Іскерлік беделге келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін анықтау
АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1-тармағының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады.
Іскерлік беделдіктен келтіріген зиянның мөлшерін анықтауда соттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1992 жылғы 18 желтоқсан №6 «Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысын басшылыққа алады. Онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 141, 143-баптарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 24 және 152-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша қозғалған азаматтық істерді қарағанда соттар мынадай жағдайларды толық анықтау керек: талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, мәліметтер шындыққа жата ма.
Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың арнамысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысын жаманатты ететін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.
АК-тің 937 бабы 1 пунктісіне сәйкес заңды тұлғалар және азаматтар, егер олардың қызметі жоғары қауіпсіздікпен байланысты болса,(тарнспорт ұйымдары,өндіріс ұйымдары,құрылыстар,тарнспорт құрылғыларының иелері) егер зиян жәбірленушінің өзімен немесе басқа да күшпен келтірілгенін дәлелдей алмасы, зиян олардан өндірілуге жатады.
АК-тің 951 бабы 3 бөлігінің 1 тармағына сәйкес зиян келтiрушiнiң кiнәсiне қарамастан моральдық зиян мына жағдайларда, егер: зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптiлiк көзi арқылы келтiрiлген жағдайда өтеледі.
«Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының 5,6 және 7 тармақтарына сәйкес қызметi басқа адамдарға қауiп-қатермен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның келтiрілуi бой бермейтiн күштiң салдарынан немесе зардап шегушiнiң қасақаналығынан болғаны дәлелденбесе, қатерлi орын туғызу арқылы келтiрілген зиянды өтеуге мiндеттi. Қатерлi орын туғызу иесi келтiрiлген зиян үшiн қазiргi заң негiзiнде белгiленетiн мөлшерде жауап бередi. Жүзеге асырылуы адамның оны толық бақылауға алуына келмейтiндiктен зиян келтiретiн қатерлi орын туғызатын кез келген әрекеттер, сондай-ақ осындай сипаттағы өндiрiстiк, шаруашылық және басқа да бағыттағы заттар мен өзге объектілердi пайдалану, тасымалдау, сақтау жөнiндегi қызмет қатерлi орын туғызушы болып танылады. Соттар заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның iшiнде қызмет және күзетшi иттерiнiң) және жабайы жануарларының зиянды және бақылауға келмейтiн қимылдарын кейбiр жағдайларда қатерлi орын туғызушыға жатқызуға болатындығын ескеруi тиiс.
Қатерлi орын туғызушылардың қимылынан келтiрiлген зиян үшiн оларды арнайы мақсатпен пайдалану кезiнде және зиянды сипаттарының өзiнен-өзi пайда болуы кезiнде де жауапкершiлiк туындайды (мысалы, автокөлiктiң өзiнен-өзi жүрiп кетуi салдарынан келтiрiлген зиян). Қатерлi орын туғызушыны пайдалануды меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оперативтiк басқару құқығы ретiнде немесе басқа да негiздер бойынша (жалға алу келiсiм бойынша, көлiк құралын жүргiзу туралы сенiм хат бойынша, құзыреттi органның қатерлi орын туғызушыны тапсыру туралы өкiмi бойынша) иелену негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты қатерлi орын туғызу иесi деп тану керек. Қатерлi орын туғызушыны оның иесiмен еңбек шарты бойынша басқарып отырған адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) қатерлi орын туғызушының иесi болып танылмайды және зардап шеккен адамның алдында жауапты болмайды. Егер автокөлiк кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автомашиналарын өзiнiң жұмысшыларына, яғни кәсiпорынмен еңбек қатынастарында болып, кәсiпорын мүддесiнде еңбек еткен адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлiк құралы нақты айтқанда кәсiпорынның иелiгiнен шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн қатерлi орын туғызу иесi ретiнде кәсiпорын жауапты болады.
Қарағанды облысының Абай аудандық сотының шешімімен, апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз алдырылған, 2015 жылы 2 сәуірде «АрселорМитталТеміртау» АҚ «Абай шахтасы» КД-нен М.Ш.Ом-тың пайдасына 600 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.Талапкер шахтада жұмыс істеу салдарынан кәсіби ауруға шалдыққан.Қайғылы жағдай актісіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз, 59 пайыз кәсіби еңбекқабілеттілігі жоғалып және үшін топ мүгедектігі тағайындалған.Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде сот денсаулыққа келген зиянның деңгейін және денсаулықтың өмірге қажеттілігін ескерген.
Басқа жағдайда, Қарағанды облысы Шахтинск қалалық сотының шешімімен 2015 жылдың 18 ақпанында «АрселорМитталТеміртау» АҚ-нан Д.Ж.М-овтың пайдасына 200 000 теңге мөлшерінде денсаулыққа келтірілген зиян үшін өтемақы өндірілген.Сот шешім қабылдау кезінде оның 29 пайыз жұмыс істеу қабілетінің жоғалтуын ескерген.
Жезқазған қалалық сотының шешімімен 2015 жылдың 1 маусымында , апелляциялық және кассациялық сот алқасымен өзгерісіз қалдырылған, «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нен С.И.А-тің пайдасына 300 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілген. Сот шешім қабылдау кезінде оның 80 пайыз жұмыс істеу қабілетінің жоғалтуын және екінші топ мүгедектігінің тағайындалғанын ескерген.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық сотның шешімімен талапкер О.Н.Мещеряковтың жауапкер «Казцинк» ЖШС-не моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылған. Талапкер өндірісте зиянды жағдайларда машинист қызметінде жұмыс істеген, жасалған қайғылы жағдай актісіне сәйкес ол 24 пайыз жұмыс істеу қабілетінің жоғалтқан.Жұмыс беруші мен талапкердің арасында Еңбек кодексінің 52 бабына сәйкес еңбек келісім шарты бұзылған, және оған қоса моральдық зиян өтемақысы еңбекақысының 4 есе көлемінде төленген. Аталған сомма 1 136 785 теңге мөлшерінде талапкерге толығымен төленген. ЕК-нің 169 бабына сәйкес еңбек келісім шартының тарабы басқа тарапқа келтірген зиянды сот шешімімен немесе өз еркімен заңмен белгіленген мөлшерде төлейді. Соральдық зиян ақша түрінде тараптардың келісімі бойынша төленеді. Сондықтан сот моральдық зиян өтемақысын өндіруге негіз таба алмады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Судебный акт о взыскании понесенных медицинских расходов, возмещение морального вреда и судебных расходов
56 рет жүктеп алынды -
Судебный акт о взыскании суммы долга по расписке, возмещении морального вреда
57 рет жүктеп алынды -
Судебный акт о возмещении морального вреда
57 рет жүктеп алынды