Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Моральдық зиянның ақша өтемақысын жұмысқа қайта орналасуда өндіру

Моральдық зиянның ақша өтемақысын жұмысқа қайта орналасуда өндіру

Моральдық зиянның ақша өтемақысын жұмысқа қайта орналасуда өндіру

Моральдық зиянның ақша өтемақысын жұмысқа қайта орналасуда өндіру

Еңбек дауын шешу үшін сотқа жүгінген кезде жұмысқа қайта орналасу, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптармен талапкерлер моральдық зиянды өтеу туралы талапты жиі түрде мәлімдейді.

Мәселен, С.Т.Д. «...» РОО Павлодар облыстық кәсібитехникалық оқу орталығы» Мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) жалақыны уақытылы төлемегені үшін айып төлемді өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қойды, бұл оны жауапкермен еңбек қатынастарында және сағаттық еңбек төлемімен оқытушы лауазымында болғанымен уәждеді. Жұмыс беруші жалақы төлемін толық көлемде жүзеге асырмады, одан кейін еңбек қатынастары талапкердің бастамасы бойынша тоқтатылған. Жалақы бойынша қалған берешекті жауапкер талапкердің еңбек Басқармасына жүгінгеннен кейін ғана төлеген.

Павлодар қалалық сотының 2016 жылғы 13 шілдедегі шешімімен Мекемеден С.Т.Д. пайдасына жалақыны уақытылы төлемегені үшін 1050 теңге айып төлем өндіріп алынған, моральдық зиян бөлігінде бас тартылған.

Апелляциялық алқаның қаулысымен соттың шешімі моральдық зиянды өндіріп алудан бас тарту бөлігінде өзгертілген және 50 000 теңге моральдық зиянның ақша өтемақысы өндірілген.

Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-б. мазмұнынан шыққан – еңбекті уақытылы төлеуге азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың ең әлеуетті бағыттарының бірі болып табылады.

ҚР АК-нің 951-б. 1-т. сәйкес моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және еңбек заңнамасымен белгіленген мерзімдерде төлемеу ӘҚБтК-нің 87-б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады, ол үшін жауапкер 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған болатын.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-б. ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген, ал 24-б. еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығын бекітеді. Сондықтан да шын мәнінде жалақыны төлемеу адамның қадірқасиетін, өмірін, оның денсаулығын, жан және тән күйінің кемітуіне әкеледі.

Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулының 3-т. бұзылуы, айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын өзіндік мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесiлi игiлiктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiрін, денсаулығын, ар-намысын, қадірқасиетін, бостандығын, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал азаматтың заңмен берілген құқықтарына тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол сұқпаушылық, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясы, телефон, телеграф хабарларының және хат алысу құпиясы; атын пайдалану; өз бейнесiне; авторлық және аралас құқықтар туралы заңнамаға сәйкес авторлық және басқа да мүлiктiк емес өзiндiк; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жерiн таңдау, анық ақпарат алу құқығын, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады деп түсіндірілген.

Еңбек Кодексімен қызметкерге жұмыс берушінің заңсыз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келтірілген моральдық зиянды өтеу мәселелері реттелмейді. Алайда бұл жағдайда азаматтық заңнамасының қолдану мүмкіндігіне рұқсат етіледі, бұл жөнінде Азаматтық Кодексінің 1-б. тікелей көрсетілген.

Осылайша, Азаматтық Кодексінің 1-б. 3-т. сәйкес осы баптың 1- тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.

Сонымен, қолданыстағы заңнама еңбек даулары бойынша және азаматтық кодекстің қолдануымен моральдық зиянды өтеу мүмкіндігі алып тасталынбайды. Бұл ретте соттар қойылған талаптардың құқықтық бағасымен бірқатар жеке мүліктік емес құқықтарының нақты бұзушылығымен, бар болуымен немесе жоқтығымен байланысты мәселелер мұқият зерттелуі тиіс. Бұл практиканы судьялардың көбі ұстанады. Моральдық зиянды өндіріп алудағы бас тарту жағдайлары бірлікті.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу