Лизинг нысанасын даусыз талап ету даулары туралы
Қаржы лизингі туралы Заңың 23 б. талабы бойынша лизинг алушы лизинг нысанасын қайтаруға тиiс, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу құқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алу құқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда.
Мұндай талаптарда дәлелдеу нысанасына лизинг берушінің жолсыздықтарды растауы мен лизинг алушының шарт бойынша міндеттемелері кіреді.
ҚР АК 272 б. сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.
05.07.2000 ж. №78-11 "Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңының 12 б. 2.т.2 т. негізінде лизинг алушы "лизинг төлемдерiн дер кезiнде төлеп тұруға" міндетті.
"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңының 24 б. 1 т. бойынша" лизинг берушiнiң, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасын, шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалатын жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талап етуге құқығы бар".
"Қаржы лизингі туралы" ҚР Заңының 24 б. 2 т сәйкес лизинг беруші лизинг нысанасын даусыз талап етуге мына жағдайларда құқығы бар:
1) егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
2) егер лизинг алушы лизинг берушiнiң лизинг нысанасына қол жеткiзуiн шектесе;
3) егер лизинг алушы белгiленген көлемдегi лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн шартта көзделген мерзiмде қатарынан екi немесе одан көп рет төлемесе.
Сол сияқты, қолданыстағы ҚР Заңдарына сәйкес Қаржы лизингі шарттарында талапкердің лизинг нысанасын даусыз талап етуге құқығы бар.
Лизинг шартында тағы мына жағдай қарастырылған, лизинг беруші кез келген уақытта және өз қалауы бойынша лизинг алушыны лизинг нысанасынан айыру және оны өз қарамағына сақтауға алу туралы оған хабарлап, лизинг алушының лизинг нысанасын иелену және қолдану құқын шектей алады, егер лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы жасалған шарт міндеттемелерін және немесе басқа кез келген шарттардың міндеттемелерін лизинг алушы бұзса.
Айтылғандардың негізінде, өндіріп алушы сот бұйрығын шығару туралы өтініш береді, егер борышкер төлем мерзімін өткізіп алса, лизинг шарты бойынша борышкердің өз міндеттемелерін бұзуы салдарынан туындаған қарыз суммасы туралы жазбаша түрде ескертілген, бірақ жиналған қарызды өтеу туралы ешқандай алдын ала қам жасамайды немесе лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына құқығын шектейді. Бұл жағдайда лизинг беруші ҚР АІЖК 141 б. 1т. бойынша "Сот бұйрығын шығару туралы өтінішті" осы Кодекстің 3 тарауындағы соттылықтың жалпы ережелері бойныша сотқа береді".
Өтінішті өз өндірісіне қабылдағаннан кейін ҚР АІЖК 140 б. 7-1) т. бойынша төмендегдей мазмұнда сот бұйрығын шығарады: "Сот бұйрығы шығарылады:... егер ҚР заң актілеріне сәйкес лизинг нысанасын даусыз талап ету " туралы талабы өтінілсе. ҚР АІЖК 139 б. 1 т.талаптарына сай сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу, борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамайақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Сот бұйрығының мазмұны ҚР АІЖК 146 бабы бойынша анықталады. Сот бұйрығы атқарушы құжат күшіне ие. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық шығарылғаннан кейін сот шешімдерін атқару тәртібімен жүргізіледі.
ҚР АІЖК 141 б. бойынша сот бұйрығын шығару туралы өтініштің мазмұны мен нысанасы туралы талаптарында сот бұйрығын шығару туралы өтініш Осы Кодекстің 3 тарауында бекітілгендей Өтініш жазбаша түрде беріледі соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.
Өтініште көрсетілуі керек:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) өндіріп алушының аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
3) борышкердің аты, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
4) өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар;
5) мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі.
Мүлікті талап ету жағдайында өтініште сол мүліктің бағасы көрсетілуі керек. Өтінішке өндіріп алушы не оның өкілі қол қояды.
