Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу

Еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу

Еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу

Еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу

 

Еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу жөніндегі оның ішінде еңбекақыны төлемеуден туындайтын істердің сот практикасы бертекті емес.

Заңсыз жұмыстан босату және еңбекақына төлемеу салдарынан туындайтын моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды қанағаттандырудан бас тартылуының себебін соттар еңбек нормаларының заңында морольдық зиянды өндіру және жұмыскердің жеке мүліктік емес құқығының бұзылуына қатысты нормалардың болмауы деп мәлімдейді. Сонымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сәйкес еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Осы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек және Азаматтық кодекстердің нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабы және Еңбек кодексінің 22- бабымен ескерілген, жұмыскердің мүліктік емес жеке құқытарын бұзу салдарынан моральдық зиянды өтеу, оның ішінде заңсыз жұмыстан босату және еңбекақыны төлемеу, АК-тің 952, 951, баптарының негізінде қанағаттандырылуға жатады.

Әрбір жұмыскердің құқығы туралы әділетті және қанағаттандырылатын сыйақының болуы, оның және отбасының жеткілікті өмір сүруі жөнінде 1948 жылғы 10 желтоқсандағы Бас Ассамблеямен қабылданған Жалпы декларацияда айтылған. 23 - бап 3 бөлігі.

Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен , апелляциялық және кассациялық сот сатыларымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер Б.А.Жакуповтың Қазақстан Республикасы ІІМ-не жұмысқа қайта орналастыру, жұмысты босатуға мәжбүр болғаны үшін еңбекақы және моралдық зиянды өтеу туралы келтірген талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Талапкер «Құқыққорғау қызметі туралы» Заңының 80-бабы 1-бөлігінің 13-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығымен ішке істер органдарынан жұмыстан бостаылған. Қызметтік тергеу жұмыстары қорытындысы бойынша ішкі істер органының басқарма басшысы Б.А.Жакупов Дисциплинарлық комиссия отырысына ұсынылып, комиссия шешімімен талапкер аталған лауазымнан босатылуы туралы ұсыныс шығарылған. Қызметтік тергеу қорытындысымен, талапкер өз қызмет жағдайын пайдаланып, Қостанай облысы көші қон полициясы қызметкері болып жұмыс істейтін досымен бірлесіп,негізсіз азамат М.А.Шалайдың үйіне келіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартатындығы туралы қорқытып, моральдық және психологиялық қыспақ жасап, пара талап еткен. Оған пара берген уақытта, екі азаматтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтындығы туралы мәлімдеген. Сонымен қатар, қызметтік тергеу жүргізу кезінде құжаттармен жұмыс жасау барысында талапкер құжаттар құпиялылығын тәртібін бұзғандығы анықталған, яғни жұмыс үстелінде құпиялы құжаттың болғаны және қызмет бөлмесінің кілтін күзет тапсырмауы орын алған.

Заңның 80-бабы 2-тармағына сәйкес құқық қорғау органының беделін түсіруге бағытталған бұзушылық болып табылады.

ҚР Жоғарғы сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №9 «Еңбек дауларын шешу кезінде кейбір мәселелер бойынша соттармен заңдарды қолдану туралы» номативтік қаулысының 23-тармағына сәйкес органдар беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылғандарды соттар олармен жасалған әрекеттер азаматтардың көзінше органдардың беделін және қадір қасиетін түсру әрекетіне қарауы тиіс.

Жасалаған қоытындыға сәйкес жауапкердің талапкердің органның беделін түсіргендігі туралы дәлелдемелері орын тауып, іс бойынша кері дәлелденбеді. Сонымен талапкердің ҚР ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігі, 172-бабы 3-бөлігімен қылмыстық істің қысқартылуы туралы келтірген дәлелдемесі, талаптың қанағаттандырылуына негіз бола алмайтындығын көрсеткен, себебі жұмыстан босатылу себебі болып талапкердің органның беделін түсіру әрекетін жасағандығы үшын болғандығын сот көрсеткен.

Еңбек құқытарының бұзылуынан моральдық зиянды өтеу туралы даулар бойынша сот практикасының біртектілігінің болмауынан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы қажет. Онда еңбек ақыны өндіру туралы арыздар бойынша моральдық зиянды өндіру мүмкіншілігі туралы түсіндерілуі тиіс, себебі әртүрлі пікірлер қалыптасқан, біреулері мұндай талаптар тұлғаның мүліктік құқығының бұзылуынан туындайтындықтан қанағаттандыруға жатпайды деп санайды, ал басқа біреулері еңбекақының төленбеуінен еңбекке төленетін мүліктік емес құқытар бұзылатындықтан, моральдық зиян қанағаттандыруға жатады деп есептейді.

Тараз қалалық сотының шешімімен талапкер Н.Ж.Жиеналиеваның жауапкер «Жамбыл электр желілері» ЖШС-не 500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартылған. Талапкер өз талаптарын, 08.10.2014 жылғы бұйрыққа сәйкес жұмыстан босатылып, қайта жұмысқа орналасқаннан соң ол белгілі қызметкерлер тарапынан қысым көретіндігін көрсеткен. Сот талапкердің жұмысқа қайта орналасқанын, босатылған күндері үшін еңбекақысының өтелгенін көрсеткен, және талап аталған талаптармен сотқа жүгінген кезде моральдық зиян туралы талапты келтірмегенін көрсеткен және басқа қызметкерлерден қысым көрсетілетіне туралы дәделдемелердің жоқтығын мәлімдеген.

2015 жылдың 28 шілдесінде апелляциялық сот қаулысымен шешім өзгертіліп, талапкердің келтірген арызы жартылай қанағаттандырылған, 5000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген. Сот алқасы талапкердің қайта жұмысқа орналасу туралы заңды күшіне енген шешім, яғни оның заңсыз жұмыстан босатылуына байланысты болғандығы көрсетілген, және бұл жәйт талапкерге моральдық зиян келтірілгенін дәлелдейді АК-тің 951-бабына сәйкес моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуынан болады.

2015 жылдың 21 сәуірінде Ақтөбе қаласы сотының шешімімен талапкер Р.С.Валееваның жауапкер «ЭККО-РОС Казахстан» ЖШС-нен еңбекақыны төлемеу салдарынан келтіріген моральдық зиянды өтеу туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартылған. Өз шешімін сот АК-тің 951-бабын азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер (әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатпайтындығын көрсеткен.

Ақтөбе облысының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгертіп, талапкердің пайдасына 20 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өндірген. Қазақстан Республикасының 24-бабына сәйкес әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сәйкес еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар екендігін көрсеткен. Сонымен қатар, жауапкердің заңсыз әрекеттеріне байланысты талапкерге моральдық зиян келтірілген. Апелляциялық сот алқасының қаулысы Ақтөбе облысының кассациялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған.

Еңбек құқытарының бұзылуынан моральдық зиянды өтеу туралы даулар бойынша Онда еңбек ақыны өндіру туралы арыздар бойынша моральдық зиянды өндіру мүмкіншілігі туралы түсіндерілуі тиіс, себебі әртүрлі пікірлер қалыптасқан, біреулері мұндай талаптар тұлғаның мүліктік құқығының бұзылуынан туындайтындықтан қанағаттандыруға жатпайды деп санайды, ал басқа біреулері еңбекақының төленбеуінен еңбекке төленетін мүліктік емес құқытар бұзылатындықтан, моральдық зиян қанағаттандыруға жатады деп есептейді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.