Жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы
Бұйрық арқылы іс жүргізуді реттейтін ҚР АПК-сінің 12-ші тарауы болып танылады. Сот бұйрығы ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе сот тәртібімен жүзеге асыру осы кодестің 3- ші тарауы бойынша айқындалады.
Сот бұйрығы - бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндемелерін тыңдау үшін шақырмай - ақ және сотта іс қарамай – ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған сот актісі болып танылады.
ҚР АПК-нің 135 бабында сот бұйрығы шығарылатын талаптар көзделген.
Сот бұйрығын қозғауға негіз ол сот бұйрығын шығару туралы арыз болып танылады. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АПК-нің 136 бабында көзделген. Сонымен қатар сот бұйрығын қозғау туралы арызға өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мәнжайлар және мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелген құжаттардың тізбесі ҚР АПК-нің 136 бабының 4 тармағының талаптарына сай көрсетіледі.
Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АПК-нің 12-ші тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.
Сот бұйрығы шығару туралы талаптар ҚР-ның АПК-нің 135 бабында көрсетілсе, осы кодекстің 138 бабында сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі көрсетілген. Негізінен арыздар Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 18,35,60 бабтарының талаптарына сай қабылданғандығын көруге болады. Сонымен қатар сот бұйрығын қабылдау барысында, ягни ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе және міндеттеменің орындалмағанын борышкер жазбаша түрде мойындау туралы істер ҚР-ның АК-нің 272,273 бабтарының талаптарына сай қабылданады.
Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АПК-нің 13-ші тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі және осы мәмлемені саралау барысында соттардың жоғарыда көрсетілген заң талаптары дұрыс сақталға. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі ҚР-ның АПК-нің 140 бабында көрсетілген.
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері ҚР АПК-нің 138 бабымен реттеледі.
Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды ҚР-ның АПК-нің 151, 152 бабтарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады. Сонымен қатар судья арызды, егер ҚР-ның АПК-нің 138 бабының 1 бөлімінде көзделген, ягни мәлім етілген талап осы кодекстің 151,152 баптарымен көзделмесе, борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса, мәлім етілген талапты растайтын құжаттар табыс етілмесе, табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе, арыздың нысаны мен мазмұны осы кодестің 136 бабының талаптарына сай келмесе, арызға мемлекеттік баж төленбесе, кері қайтарады.
Арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арызды қою мүмкіндігіне өтінішті қабылдаудан бас тартуға кедергі келтірмейді.
ҚР-ның АПК-нің 138 бабының талаптарына сай судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы баптың талаптарына сай келмесе немесе мемлекеттік баж төленбесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға, кемшіліктерді жою үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, арыз сотқа алғаш тапсырылған куні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы кодекстің 138 бабының енінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады. Жіктегіш істерді саралау барысында бұндай кемшіліктерді соттардың жібермегендігін көруге болады. Сот бұйрығы - бұл мәлім етілген талаптың даусыз куәландырған мәміле негізінде қабылданатын сот актісі болып танылады. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі ҚР-ның АПК-нің 140 бабында көрсетілген.
Сот бұйрығында : жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні; соттын атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні; өндіріп алушының тегі, тұрғылықты жері, банк реквизиттері,борышкердің тегі, тұрғылықты жері, банк реквизиттері, талапты қанағаттандыруға негіз болған заң, өндіріп алушыға жататын ақша мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі, заңмен немесе шартпен көзделген тұрақсыздық айыбының мөлшері, мемлекеттік баждың мөлшері, сот бұйрығында шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Сот бұйрығының көшірмесін борышкерге жіберу ҚР-ның АПК-нің 142 бабымен реттелген.
Сонымен қатар борышкер сот бұйрығын алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Сот бұйрығының күшін жою ҚР-ның АПК-нің 142 бабында көрсетілген. Сот бұйрығының күшін жоюға негіз борышкердің сот бұйрығының заң талаптарына сай келмейтіндігі туралы арыз болып танылады.
Соттар, борышкердің сот бұйрығын жою туралы арызын қарау барысында ҚР-сы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 16 тармағын, ягни егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде сотқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жіберсе, онда судья олардың мазмұнына қарамастан сот бұйрығын бұзу туралы ұйғарым шығаруға міндетті.
Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда осы мерзім АПК-нің 126 бабына сәйкес қалпына келтіруі мүмкін. Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндірушіге берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.
Соттар, сот бұйрығын бұзу туралы ұйғаруда, арызданушыға істі талап қою бойынша іс жүргізу үшін қаралуға жататындығы туралы негіздерін түсіндіреді
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
қарыз ақша өндір туралы сот бұйрығы
65 рет жүктеп алынды