Еңбек даулары бойынша сот ісінтерінің соттылығы
Еңбек даулары бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелеріне сәйкес жауапкердің - заңды тұлға органының орналасқан жері, не дауда жауапкер ретінде танылған жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша талаптар сотқа ұсынуға жатады.
Заңды тұлғаға талап сондай-ақ оның мүлкінің орналасу орны бойынша қойылуы мүмкін.
Еңбек дауы бойынша азаматтық процестегі тараптар тек жұмыскер мен оның жұмыс берушісі болуы мүмкін. Осы санаттағы дау шешудің негізі талапкер мен жауапкер арасындағы еңбек қатынастарының бар болуы болып табылады.
Заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап филиалдың немесе өкілдіктің орналасу орны бойынша жұмыс берушізаңды тұлғаға қойылуы мүмкін. Сонымен бірге талап заңды тұлғаның филиалына қойылуы мүмкін емес.
Осылайша, Қызылорда қалалық соты «Қызылорда облысы еңбек басқармасы» ММ-нің еңбек инспекторы А.С «Г. и К.» ЖШС Қызылорда филиалының директорына нұсқаманы орындауға мәжбүрлеу туралы талабы бойынша іс қаралған. Бұл ретте сот ЖШС-тің Қызылорда филиалынан мемлекеттің пайдасына мемлекеттік баж өндіріп алынған.
АПК-нің 27-б. 1-б. сәйкес тараптары заңды тұлғалар болып табылатын дауларды мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар қарайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.