Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы

Кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы

 

Мәселен, Ж.М. С-ның С.А. Н-қа теңге мөлшеріндегі алимент бойынша берешегін өндіріп алу туралы талап-арызын қабылдаудан АІЖК-нің 153- бабының 1-тармағы 2) тармақшасы негізінде бас тартылды (Алматы қ. Бостандық аудандық соты), өткені 2011 жылғы 23 қарашадағы сот бұйрығымен С.А. Н-тан кәмелетке толмаған қызы Д. С.Н-ды күтіп-бағу үшін барлық табыс түрінің немесе өзге де кірістерінің ¼ бөлігі мөлшерінде ай сайын, 2001 жылғы 23 қарашадан бастап оның кәмелеттік жасқа толғанына дейін Ж.М. С-ның пайдасына алимент өндіріп алынды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 169-бабына сәйкес осы Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды.

Осылайша, берешек мөлшерін анықтау сот орындаушылары құзыретіне кіреді. Сот орындаушысы алимент бойынша берешекті анықтаумен келспеген жағдайда, кез келген тарап заңмен көзделген (169-бап) тәртіпте оның іс-қимылына шағымдануы мүмкін.

Теміртау балалар ауылы SOS Ю.С. М-ға қатысты алиментті өндіріп алу туралы талап-арызды қабылдаудан Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 153-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бас тартылды, өйткені аталған арыз азаматтық іс жүргізу тәртібінде қарауға және рұқсат беруге жатады (Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты). Талап-арыз шарттарына сәйкес талапкер сотты Ю.С. М-дан алименттерді өндіріп алу бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпараттандыруды, 09.07.1982 т.ж.; берешекті өндіріп алу мүмкін болмаған кезде «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәселені шешуді, яғни мындай құжаттарды ұсынуды сұрады: атқарушылық парақтың көшірмесі; 2011-2014 жылдары ішінде қарызданушы Ю.С.Маркинаның түсініктемесі; 2011-2014 жылдары ҚР ҚК-нің 136-бабы бойынша ескерту; 2015 жылғы 1 маусымдағы алиммент бойынша берешек мөлшерін айқындау туралы қаулы.

Сондай-ақ өтініш заңды түрде ҚР АІЖК-нің 154-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы негізінде қайтарылады, яғни егер ол туралы талапкер мәлімдесе.

Көрсетілген жағдайлар, яғни арызданушы үшін заң нормаларын дұрыс қолданудың мәні бар, өйткені арызды қабылдаудан бас тарту және арызды қайтару заңды салдарларға әкеледі. Бірінші кезекте, ҚР АІЖК-нің 153- бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту арыз берушінің, сондай-ақ талапкердің сол мәні және сол жағдай бойынша сотқа қайта жүгінуіне кедергі жасайды. Ал арызды қайтару, егер ол жол берілген бұзушылықты жойса, қайта жүгінуге кедергі жасамайды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 138-бабында ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндеті көзделген.

Көрсетілген нормадан, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларын күтіпбағуға тәртібі мен нысаны ана-аналармен өз еркімен анықталады.

 Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.