Кәмелетке толмаған балалары бар адамдар арасындағы неке бұзу туралы
Ең алдымен осы неке бұзу туралы даулардың соттылығы бойынша сотта қаралу мәселелерін реттейтін, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің нормалары сот тәртібінде некені бұзу туралы, некені бұзу мерзімі туралы, некені бұзу туралы шешім шағру кезінде, бұзу кезінде некені тоқтату кезеңіне негіздеме болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормалары, оларда некені бұзу туралы даулардың соттылығы мәселелері, азаматтық істерді қарау тәртібі, оның ішінде некені бұзу туралы, шешімдерді құру және толтыру т.б. реттелген.
«Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір № 5 Қаулысының нормаларын, «Сот шешiмi туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 24- тармағының а) тармақшасын негіздемеге алынады.
Соттылығы
2011 жылғы 26 желтоқсандағы №18-1У «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 17-бабына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзу тіркеу органдарында кәмелетке толмаған балалары болмаса, бір-біріне мүліктік наразылық кезінде өзара келісулері бойынша жүргізіледі.
Жұбайларының ортақ кәмелетке толмаған балаларының бар болуына қарамастан, некені тіркеу органдарында бұзу жұбайлардың бірінің арызы бойынша басқа жұбайында:
1) сотпен себепсіз жоқ деп танылса;
2) сотпен әрекетсіздігін таныса;
3) сотпен әрекетті шектеулі деп танылса;
4) қылмыс жасағаны үшін үш жылдан кем емес бас бостандығынан айырған.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 19- бабының 2-тармағына сәйкес сот тәртібінде мына жағдайларда:
1) Кодекстің 17-бабының 2-тармағындағы жағдайларды қоспағанда ерлі-зайыптылар арасында кәмелетке толмаған ортақ балалары болса;
2) ерлі-зайыптылардың бірінің некені бұзуға (ерлі-зайыптылықты) келісімі болмаса;
3) егер ерлі-зайыптылардың бірі, оның қарсылығы болуына қарамастан, өз әрекетімен не әрекетсіздігімен некені (ерлізайыптылықты) бұзудан жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге қарсылықтары болса жүргізіледі.
Сот практикасында кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар арасында некені бұзу туралы даулардың ведомстволықтары қандай-да бір қиындықтарды туғызбайды, өйткені олардың ерлі-зайыптылар барлығы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 17-бабының 2- тармағында көзделмеген жағдайлардан басқа, сотта қаралуға жатады.
Соттылығы
Соттылығының жалпы қағидасы бойынша некені бұзу туралы талап қою АІЖК-тің 31-бабына сәйкес жауапкердің мекенжайы бойынша сотқа беріледі.
«Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір № 5 қаулысының 9-тармағына сәйкес мекенжайы белгісіз, не мекенжайы Қазақстан Републикасынан тыс жердегі адаммен некені бұзу туралы талап қоюы оның мүлкінің орналасқан мекенжайы, не соңғы белгілі мекенжайы бойынша беріледі (АІЖК-тің 1- тармағы).
Талапкермен кәмелетке толмаған балалары болса немесе денсаулығына байланысты жауапкердің мекенжайы бойынша баруы мүмкін болмаса, талап қою мекенжайы бойынша беріле алады (АІЖК-тің 32- бабының 7-тармағы).
Бас бостандығынан айырылған адамдармен неке бұзу туралы талап қоюлар оны жазалау мерзімінің белгілі болуына қарамастан, соттылығы бойынша жалпы қағидасын сақтай отырып, беріледі. Егер талап қою жауапкердің мекенжайы бойынша сотқа берілсе, онда оның сотталғанға дейінгі мекенжайы бойынша беріледі.
Мемлекеттік баж
Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағының некені бұзу туралы талап арыз берушіден айлық есептік көрсеткіштің 30 % мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріліп алынады. Осы мемлекеттік баждың төлеушісі талапкер болып табылады.
Сонымен қатар, АІЖК-тің 110-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пайдасына сот шешім шығарылған тарапқа басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді.
Егер талап ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талапкерге қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне барабар, ал жауапкерге – талапкердің қойған талаптарынан бас тартылған бөлігіне барабар беріледі. Көрсетілген АІЖК-тің нормасы некені бұзу туралы істерге де қолданылады.
Алайда, некені бұзу туралы істерге АІЖК-нің 110-бабының 1- тармағының нормаларын қолданбауы орын алуы жалғасуда. Өйткені, зерделенген сот актілерінің басым бөлігі, талап қоюды қанағаттандырған жағдайда талап қоюды беру кезінде мемлекеттік бажды.
төлеу кезінде сот шығыстары жауапкерден талапкердің пайдасына өндіріп алынбайды. Салық кодексінің 537-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу үшін мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызын құрайды.
Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың қайсысынан және қандай мөлшерде мемелекеттік баж өндіріліп алынатыны, әрі ерлі-зайыптылардың қайсысы, материалдық жағдайы, тәрбиелеуінде бала бар екенін, тағы басқа мән-жайларды ескере отырып оны төлеуден босатылатыны көрсетілуі тиіс.
«Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік 2000 жылғы 28 сәуір № 5 нормативтік қаулысының 22- тармағына сәйкес некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі де, ажырасуға бас тарту туралы шешімі де заңды және дәлелдемелермен негізделген, сот отырыстарында жан-жақты тексерілген болуы тиіс.
Шешімнің уәжделеу бөлігінде некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуға ерлізайыптылардың бірі қарсылық білдірген жағдайда, ерлі-зайыптылар араларындағы келіспеушілік себептері, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігі туралы дәлелдемелері, не соттың отбасын сақтап қалу мүмкіндігі туралы қорытындысы көрсетіледі, оның негізінде сот басшылыққа алған өзге де дәлелдемелерді, заңдарды негізге ала отырып бас тартады.
Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талап қоюды қанағаттандыру туралы шешімінің резалютивтік бөлігі Кодекстің 22-бабының 2-тармағында аталған, оның ішінде бірлесіп қарау үшін біріктірілген тараптардың барлық талаптары бойынша сот қорытындысынан тұруы тиіс.
Шешімнің осы бөлігінде некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін қажет мәліметтері (некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні, акті жазба нөмірі, тіркеу органының атауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар тегі – ортақ тегі сақталған, не бұрынғы, некеге дейінгі тегі қайта қалпына келген) көрсетіледі. Ерлі-зайыптылардың тегі шешімде неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігіне сәйкес жазылады, ал некеге тұрған кезде тегі өзгерген жағдайда кіріспе бөлігінде некеге дейінгі тегі көрсетіледі.
Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың қайсысынан және қандай мөлшерде мемелекеттік баж өндіріліп алынатыны, әрі ерлі-зайыптылардың 7 қайсысы, материалдық жағдайы, тәрбиелеуінде бала бар екенін, тағы басқа мән-жайларды ескере отырып оны төлеуден босатылатыны көрсетілуі тиіс. Некенi (ерлі-зайыптылықты) тоқтату кезеңі – шешімнің заңды күшіне енгізілген күні көрсетіледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі неке бұзу туралы талап
64 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі некені бұзу туралы (2)
65 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі некені бұзу туралы (3)
62 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі некені бұзу туралы
62 рет жүктеп алынды