Еңбек келісімі жасалынбаған жұмыс берушіден еңбекақыны өндіріп алу туралы еңбек даулары
Еңбек қатынастары ресімделмеген жұмыс берушіден еңбекақыны өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімді сотпен шығару жағдайлары орын алуда. Бұл ретте талаптарда еңбек қатынастарын тану туралы талаптар мәлімденбеген. Осындай талаптар нақты еңбек қатынастарын тану туралы талаптар болмағандықтан, сот талқылауында осындай талаптар бойынша сот әркез тараптар арасындағы еңбек қатынастарының бар болуын зерттейді.
Сот осындай істерді қараған кезде дауды шешкен уақытта қызметкермен еңбек қатынастарының жоқтығы туралы дәлелдеу ауыртпалығы жұмыс берушіде жататынын ескерген жөн деп санайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №9 нормативтік қаулысының 7-т. сәйкес еңбек қатынасының сипатын қызметкердің ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып белгіленген жұмысты белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша орындауынан, ал жұмыс берушінің оған жалақысын төлеуінен және еңбек туралы заңнамада белгіленген, еңбек жағдайын қамтамасыз етуінен көруге болады.
Осы санаттағы даулар үшін жауапкерлер-жұмыс берушілер қызметкердің жұмысқа тұру фактісін, оның еңбекақысын, еңбек шарттарын растайтын тиісті қаржылық құжаттама мен кадрлық есепке алу жоқ болған кезде әдетте, сотқа келуден және жазбаша дәлелдемелердің ұсынылуынан жалтаратыны тән.
Павлодар қалалық сотының 2016 жылғы 17 ақпандағы шешімімен Р.З.С. «РИМ-.» ЖШС-не еңбекақы бойынша берешекті және моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды, себебі сотпен анықталғандай, талапкер жауапкермен еңбек қатынастарында болмаған, ол туралы жұмысқа қабылдауды және талапкердің жұмыс орындауын растайтын қандай да бір құжаттардың жоқтығы куәландырады. Талапты толық қанағаттандырудан бас тарта отырып, сот шешімде ҚР ЕК-нің 34-б. сәйкес жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. ҚР АПК-нің 72-73-б. талаптарын бұзуда, талапкер оның «РИМ.-.» ЖШС-де қызмет еткенін растайтын рұқсат етілген, қатыстық және жеткілікті дәлелдемелер сотқа ұсынбаған. М.А.А. жазбаша қолхатын сот «РИМ-.» ЖШС-де талапкердің еңбек құқық қатынастарына байланысты еңбекақыны өндіріп алу үшін негіздеме деп таныған жоқ, себебі осы қолхат бойынша жауапкер «РИМ-.» ЖШС-нің емес, М.А.А. өзінде талапкер Р.З.С. алдында міндеттемелер бар.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2016 жылғы 14 маусымдағы шешімімен М.Р.А. А.В.К. ЖК-ге еңбекақы мен басқа талаптар бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылған болатын, себебі сотпен анықталғандай, талапкер мен А.В.К. ЖК арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, еңбек және ұжымдық шарттармен көзделген еңбек қатынастар туындамағаны анықталған, яғни тараптар еңбек өзара қатынастарда ешқашанда тұрмаған, жазбаша еңбек шарты мен басқа келісімнің жоқтығы талапкердің өзімен теріске шығарылмады. Талапкер шынымен жұмыс істегенін және жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болғанын, еңбек шарты бойынша белгілі бір жұмыс орындағанын, еңбек тәртібінің ережелерін сақтағанын дәлелдемеген, жауапкер талапкерге еңбек шарттары қамтамасыз етілмеген, еңбекақы белгіленбеген, талапкерге қатысты қандай да бір кадрлық шешімдер қабылданбаған, жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы жарияланбаған. Талапкер 740 000 теңге мөлшерінде еңбекақы бойынша берешекті және жазбаша есеп айырысуды анықтамаған. Сонымен қатар «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясының басқармасы» ММ-нің хатынан талапкер қызметкер ретінде тіркелмеген және кәсіпкер Кудинов тұлғасында жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болмағаны байқалады.
Осыған ұқсас негіздеме бойынша Батыс-Қазақстан облысының Орал қаласы №2 сотының шешімімен А.М.М.Р.Р.Б. еңбекақыны өндіріп алу туралы арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі еңбек ақы өндіру туралы
57 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі еңбек ақының айырмасын өндіру туралы талап
55 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жұмысқа қайта орналасу, амалсыздан бос жүрген уақытқа еңбек ақы өндіру
55 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі мемлекеттік бюджет қаржысы 230 900 теңгені өндіру туралы
58 рет жүктеп алынды