Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Моральдық зиянды өндіру мөлшерін анықтау өлшемдері.

Моральдық зиянды өндіру мөлшерін анықтау өлшемдері.

Моральдық зиянды өндіру мөлшерін анықтау өлшемдері.

Моральдық зиянды өндіру мөлшерін анықтау өлшемдері.

 

Зерделеу кезінде талап арыздармен сотқа жүгінудің негізгі себептері болып: жоғары қауіпсіздік дереккөзінің келтірген зияны; қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тарту, заңсыз соттаудан келтіріген зияны;еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулық және өмірге келтірілген зиян; әкімшілік құқықбұзушылық жасау және қылмыспен жазаланатын әрекеттерден келтірілген зиян; қызмет көрсету саласындағы зиян келтіру; еңбек қатынастары бойынша зиян келтіру; ар ожданды қорғау; дәрігерлік қателіктің салдарынан зиян келтіру табылады.

Азаматтық кодекстің 951-бабына сәйкес моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген (төзiмiн тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңiлту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Моральдық зиян, егер: туыстарынан айырылуына байланысты уайымға салыну;.белсенді қоғамдық өмірді жалғастыруға мүмкіндіктің болмауы; жұмыстан айырылу; дәрігерлік және отбасылық құпияның ашылуы;.азаматтық іскерлік беделдігін, ар ожданын қарайтатын сәйкестікке келмейтін мәліметтердің таратылуы; белгілі бір құқықтардың уақытша шектелуі немесе айырылуы; денсаулыққа келтірілген зияннан физикалық ауыртпашылықтардың болуы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Моральдық зиянды өтеу жөнінде соттармен заңды қолдану туралы» нормативтік қаулысының 3 тарамағына сәйкес моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе олардан айырудан туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.

Азаматтың жан азабы деп адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге, ашуға, ұятқа, қажуға, жайсыздыққа және т.б. байланысты басынан кешiретiн эмоциялық-өзiндiк жан күйзелiсi сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер тiкелей жәбiрленушiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарының (ата-анасының, жұбайының, баласының, бауырының, апа-сiңлiсiнiң) өмiрi мен денсаулығына құқыққа қайшы қол сұғуға; бас бостандығынан заңсыз айыруға немесе шектеуге не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айыруға; денсаулығына зиян келуiнiң нәтижесiнде, оның iшiнде бет әлпетiне адам танымастай болып жарақат пен сызаттың түсуiнiң салдарынан алғашқы бейнесiнен айырылуына байланысты белсендi еңбек ету және қоғамдық қызметтi жалғастыру мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылуға; отбасылық, жеке және дәрiгерлiк құпияның ашылуына; хат-хабар алмасу, телефон мен телеграф ақпараты құпиясының бұзылуына; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердi таратуға; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуына; авторлық және аралас құқықтарының бұзылуына және т.б. байланысты болуы мүмкiн. Тән азабы деп құқыққа қайшы күш қолдануға немесе денсаулығына зақым келтiрiлуiне байланысты сезiнетiн тәнiнiң ауыруын түсiну қажет.

Заңмен реттелген қайтыс болған тұлғанікі болған жеке мүліктік месе құқықтары және басқа да материалдық емес игіліктер басқа тұлғалармен, онымен қоса құқықиегерінің мұрагерлерімен қорғалып, жүзеге асырылады. Барлық аталған игіліктер Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілденген азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына жатады.

ілденген азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына жатады. Нормативтік қаулының 7 тармағында моральдық зиян үшiн жасалатын өтемнiң мөлшерiн белгiлеу кезiнде соттар субъективтi баға ретiнде жәбiрленушiге келтiрiлген жан азабы мен тән азабының ауырлығын, сондай-ақ осыларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда:

мүлiктiк емес игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, жеке бас бостандығы, жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиясы, арнамысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын;

жәбiрленушiнiң басынан кешкен жан немесе тән азабының ауырлығын (бас еркiнен айырылу, дене жарақатын түсiру, жақын туыстарынан айырылу, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе шектелуi және т.б.);

моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болған кезде зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң нысанын (қасақана ниетпен, абайсыздық) назарға алулары қажет.

Сот моральдық зиянның ақшалай нысандағы өтемiнiң мөлшерiн анықтау кезiнде iс материалдарымен негiзделген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауапкершiлiк көтеретiн азаматтың отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы.

АК-тің 952-бабы 2-тармағында тән және жан азабын бағалауда сот моральдық зиян келтіру кезінде нақты жағдайларға және жәбірленушінің жеке ерекшеліктеріне қарайтындығы туралы қарастырылған.

Әрбір нақты жағдайда қанағаттандыруға жататын өтеу мөлшерін белгілеу кезінде, төмендегіне ескеру қажет:жеке мүліктік емес құқықтары мен игіліктерінің өмірлік қажеттілігі (өмір,денсаулық,бостандық,тұрғын үйге қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия,ар ождан т.б,); зиян келтірушінің кінәлігінің дәрежесі, оның нысаны;талапкерге келтірілген жан және тән азабының көлемі, оның дәрежесі;материалдық зиянмен байланысты өтелу мөлшері және моральдық зиянды өтеу мөлшерін тәуелді етіп қоймау;әділеттілік пен парасаттылықтың талабы;басқа да назар аударуды қажет ететін жағдайлардың болуы. Сотта көрсетілген барлық жағдайларды дәлелдеу қажет.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.