Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент мөлшерін өзгерту (азайту).

Кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент мөлшерін өзгерту (азайту).

Кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент мөлшерін өзгерту (азайту).

Кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент мөлшерін өзгерту (азайту).

 

Талапкер Ю.Ю. П-ий 2015 жылғы 22 маусымдағы Семей қалалық сотының бұйрығымен 2003 жылғы 18 мамырда туған ұлы П-ий А.Ю күтіп ұстауға ай сайын табыстың барлық түрінің немесе өзге де табыс бөлігінің ¼ мөлшерінде алимент А.В. П-дің пайдасына өндіріп алынғандығын көрсете отырып, кәмелетке толмаған балалрын күтіп-ұстауға алмент мөлшерін өзгерту туралы талап-арызбен сотқа жүгінді. Бұдан басқа, 2015 жылғы 19 тамыздағы Семей қалалық сотының шешіміне сәйкес одан 2015 жылғы 30 наурызда туған қызы, М.Ю. С-ны күтіп-ұстауға ай сайын табыстың барлық түрінің немесе өзге табыстың бөлігінен ¼ мөлшерінде Ю.В. С-ның пайдасына алименттер өндіріп алынды.

Заңмен белгіленген алимент мөлшері сот тәртібінде тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және өзге де жағдайларды ескере отырып, сотпен азаюы немесе ұлғаюы мүмкін. Ұқсас норма жоғарыда көрсетілген Кодекстің 175-бабы 1-тармағында қамтылған. Бұл ретте, заң алимент мөлшерін өзгерту үшін негіздемелердің нақты тізбесін қамтымайды, сондықтан да осы мәселе ұсынылған дәлелдер мен тараптар айғақтарын ескере отырып шешілуі тиіс.

Осы баптың мағынасында бап нормасын пайдалану кезінде баланың мүддесі бірінші ескерілетіндігі көзделеді. Бұдан басқа, заңның осы нормасы алименттер мөлшерін азайтуды емес, ал сот құқығын көздейді.

Талапкер сотқа қызы Милананы күтіп-ұстауға сот шешімі бойынша оның табысынан ¼ бөлігі мөлшерінде алименттер өндіріп алынғанын көрсете отырып, сот бұйрығын жою туралы өтінішпен жүгінген жоқ.

Қазіргі уақытта талапкердің тұрақты жұмыс орны бар, айына табысы шамамен 50000 теңге, еркін кестесі бар дара кәсіпкер болып жұмыс істейді. Сот талапкердің 2015 жылғы 19 тамыздағы сот шешімі оның материалдық мүддесін барынша бұзғандығы туралы айғақтарға сындарлы қарады. Талапкер мен жауапкер А.В. П-кая бір мекенжай бойынша, ұлы А.Ю.П-ге тұрады. Талапкер баланың тәрбиесіне және күтіп-ұстауына қатысады. Осы фактіні талапкер мен талапкердің жұбайы дауға салған жоқ. Ю.Ю. П-ий мен А.В. П-ның арасындағы неке бұзылмаған.

Белгіленген жағдайларда сот жауапкер А.В. П-кая сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен жүгінуі, осы талап-арыз өз әкесінен бөлек тұратын, кәмелетке толмаған баласы М.Ю.С-ның құқығын барынша бұзатын жасанды негіз жасау үшін алдын алынғадығы туралы қорытындыға келді.

Талапкер өз дәлелдері негізінде, нақты деректерді ескере отырып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайына сүйене отырып, оның ауыр материалдық жағдайы немесе өзге де назарға алатын жағдайлар туралы куәландыратын дәлелдер келтірмегендіктен талап-арызды куәландырудан бас тартылды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.