны бөлу туралы
55 рет жүктеп алынды