Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек құқықтарын бұзумен байланысты моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар.

Еңбек құқықтарын бұзумен байланысты моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар.

Еңбек құқықтарын бұзумен байланысты моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар.

Еңбек құқықтарын бұзумен байланысты моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар.

ҚР АК-нің 951-б. 1-т. сәйкес моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Моральдық зиянды өндіріп алу туралы арыз талаптарын қараған кезде еңбек құқықтарының бұзылуына байланысты талапкер еңбекке сыйақы алуға конституциялық құқықтан айырылғанын ескерген жөн, бұны талапкер оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтарының заңсыз бұзылуы, азаюы немесе айыруы нәтижесінде талапкердің жан күйзелістерін келтіру ретінде бағаланады.

Петропавл қаласы № 2 сотының 2016 жылғы 24 ақпандағы шешімімен Анатолий Владимирович Подласовтың жеке кәсіпкер Дмитрий Валентинович Кормишинге моральдық зиянды өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Талапкер 2012 жылдың маусымынан бастап 2013 жылғы желтоқсан бойынша ЖК сауда өкілі ретінде жұмыс істегені анықталды.

Жұмыс істеген кезде жұмыс беруші зейнеақы қорына зейнетақы аударымдары жүзеге асырылмаған, нәтижесінде 90 000 теңге сомасында зейнетақы аударымдары бойынша берешек пайда болды.

Моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапты қанағаттандыруда сот негізсіз бас тартты.

Сонымен бірге моральдық зиян өтемақысының мөлшерін анықтаған кезде талапкердің оған келтірген жан зиянының ауырлығын субъективті бағалауды ғана емес, сонымен қатар жан күйзелістерінің дәрежесі, жауапкер кінәсінің дәрежесі мен нысаны туралы куәландыратын объективті деректерді ескерген жөн, онымен ұзақ уақыт бойы «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының талаптары бұзылған, оған сәйкес зейнетақы аударымдарының есептелуі жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу

  • 11CA~1
    69 рет жүктеп алынды