Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өндірумен байланысты даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өндірумен байланысты даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өндірумен байланысты даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өндірумен байланысты даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өндірумен байланысты дауларды қарағанда негізінде қолданыстағы заңнаманы материалдық және процессуалдық құқықты ұстана отырып, дұрыс басшылыққа алаған абзал

рді қарауда заңнама нормаларын дұрыс пайдаланатындығын көрсетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 1,3- тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 28-тармақшасына сәйкес, тұрғынжай– тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға сәйкес келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме).

Аталған баптың 10-тармағына сәйкес, коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-бабына сәйкес, көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-бабының сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 50-бабында: үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті деп көрсетілген. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар ай сайын жүргізіледі. Тұрғын үйге жеке меншік құқығы оның тіркеуші органда тіркелген уақыттан бастап пайда болады.

26.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 1-бабының 9-тармағына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығы ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе тараптардың келiсiмiмен көзделген тәртiппен туындаған және құқық иесiнiң жылжымайтын мүлiкке иелiк ету, пайдалану және (немесе) билiк етуге құқығын шектеуде көрiнетiн жылжымайтын мүлiкке құқықты кез келген шектеуді түсіну керек.

АК-тің 189-бабына сәйкес, меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.

Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.

Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).

Сонымен қатар, 23.12.2005 жылғы №9 «Жылу және электр энергиясы үшін қарыздарды өндірумен байланысты соттардың заңнаманы пайдаланудағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының НҚ-ның 3- тармағының ережелеріне сәйкес, тұрғын үйді сатушының пайдаланған қуаты үшін берешегі болса, онда ол-ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан мәміле негізінде тұрғын үйге меншік құқығын басқа тұлғаға беру кезінде, егер көрсетілген мүлікті иеліктен шығару туралы шартта өзгеше көзделмесе, берешекті өтеу сатушының міндеті болып табылады.

Мысалы, 10.06.2015 жылғы Ақмола облысы Көкшетау аудандық сотының шешімімен «Алау» пәтер иелері кооперативінің А.Н.К. ортақ мүлікті ұстау мен күтуге кеткен шығындарды өндіру туралы талап-арызына бас тартылған. Талапкер өз талаптарын пәтерлердің меншік иелерінің ай сайынғы міндетті төлемдері есебінен үй мен оның жанындағы аумақты күтіп ұстаумен айналысатынын, талапкер қызмет көрсетіп, күтім жасайтын үйде жауапкер тұрған кезінде 01.03.2015 жылға ортақ мүлікті күтіп, ұстауға кеткен шығындар бойынша 26 047 теңге қарызы бар деп негіздеген

Алайда, сотпен жауапкердің пәтер иесі болып табылмайтыны анықталды. Пәтерге жеке меншік құқығы И.Н.Ж. атына тіркелген.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастәрітуралы» Заңының 50-бабына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар ай сайын жүргізіледі. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң мүшесi берешегiн белгiленген төлем уақытынан кейiнгi үш айдың iшiнде орынды себепсiз өтемеген ретте кооператив қарызды күштеп өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқылы. Тұрғын үйдің сатушысы пайдаланған энергия үшін қарыз ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан тұрғын үйге жеке меншік құқығын басқа тұлғаға мәміле бойынша өткізген кезде оны төлеу сатушының міндеті болып табылады, егер өзгесі аталған мүлікті иеліктен шығару келісім-шартында көзделмесе.

Ал, АК-тің 272-бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

АК-тің 295-бабына сәйкес, несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы.

АК-тің 482-бабының 2-тармағының талабы бойынша, энергоресурстарға келісім-шарт жария түрде болады, келісім түзілген жағдайда шарттәрікелісуші тараптардың орындауына міндетті болады.

Соттар аталған санаттағы істерді қарауда 23.12.2005 жылғы №9 «Жылу және электр энергиясы үшін қарыздарды өндірумен байланысты соттардың заңнаманы пайдаланудағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысын басшылыққа алды.

07.12.2000 жылғы №1822 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес, келесідей ұғымдар қолданылады: коммуналдық қызметтер– азаматтарға пәтерлерде, жеке, тұрғын үйлерде (тұрғын ғимаратта), сонымен қатар үй маңындағы жерлерде, гараждарда, тұрғылықты жері бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушыларға және кондоминиум объектілеріне көрсетілетін сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер.

АК-тің 482-бабының 1-тармағына сәйкес энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

АК-тің 189-бабының 1-тармағының талабына сәйкес меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.

23.12.2005 жылғы №9 «Жылу және электр энергиясы үшін қарыздарды өндірумен байланысты соттардың заңнаманы пайдаланудағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының НҚ-ның 3-тапмағының ережелеріне сәйкес, тұрғын үйді сатушының пайдаланған қуаты үшін берешегі болса, онда ол - ауыртпалық болып табылмайды, сондықтан мәміле негізінде тұрғын үйге меншік құқығын басқа тұлғаға беру кезінде, егер көрсетілген мүлікті иеліктен шығару туралы шартта өзгеше көзделмесе, берешекті өтеу сатушының міндеті болып табылады.

АК-тің 387-бабына сәйкес, коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.). Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларының 18-тармағына сәйкес, Жеке тұлғалармен жылу мен ыстық сумен қамту қызметтеріне жария шартының 4.1-4.2-т.т. сәйкес, тұтынылған жылу энергиясы үшін есептік айдан кейінгі әр айдың 25-жұлдызына дейін тариф бойынша төлем жүргізіледі. Энергияға төлемақы төлеу есептеу құрылғыларының көрсеткіштеріне сәйкес анықталатын абоненттің іс жүзінде пайдаланған энергия мөлшері үшін, олардың жоқтығында немесе уақытша бұзылуында – энергияны коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 07.12.2000 жылғы №1822 Қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалардың 8- тармағына сәйкес, жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның мiндетi болып табылады және ПМК-мен немесе Тұтынушының өкiлеттi тұлғасымен жасалған жекелеген шарт негізiнде жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетудi өз алдына жеке және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады. Мамандандырылған ұйымдарды тарту тендерлiк негiзде жүргiзiледi. Пәтерлердегi, жекелеген үйлердегi, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезiндегi техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк тұтынушыға жүктеледi.

АК-тің 683-бабы бойынша, өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi. АК-тің 272-бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттәрімен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде кондоминиум құрылады. Үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне дара (бөлек) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі.

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі. Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналәрі(төлемдері) аударылады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.

АК-тің 209-бабының 6-тармағы бойынша, жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi 19 үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз. Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты. болады. Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.

АК-тің 491-бабына сәйкес, энергиямен жабдықтау шарты бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым мен абонент осыдан келтiрiлген нақты залалды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы). Егер заңдар негiзiнде жүзеге асырылған энергия тұтыну режимiн реттеу нәтижесiнде абонентке энергия беруде үзiлiс жасалған болса, энергиямен жабдықтаушы ұйым өзi кiнәлi болған жағдайда шарт мiндеттемелерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшін жауапты болады.

07.12.2000 жылғы №1822 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалардың 37-т. сәйкес, қызмет көрсетуші тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар-жоғы туралы ақпарат беріп отыруға; тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға; ал 38-т. сәйкес, қызмет көрсетушіге басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге тыйым салынады. Көп пәтерлі үйлерде бір немесе бірнеше үйішілік немесе пәтерішілік жылыту жүйесінің ақауын жоюға шамасы келмейтін тұтынушылардың себебінен басқа адал энергия тұтынушылары зардап шегеді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.