Өкіл берген өтініште оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркеледі. ҚР АІЖК 146 б. талаптарына сәйкес сот бұйрығында көрсетіледі:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
3) өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері, ұялы және қалалық байланыс абоненттік номерлері туралы мәліметтер, егер бар болса, электрондық адрес.
4) борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны туралы мәліметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен ұялы және қалалық байланыс абоненттік номерлері туралы мәліметтер, егер бар болса, электрондық адрес.
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша соммаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот бұйрығына сот қол қояды.
Мысалы: жауапкершілігі шектеулі жолдастық «Г.С.-ден» лизинг нысанасын алу туралы «Б.Банк» акционерлік қоғамының сот бұйрығын беру туралы өтінішін қарау негізінде шығарылған Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22.01.2014 ж. бұйрығында өндіріп алушы мен борышкерге нұсқамалар көрсетілмеген, заңды тұлға ретінде өндіріп алушының, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтері (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса), банк реквизиттері мен ұялы және қалалық байланыс абоненттік номерлері туралы, электрондық адрес туралы мәліметтері жоқ.
Сот бұйрығының шешімін шығару кезінде мүлігін талап ету нұсқауының орнына мүлігін алу сөзі қолданылған.
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 2 б. сәйкес заң нормаларында бекітілгендей қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. .
Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi (ҚР АК 565 б.).
ҚР АК 564 б. сай лизинг шарты мүлікті жалдау (наим) тарауында бекітілген жалдау міндеттемелері мен ережелерінің жеке түрі ретінде қарастырылады, олар туралы заң актілері мен осы Кодекстің ережелерінде өзгеше көзделмесе. Лизинг шартын жалдаудың басқа түрлерімен біріктіретін жағы, ол мүлік жалға берушіге уақытша ақылы иелену және қолдануға беріледі Сонымен бірге, оны жалдау шартының жеке түрі ретінде айқындайтын ерекше сипаттамалары бар.
Біріншіден, лизинг шарты бойынша лизинг беруші және лизинг алушымен бірге, міндетті тұлға ретінде, лизинг шартында тарап болып қатыспайтын мүлік иесі мүлік сатушысы қатысады.
Екіншіден, лизинг беруші, жалдау туралы жалпы ережелерден басқа, лизингке берілетін мүліктің титулдық иесі не меншік иесі болып табылмайды. Одан басқа, лизинг берушіге басқа тұлғаға (сатушыға) тиісті бұл мүлікті жеке меншікке алу міндеті жүктеледі. Лизинг берушінің бұл міндеті лизинг шартынан туындайтын міндеттеме мазмұнынымен қамтылады. Мүлікті лизинг алушыға арнап алу кезінде лизинг беруші сатушыны бұл мүліктің жалға беруге арналғаны туралы хабарлауы керек.
Үшіншіден, жалгерлік қатынастарға тән емес белсенді роль лизинг шарттарында лизинг алушыда болады. Тек лизинг алушы ғана сатушыны анықтап және кейіннен жалға берілетін мүлікті лизинг алушы өзі алуы керек. Әрине, лизинг беруші зат пен сатушыны таңдағаны үшін қандай да бір жауапкершіліктен босатылады. Лизинг шартында сатушы мен алынатын мүлікті лизинг берушінің таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Төртіншіден, лизинг шарты бойынша жалға берілген мүліктерді лизинг алушыға лизинг беруші емес, сатушы арқылы берілетіні туралы АК дизпозитивті норма түрінде баяндалған ережесі жалдау туралы жалпы ережелермен салыстырғанда, ерекше болып саналады.
Соған қарамастан, лизинг беруші жауап беретін міндеттемелер бойынша мерзімін өткізіп алса, онда бұл міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік лизинг берушіде болады. ҚР АК 572 б. талаптары бойынша сатушымен болатын қатынастарда лизинг алушы мен лизинг берушi бiрлескен кредит берушi болады.
