Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Неке шартымен байланысты даулар

Неке шартымен байланысты даулар

Неке шартымен байланысты даулар

Неке шартымен байланысты даулар

«Легион» ЖШС А.А. А., Ю.В. А. қатысты неке шарты мәмілесін жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінді. Ол Ақтөбе қаласының №2 сотының 2014 жылғы 29 қазандағы үкімімен А. А.А. кінәлі деп танылғанын және мүлкіне тыйым салына отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылғанын және «Легион» ЖШС-ның А.А. А. 17,231,000 теңге мөлшерінде зиян сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызы қанағаттандырылғанын көрсетті. Атқарушылық іс жүргізу барысында 2014 жылғы 2 сәуірде А. А.А. және Ю.В. А. арасында неке шарты жасалғаны анықталды. Талапкер некелік шарт міндеттерді орындаудан және үшінші тұлға мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалған деп санайды. Ол аталған неке шартын жасамсыз деп тануды сұрады.

ҚР АПК-нің 49-бабына сәйкес талап қою талаптарын анықтап, А. А.А. және Ю.В. А.арасында заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасалған 2014 жылғы 2 сәуірдегі неке шартын ҚР АК-нің 160-бабы бойынша жалған белгісі бойынша жарамсыз деп тануды сұрады. Ол талап қою талаптарын толық көлемде растап, талапарызды қанағаттандыруды сұрады.

Сот талап-арызды қанағаттандырды және 2014 жылғы 2 сәуірде А.А.А. және Ю.В. А. арасында жасалған неке шартын жарамсыз деп таныды.

Бірінші сатыдағы сот өзінің шешімін негіздей отырып, А.А. А. және Ю.В. А. тіркелген некеде 2005 жылғы 4 маусымнан бастап тұрғанын көрсетті. 2014 жылғы 2 сәуірде А.А.А. және Ю.В. А. арасында нотариуспен куәландырылған неке шарты жасалды.

 Көрсетілген неке шартына сәйкес ерлі-зайыптылар некеде тұрған уақытта өздері жинаған және неке уақытында олардың атына рәсімделген барлық мүліктер неке бұзылған кезде Ю.В. А.меншігі болып қалатынына келіскен.

Осылайша, көрсетілген неке шартымен неке уақытында ерлізайыптылар бірге жинаған меншіктің режимі өзгертілді.

Сот істің қаралуы кезінде жауапкер А.Ю.В. белгілі себептермен өзінің атына меншік құқығына мүлікті аудармаған.

Аталған мән-жайлар ерлі-зайыптылар жасаған неке шарты бойынша олардың бірге жинаған меншік мүліктері өзгертілмегенін көрсетеді, мүлік заңды түрде Ю.В. А.. берілген жоқ.

Жауапкердің ҚР АПК-нің 65-бабы күшінде, неке шартына сәйкес меншік құқығын өзіне рәсімдеу ниетін растайтын дәлеледемелер ұсынылған жоқ. Яғни, жауапкерлар А.А.А. және А..Ю.В. неке шартын заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін ғана жасаған.

ҚР АК-нің 160-бабына сәйкес, заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады.

Аталған талап барлық азаматтық-құқықтық мәмілелерге, соның ішінде неке шартына да таратылады.

Іс материалдарынан анықталғандай, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен А.А. Агейкинадан «Легион» ЖШС-ның пайпасына 17 231 000 теңге сомада зиян және 172 310 теңге сомада мемлекеттік баж өндірілген. Үкім 2015 жылғы 28 қаңтарда заңды күшіне енді.

Мемлекеттік сот орындаушысының 2015 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен А.А. Агейкинадан «Легион» ЖШС-ның пайдасына 17 231 000 теңге өндіріп алу туралы атқару өндірісі қозғалған.

Неке шартының 8-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрбірі аталған неке шарты негізінде оған тиісті мүліктің шегінде кредиторлардың алдында өздері қабылдаған немесе жүктелген міндеттерді мойнына алады. Жұбайы басқа жұбаймен жаслаған мәмілелер және міндеттер бойынша жауап бермейді. (Неке шартының 8,9-тармақтары).

Осылайша, неке шартымен неке уақытында алынған басқа жұбайдың мүлкін өндіріп алу өтініші бойынша кредиторлар құқығының шектелгені анықталды.

Неке шартының жасалғаны туралы «Легион» ЖШС ескерту дәлелдемелері ұсынылған жоқ.

Сот жауапкерлер арасында 2014 жылғы 2 сәуірде жауапкер А.А. Агейкинаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан, оны айыпталушы ретінде айыптау және жауаптылыққа тартуға ұсынғаннан кейін неке шартының жасалғанын ескерді.

