Мүлікті бөлу туралы істерді қараудың соттылығы
Мүлікті бөлу туралы істер процестік заңнаманың жалпы нормалары сақталып қаралады. ҚР АІЖК-нің 31-бабына сәйкес талап арыз жауапкердің тұратын жеріндегі сотқа ұсынылады.
Осы процестік норманы дәлме-дәл түсіру ерлі-зайыптылардың арасындағы бірлесіп жинаған мүлікті бөлу туралы істерді жауапкердің тұратын жеріндегі соттың қарауына жататынын көздейді. АІЖК-нің 32-бабының 7-тармағына сәйкес некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайларда да оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.
Талапкердің таңдауы бойынша сотта қарау туралы осы нормадан егер мүлікті бөлу туралы талап арыз некені бұзу туралы талаппен бірге мәлімделсе, онда талапкер осы құқық нормасында көзделген мәнжайлар болған кезде өзінің тұратын жеріндегі сотқа жүгінуге құқылы екендігі туындайды.
Аталған норма нақты тұжырымдалғанына қарамастан, ерлізайыптылардың арасындағы мүлікті бөлу туралы даудың соттылығын анықтау кезінде қателіктер кездеседі.
Некені бұзу процесінде үшінші тұлғалардың қатысуына (дау мәніне дербес немесе дербессіз талаптармен) жол берілмейтіндіктен, осы процесс шеңберінде осы үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын ерлі- зайыптылардың ортақ мүлікті бөлу туралы мәселе туындағанына қарамастан, сот мүлікті бөлу туралы талапты бөлек өндіріске қоюды талап етуге құқылы. Алайда, осындай даулар бірге қаралған жағдайлар бар.
Мәселен, Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2015 жылғы 28 мамырда А.И.К-ның А.Н.К-ваға қарсы ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызы және А.Н.К-втың А.И.К-аға, И.М.К-ваға қарсы мүлікті талап ету және сарапшылардың қорытындысы мен ақпараттық анықтаманы жарамсыз деп тану жөнінде келтірген талап арызы бойынша шешім шығарған. Осы шешіммен сот ерлі-зайыптылардың арасындағы мүлікті бөлумен қатар талапкердің ікесі И.М.К-вке қарсы мүлікті талап ету және сарапшылардың қорытындысы мен ақпараттық анықтаманы жарамсыз деп тану туралы талап арызын қараған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі дүние мүлік бөлу туралы
52 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жеке заттарын қайтарып алу туралы
57 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы (2)
71 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы
59 рет жүктеп алынды