Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбекақыны төлемеген кезде моральдық зиянды өндіріп алу туралы еңбек даулары

Еңбекақыны төлемеген кезде моральдық зиянды өндіріп алу туралы еңбек даулары

Еңбекақыны төлемеген кезде моральдық зиянды өндіріп алу туралы еңбек даулары

Еңбекақыны төлемеген кезде моральдық зиянды өндіріп алу туралы еңбек даулары

Еңбек дауларын шешу үшін сотқа жүгінген кезде еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптармен бірқатар талапкерлер моральдық зиянды өтеу туралы қосымша талаптарды жиі түрде мәлімдейді. Осындай талаптарды, әдетте, соттар ішінара қанағаттандырады.

Қызметкерлердің еңбекақыны кешіктірген кезде ақшалы қатынаста моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын қарастыра отырып, соттар, әдетте, азаматтың мүліктік құқықтарын бұзатын әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін алып тастайтын ҚР АК-нің 951-б. 4-т. ережелерін қолданады.

Сонымен қатар еңбекақыны уақытылы төлемеу еңбек үшін сыйақыға қызметкердің конституциялық құқықтарының бұзылуы болып табылады, ал бұл өз кезегінде азаматтардың мүліктік емес құқықтарға жатады.

ҚР АК-нің 951-б. 1-т. сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Жұмыс берушінің еңбекақыны толық көлемде және еңбек заңнамасымен көзделген мерзімдерде төлемеу әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 87-б. көзделген. Сонымен қатар Конституцияның 1-б. ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген, ал Негізгі заңның 24-б. еңбек үшін сыйақыға құқықты кемсітушіліксіз бекітеді. Сондықтан да шын мәнінде еңбекақыны төлемеу адам өмірі мен адамгершілігінің, оның денсаулығының, жан және тән азабының кемітуіне алып келуі мүмкін.

Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы №7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулының 3-т. бұзылуы, айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын өзіндік мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесiлi игiлiктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсiну қажет деп түсіндірілген.

Еңбек Кодексі жұмыс берушінің заңсыз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен қызметкерге келтірген моральдық зиянды өтеу мәселелері реттелмейді. Алайда бұл жағдайда азаматтық заңнаманы қолдану мүмкіндігіне рұқсат етіледі, ол Азаматтық кодексінің 1-б. тікелей көрсетілген.

Қолданыстағы заңнамамен ҚР АК қолданумен еңбек даулары бойынша моральдық зиянды өтеу мүмкіндігі алып тасталынбайды. Осының барысында соттар мәлімдеген талаптарының құқықтық бағасымен бірқатар дербес мүліктік емес құқықтарының нақты бұзылуымен, олардың бар болуымен немесе жоқтығымен байланысты мәселелер мұқият зерделенеді.

Өз еңбегіне сыйақы ала отырып, қызметкер өз мүліктік қажеттіліктерін ғана қанағаттандырмайды, себебі еңбекақыны тиісті түрде алу және қызметкердің және оның отбасының бүкіл өмірінің сапасын: тамақтанудағы қажеттіліктерді, демалыста, сауықта және т.б. қанағаттандыруды шарттастырады.

Сондықтан да жұмыс берушінің еңбекақыны уақытылы және толық төлеу бойынша өз міндеттемелерін бұзған кезде қызметкер жұмыс берушінің міндеттемелерін бұзу дәрежесіне және осының салдарынан қызметкер үшін пайда болған теріс салдарға тәуелді келтірілген моральдық зиянды алуға құқығы бар.

Республиканың соттарында еңбекақы мен басқа төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаппен бірқатар моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады. Соттар ақша қатынастарында моральдық зиян өтемақысын өндіріп алады, сонымен қатар моральдық зиян жұмыс берушінің өз міндеттемелерін тиісті емес түрде орындауына байланысты жан азабы, қайғыру, үміт үзу, ашу, қозуда білдірілгенін көрсетеді.