Бұл жағдайда лизинг алушы лизинг берушіден шартты бұзу мен шығындарды өтеуді талап етуге құқығы бар. Сатушының лизинг алушыға шартта көрсетілген лизинг мүлігін өткізген сәттен бастап лизинг алушыға жалға берілетін мүліктің кездесоқ жойылу немесе кездейсоқ бұзылу тәуекелі ауысады. Лизинг шартының нысанасы болып кез келген тұтынылмаған заттар болуы мүмкін, соның ішінде, өндірістер және басқа мүліктік комплекстер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, транспорттық құралдар және кәсіпкерлік іс-әрекеттерде қолдануға болатын басқа қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер. Жер учаскелері және басқа табиғи объектілер, сол сияқты, еркін айналымға түсуге федералдық заңдармен тыйым салынған және ерекше ұстау тәртібі бекітілген заттар лизинг нысанасы бола алмайды. Лизинг нысанасын иелену және қолдану құқығы лизинг алушыға толығымен ауысады, бірақ, лизинг шартымен басқаша бекітілуі мүмкін.
Осы жағдайда, лизинг алушыға уақытша иелену мен қолдануға берілген лизинг нысанасы лизинг берушінің меншігі болып табылады. Лизинг берушінің лизинг нысанасына билік құқығы лизинг нысанасын лизинг алушының иелігі мен қолдануынан алу құқығын қамтиды, ҚР Заңдары мен лизинг шартында қарастырылған тәртіп пен жағдайларда. Кез келген шарушылық шарты жасалды деп есептеледі, егер тараптар барлық негізгі мәселелері бойынша келісімге келсе. Лизинг шарты үшін заңда көрсетілген міндетті ереже- тек лизинг нысанасы болып табылады.
Лизинг алушыға өткізілетін лизинг нысанасы болатын мүлікті анықтайтын мәліметтердің болмауы лизинг шартын жасалмаған деп есептейді. Лизинг шарты мерзімінен тәуелсіз жазбаша түрде жасалады. Нысанасы осы мүлік болып саналатын лизинг шарты бойынша табысталатын мүлікке құқық тіркелуге жатады.
Мысалы, бір жылға жетпейтін мерзімге жасалған жылжымайтын мүліктің лизинг шарты. Бұл жағдайда, лизинг шарты «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және олармен келісім туралы» ҚР заңына сәйкес лизинг берушінің меншік құқығына ауыртпалық салу ретінде тіркеледі. Лизинг берушіге тиісті лизинг нысанасын лизинг алушының иелену және қолдану құқығы ауыртпалық болып табылады. Лизинг шарты бойынша өздерінің міндеттемелерін орындау үшін лизинг субъектілері міндетті және жанама шарттар жасасады, ол лизинг шартының маңызды ерекшелігі болып табылады.
Міндетті шарттарға сатып алу-сату шарты жатады. Сатып алу-сату шартының ережелеріне сәйкес, қаржылық жалға алу шартының затын құрайтын мүлікті сатушы, оны жалға берушіге емес, тікелей жалға алушыға оның орналасқан жерінде табыстайды, егер қаржылық лизинг шартында басқаша қарастырылмаса. Жанама шарттарға қаржы тарту шарты, кепіл шарты, кепілдік шарты, кепілгерлік шарты және басқалар жатады. Лизинг шартының мазмұнын тараптардың құқықтары мен міндеттері құрайды. Лизинг шартының негізінде лизинг беруші лизинг алушыға лизинг нысанасы ретінде белгілі бір шарттармен, белгілі бір уақытқа, белгілі бір ақыға табыстау үшін белгілі бір мүлікті белгілі бір сатушыдан меншігіне алуды міндеттенеді.
Өз кезегінде, лизинг алушы лизинг нысанасын аталған лизинг шартында көрсетілген тәртіпте қабылдауға, лизинг берушіге лизингтік төлемдерді лизинг шартында қарастырылған мерзімдер мен тәртіпте төлеуге, лизинг шартының мерзімінің аяқталуына байланысты лизинг нысанасын қайтаруға, егер аталған лизинг шартымен басқа ждағдайлар қарастырылмаса, немесе сатып алу шарты негізінде лизинг нысанасын меншігіне алуға, лизинг шартының мазмұнынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындауға міндеттенеді. Қаржы лизингі шартының ерекшелігі болып лизинг алушының нысанасын құрайтын мүліктің сапасы мен жиынтықтылығы, жеткізу мерзімі, сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын басқа талаптарды тікелей мүлікті сатушыға қоя алады.
Лизингтік төлемдерге лизинг шартының барлық әрекет ету мерзіміне байланысты төлемдер, оның құрамына лизинг алушының лизинг нысанасын алу мен табыстауға байланысты лизинг берушінің шығындарын өтеу, лизинг шартында қарастырылған басқа қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды өтеу, сол сияқты, лизинг берушінің түсімі кіреді.
Лизинг шартының жалпы суммасына лизинг нысанасын сатып алу бағасы кіруі мүмкін, егер лизинг шартында лизинг алушыға лизинг нысанасына меншік құқын аудару қарастырылса. Лизинг шартының субъектілік құрамы мен спецификасы даудың осы категориясының ведомстволық бағыныстылығының ерекшеліктерін анықтайды.
Мысалы, ҚР АК 566 б. ережелеріне сай қаржылық жалдың «лизингтің» заты болып кәсіпкерлік іс-әрекетте қолданылатын тұтынылмайтын заттар табылады. Осыған байланысты, лизинг шартының субъектілері ретінде лизинг беруші (жалға беруші) жағынан және лизинг алушы (жалға алушы) жағынан коммерциялық ұйым (заңды тұлға) және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азамат бола алады.
Сол сияқты, ҚР АІЖК 30 б. талаптарына сәйкес мынандай қорытынды жасауға болады: лизинг шартынан туындайтын даулар тек мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың құзырына жатады.
Қаржы лизинг шартынан туындайтын ең көп таралған сот дауларының қатарына жатқызуға болады:
- лизингтік төлемдер бойынша қарыздарды өтеу туралы лизинг берушінің талаптары;
- лизинг берушінің қаржылық жалға беру шартын бұзу туралы және лизинг шарты бойынша табысталған мүлікті қайтаруға лизинг алушыны міндеттеу;
- лизинг алушының қаржылық жалға беру шартын бұзу және шығынды өтеу туралы талаптары;
Ескерілуі қажет: негізгі қарыз ретінде мәлімделген қаржы қаражатын өндіру туралы талаптар АК 351 б. сай есептелген бөтен ақша қаражатын қолданғаны үшін пайызын немесе шарт айыпақысын өндіріп алу туралы талаптарымен толықтырылуы мүмкін.
Талап қою талаптарының тақырыптарының әртүрлілігін ескере отырып, даудың әр қатегориясы бойынша дәлелдеу ерекшеліктерін атауға болады. Сонымен бірге, талаптың барлық категориялары үшін құрылған шарттың құқықтық сипаттамасын орнату міндетті болып табылады, егер шартты құру кезінде төмендегі нақты жағдайлар зерттелсе:
1) тараптардың еркін білдіруі қандай құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған;
2) шарт өз сипаты бойынша қаржы лизинг шартына жата ма;
3) шын мәнінде құрылған шарт оның ережелеріне қатысты заң талаптарына сай ма.
Берілген талаптың сипатынан тәуелсіз сотқа ұсынуға жататын міндетті дәлеледемелердің қатарына лизинг алушының лизинг нысанасын алу фактісін куәландыратын дәлеледемелерді жатқызуға болады (лизинг алушыға мүлікті табыстау бойынша міндеттемелерді бұзуға негізделген талаптардан басқа).
Сонымен бірге, егер лизинг шартының нысанасы жылжымайтын мүлік болса немесе лизингке табысталған мүліктің құрамына енсе, онда ондай шарттың мемлекеттік тіркелуі туралы куәландыратын дәлеледемелерді ұсыну міндетті болып табылады
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Суд приказ о вынесении судебного приказа об изъятии предметов лизинга
70 рет жүктеп алынды