Сот жалған жарамсыз мәміленің салдарын жеке бастамасы бойынша қолдануға құқылы.

ҚР АК-нің 157-бабына сәйкес жарамсыз мәміленің заңдық салдары жоқ.

Мәміле жарамсыз деп танылғанда әрбір тарап басқаға алынған заттардың барлығын қайтаруға міндетті, егер алынғандарды заттай қайтара алмаса, оны ақшалай өндіріп алуға болады.

Неке шартының тараптары көрсетіген мәміле бойынша еш нәрсеге ие болмағандықтан мәміле бойынша алынған заттарды қайтару мәселесі туындамайды, демек, ҚР АК-нің 157-бабын қолдану үшін еш негіз жоқ.

Д.Р. Б, А.Д. Б. неке шартын тану және оған қосымша келісімді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен нотариус Б.Н. Ж. жүгінеді. Нотариуспен куәландырылған неке шарты ерлізайыптылар арасынданеке бұзылғаннан кейін жасалған, сондықтан да ол неке болып табылмайды. Талапкер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 39-43-баптары бұзылғанын көрсетті. Астана қаласының 70-көшесі, 26-үй, 47-пәтер бойынша орналсқан пәтер шарт тараптарының иелігіндегі меншікке жатпаған, жауапкер пәтерді азамат У.А. Б. осы неке шарты жасалғанға дейін сатып жіберген. Аталған пәтерді ерлі-зайыптылар некеге тұрған уақытта сатып алған, бірақ пәтер ерлізайыптылардың біреуінің келісімінсіз сатылып кеткен. Неке шартына қосымша жасалған келісім ата-аналардың алименттік міндеттері туралы заңнамаға қайшы келеді.

Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды, ерлі-зайыптылар Б.Д.Р. және Б.А.Д. арасында жасалған 09.01.2007 жылғы №657 неке шартына 17.01.2007 жылғы қосымша келісімнің 2-тармағы жарамсыз деп танылды, басқа бөліктерді қанағаттандырудан бас тартылды.

Сотта анықталғандай, Б. Д.Р. және Б.А.Д. тіркелген некеде тұрған. Неке кезінде Астана қаласында екі пәтер: біріншісі – «У.» ТК, екіншісі – 70-көшеде орналасқан пәтерді сатып алу үшін 2006 жылғы 17 ақпанда №11017802685 банк займының шарты рәсімделген.

13.11.2006 жылы неке бұзылды. Осыдан кейін, 09.01.2007 жылы бұрынғы ерлі-зайыптылар неке деп аталған шартқа отырған, алайда бұл бірге жинаған мүлікті бөлу туралы келісім болып табылады.

Көрсетілген неке шартының талаптарына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап «У.» тұрғын-үй кешеніндегі пәтер Д.Р. Б. меншігі болып табылады, ал 70-көше, 26-үй, 47-пәтер А.Д. Б. болған. 21.12.2012 жылы ортақ мүлікті бөлу туралы аталған келісім жасалғанға дейін 70-көше бойынша орналасқан пәтерді жауапкер А.Д. Б. жұбайы Д.Р. Б. келісімінсіз азамат У.А. Б. сатып жіберген.

17.01.2007 жылы неке шартына қосымша келісім жасалған, аталған келісім бойынша «Қазақстан халық банкі» АҚ 17.02.2006 жылғы №11017802685 банк займының шарты бойынша екіге бөлінген пәтерді сатып алу үшін алынған кредитті Бектібаев Д.Р. азаматша Б.А.Д. ұлы К.Д. Р. күтіп-бағуға алименттен бас тартқан жағдайда толық өтейді.

Алайда, соңынан Б.А.Д. балаға алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттен бас тарту туралы қосымша жасалған келісімнің мазмұны «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 148-бабының талаптарына қайшы келеді. Сонымен қатар, аталған кодекстің 172-бабы 1-тармағында алимент басқа қарсы жазылған талаптармен есептелуі мүмкін емес делінген. Сондықтан жарамсыз деп тану туралы талап қою талаптары негізді болып табылады.

Алайда, соңынан Б.А.Д. балаға алимент өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға алименттен бас тарту туралы қосымша жасалған келісімнің мазмұны «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 148-бабының талаптарына қайшы келеді.

Сонымен қатар, аталған кодекстің 172-бабы 1-тармағында алимент басқа қарсы жазылған талаптармен есептелуі мүмкін емес делінген.

Сондықтан жарамсыз деп тану туралы талап қою талаптары негізді болып табылады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.