Атырау қалалық сотының 2016 жылғы 19 тамыздағы шешімімен А.К.А. «ЮКК Константа» ЖШС-не еңбекақыны өндіріп алу және 200 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысын өтеу туралы талабы бойынша талапкердің арыз талаптары ішінара қанағаттандырылды, жауапкерден талапкердің пайдасына 30 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.

Сотпен анықталғандай, 2015 жылдың 1 желтоқсанында А.К.А. пен «ЮКК Константа» ЖШС арасында 2016 жылғы 31 желтоқсан мерзіміне дейін еңбек шарты жасалған, оның шарттары бойынша А.А. екі айға дейін сынақ мерзімімен және міндетті аударымдарды ұстап қалумен 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы еңбекақымен заңгер ретінде жұмысқа қабылданды. 2016 жылғы 25 наурыздағы бұйрықпен А.К.А. «ЮКК Константа» ЖШС-нен өз еркімен жұмыстан шығарылды. Талапкер 2016 жылдың ақпан-наурыз айларына еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алуды сұраған. Жауапкер сотта талапкер алдында олардың еңбекақы бойынша қарыздың жоқтығы туралы айтқан, себебі талапкер 2016 жылдың 26 қаңтарынан бастап жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар А.К.А. еңбек кітапшасын зерделеген кезде сот «ЮКК Константа» ЖШС-мен еңбек шарты 2016 жылғы 25 наурыздағы бұйрық негізінде бұзылғанын анықтаған. Осыған орай сот ҚР ЕК-нің 23 және 113-б. ережелеріне сәйкес еңбекақыны өндіріп алу бөлігінде талапты негізді түрде ішінара қанағаттандырды, себебі жұмыс беруші еңбекақыны уақытылы төлеу туралы еңбек заңнамасының талаптарын бұзған.

Сондай-ақ сот моральдық зиянның өтемақысын өтеген болатын, себебі жауапкер А.К.А. еңбекақы төлемін заңсыз кешіктіріп, оның дербес мүліктік емес игіліктерін бұзған.

Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының 2016 жылғы 14 қарашадағы шешімімен Т.А.Л. «Эк Алпар» ЖШС-не еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талабы бойынша талапкердің арыз талаптары ішінара қанағаттандырылған, жауапкерден талапкердің пайдасына 20 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілген.

Сотпен анықталғандай, 2014 жылғы 1 мамырдағы еңбек шарты мен оған қосымша басқа келісімдер бойынша талапкер күзетші болып жұмысқа қабылданған.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап 2016 жылғы мамыр бойынша талапкерге 232 459 теңге сомасында еңбекақы төленбеген, бұл ЖШС басшылары қол қойған анықтамамен расталады, сот отырысында серіктестіктің директорымен расталған. Талапкер өз талабында оның жұбайы ұзақ емделуде мұқтаж екеніне сілтеме жасайды, ақшаны ала алмағандықтан, оған осындай емдеу мүмкіндігін бере алмай, оның, туыстар, таныстар алдында ұят пен кеміту азабын шекті және қазір де азап шегін отыр, ЖШСнің директорына ақшаны алу үшін бернеше рет баруға мәжбүр, алайда оның ақша төлеу туралы талапты серіктестіктің басшылығы қаражаттың жоқтығына сілтеме жасап елемейді.

Сот бұл нақты жағдайда жауапкер талапкердің орындаған жұмысына сыйақы алуға құқығы шек қойылды, осыған орай ол шынымен де жан азабын шекті, оған ол сот талқылауында сілтеме жасаған. Салынған еңбекті төлемеумен байланысты жан азабынын бар болуына талапкер өз дәлелдерінде көрсетеді, және бұл мән-жай ЖШС-нің директорымен теріске шығарылмады. Осыған орай сот әділеттелек пен жеткіліктілік қағидаларынан шыға отырып, істің мән-жайларын есепке ала отырып, жауапкердің айып дәрежесі мен нысанын, жауапкердің еңбек заңнамасының құқықтық нормаларының бұзылуын ескеріп, мәлімдеген моральдық зиян мөлшерін 200 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін кемітіп, моральдық зиянды ішінара өтеу туралы қорытындыға келді.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.