Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек даулары туралы Халықаралық нормалар Ережелер Жарлықтар Кодекстер Заңдар

Еңбек даулары туралы Халықаралық нормалар Ережелер Жарлықтар Кодекстер Заңдар

Еңбек даулары туралы Халықаралық нормалар Ережелер Жарлықтар Кодекстер Заңдар

Еңбек даулары туралы Халықаралық нормалар Ережелер Жарлықтар Кодекстер Заңдар

 

Аталған санаттағы істер бойынша еңбек дауларының субъектілері арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы (кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен).

Қызметкерлердің жекелеген санатының (мемлекеттік қызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және т.б.) дауларын шешкен кезде соттар арнайы заңдарды басшылыққа алады, олар: 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және т.б., сондай-ақ заңға тәуелді актілер: Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы Ереже, Мемлекеттік қызметтен, ішкі істер органдарының қызметінен өту тәртібі туралы Қағида және т.б.

Еңбек құқықтарын бұзудың нәтижесінде қызметкерлердің жеке мүліктік емес құқықтарымен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қараған және шешкен кезде соттар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысын (кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен) басшылыққа алады.

Осының барысында ескеретін жайт, егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шартпен Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа, ұлттық заңнамадағы ережелерге қарағанда, басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Себебі азаматтық процестік, сондай-ақ еңбек заңнамасымен олардың ұлттық заңнамамен қақтығысы кезінде халықаралық-құқықтық нормаларының басымдылығы бекітілген.

Қазақстан Республикасымен ратификацияланған және аталған санаттағы істерді қараған кезде соттар қолдануы тиіс негізгі халықаралық шарттар:

- БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Заңымен ратификацияланған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті;

- Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта туралы» 1981 жылғы № 155 Конвенциясы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Женевада 1947 жылғы 11 шілдеде Халықаралық Еңбек ұйымы Бас конвенциясының 30-шы сессиясы қабылдаған Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы Конвенция (81-Конвенция);

- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсандағы N 120-II Заңымен ратификацияланған Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 14-сессиясы қабылдаған Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенция (29-конвенция);

- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 184-V Заңымен ратификацияланған 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-сессиясында қабылданған Жалақыны қорғау туралы конвенция (95-конвенция);

- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі № 444-I Заңымен ратификацияланған Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы 1958 жылғы Конвенция болып табылады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу