Ерлізайыптылардың үлесін анықтау туралы
Заң талаптарына сәйкес жалпы қағида бойынша ерлі-зайыптылардың үлесі тең деп танылады. Алайда, ортақ мүлікте заңмен белгіленген ерлізайыптылардың үлесін анықтау туралы талап арыздармен сотқа жүгінетін жағдайлар да болады және жауапкерлер дауламайды. Бұл жағдайда тараптар соттан заң нормаларымен көзделгенді және жауапкер дауламайтын нәрселерді анықтауды өтінеді. Демек, бұл мәселеде тараптарда дау жоқ. Мұндай жағдайларда бірінші сатыдағы соттар арыздарды қанағаттандырудан негізді бас тартады.
Практикада неке кезінде жиналған аяқталмаған үй құрылысын бөлу мүмкіндігі туралы сұрақ туындады. Шешімдердің біреуінде жаңадан салынған үйді бөлуден бас тартылды, өйткені ол пайдалануға тапсырылмаған және тұрғын үй ретінде оған меншік құқығы туындамаған, басқа жағдайларда аяқталмаған құрылыс ретінде оның дайын болу дәрежесі ескереліп, үй бөлінеді. Соңғы нұсқа дұрыс болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ қарыздарын (мысалы, отбасының қажеті үшін коммерциялық банктегі кредит) және талап ету құқығын (мысалы, заем шарты бойынша, бағалы қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер бойынша) сот ерлі-зайыптылардың арасында оларға тиесілі үлестерге барабар бөледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі дүние мүлік бөлу туралы
57 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жеке заттарын қайтарып алу туралы
63 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы (2)
57 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы
64 рет жүктеп алынды