Неке шартынан туындайтын даулар
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-бабына сәйкес Некеге отыратын (ерлізайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін. Осы санаттағы істерді қарау кезінде ең алдымен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексін,Қазақстан републикасының азаматтық кодексін, «Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 Нормативтік қаулысын басшылыққа алу керек.
Мысалы: «Л.» ЖШС сотқа А.А.А-нге, Ю.В. А-аға қатысты неке шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен жүгінген, онда 2014 жылдың 29 қазанында Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылған және 5 жылға мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыра отырып сотталған және «Л.» ЖШС-ның А.А.А-нен 17 231 000 теңге мөлшерінде зиян сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюы қанағаттандырылған. Атқарушылық іс жүргізуі барысында 2014 жылдың 02 сәуірінде А.А.А-кин мен Ю.В. А-аның араларында неке шарты жасалғаны анықталды. Талапкер неке шартын үшінші тұлғаның және мемлекеттің алдында міндеттемені орындаудан және жауапкершіліктен жалтару ниетімен жасалған деп санай отырып, осы неке шартын жарамсыз деп тануды сұрады.
Сот отырысында талап қою өкілі Г.А. Б-ова ҚР АІЖК-нің 49-бабының тәртібінде талап қоюдың талаптарын нақтылай отырып, 2014 жылдың 02 сәуірінде А.А.А-кин мен Ю.В. А-аның араларында заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана АК-нің 160-бабындағы белгілері бойынша жасалған неке шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын толық көлемде қолдады, талап қоюды қанағаттандыруды сұрады.
Бірінші сатыдағы сотта жауапкер А-а Ю.В. талап қоюды мойындаған жоқ, ол неке шартын жасауға жұбайы екеуінің араларындағы күрделі қарым-қатынасы, А.А.А-нің оның ата-анасы алдындағы қарыздары болуы ықпал еткен, соттан талап қоюдан бас тартуды сұрады.
Жауапкер А.А.Аг-ин де талап қоюды мойындаған жоқ, ол үшінші тұлға алдындағы міндеттемелерін орындау бойынша шаралар қолданылып жатқанын, бірге жинаған мүліктерін неке шартын жасағаннан кейін құқығынан айыру шараларын қабылдамағандарын, неке шарты, «Л.» ЖШС алдындағы міндеттемелерінен жалтаруынсыз олардың балаларының мүдделеріне орай жасалғанын түсіндірді, талап қоюдан бас тартуды сұрады.
Сот қаулы етті: «Л.» ЖШС А.А.А-ге, Ю.В. А-аға қатысты неке шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы – қанағатандырылсын. А-ин А.А. пен А-ина Ю.В. араларында 2014 жылдың 02 сәуірде жасалған неке шарты жарамсыз деп танылсын. «Легион» ЖШС-ның пайдасына елеулі түрде жауапкер А-ин А.А. пен А-ина Ю.В. 991 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстары өндірілсін.
Бірінші сатыдағы сот, өз шешімін негіздеуде А.А.А-нге, Ю.В. Аөина 2005 жылдың 04 маусымынан бастап тіркелген некеде тұрғанын көрсетті. 2014 жылдың 02 сәуірінде А.А.А-гейкин мен Ю.В. А-ның араларында неке шарты жасалған, оны нотариус бекіткен. Көрсетілген неке шартының 1-тармағына сәйкес жұбайлар некеде болған кезеңі ішінде бірге жинаған мүліктері, оны бұзған жағдайда да ерлі-зайыптының қайсысына ресімделгеніне қарамастан, Ю.В. А-аның меншігінде қалады деп көрсетілген. Осылайша, көрсетілген неке шарты бойынша некеде болған кезеңі ішінде бірге жинаған мүліктеріне меншіктілік режимі өзгерген.
Сот, істі қарау кезеңінде Ю.В.А-ның белгілі себептермен, 2014 жылдың 02 сәуіріндегі неке шартына жатқызылған өзінің мүліктік құқықтарын өз атына ресімдемегенін анықтады. Осы жағдайлар іс бойынша жауапкерлердің, ерлі-зайыптылардың шарт жасағаннан кейін де олардың бірлескен мүліктік меншіктерінің мәртебесі өзгермегенін куәландырды, мүлік заңды түрде Ю.В.А-наға берілмеген.
ҚР АІЖК-тің 65-бабы бойынша сотқа жауапкерлер неке шартына сәйкес меншік құқығын ауыстыруын ресімдеу ниеттерін растайтын дәлелдемелерін ұсынылған жоқ. Яғни, жауапкерлер А.А.А-кин және Ю.В. А-ина неке шартын қандай-да бір тиісті заңдық салдар үшін жасамаған.
ҚР АК-тің 160-бабына сәйкес заңдық салдар туғызу ниетiн көздемей, тек көз алдау үшiн ғана жасалған жалған мәмiле жарамсыз болады.
Осы талаптары азаматтық-құқықтық мәмілелердің барлық түрлеріне, оның ішінде неке шартына қолданылады, Кодекстің 43-бабында тікелей көрсетілуіне орай, ҚР АК көзделген жарамсыздық негіздемесі бойынша оны жармсыз деп тануы мүмкін. Көрсетілген нормалар талдауынан мәміле жасау кезінде ерік білдірулері іс жүзіндегі ерік білдірулеріне сәйкес келмейтінін көруге болады, ол тараптар арасындағы қандай-да бір азаматтық-құқықтық қатынастарға қол жеткізуге бағытталмаған, ал олрадың мақсаты әрқайсысына немесе олардың біреуіне қатысты заңдық салдардың туындауы болып табылады.
Іс материалдарынан, Ақтөбе қаласының № 2 сотының 2014 жылғы 29 қазандағы үкімімен «Л.» ЖШС-ның пайдасына А.А.А-нен 17 231 000 теңе зиян сомасы және 172 310 теңе мемлекеттік баж сомасы өндіріліп алынды. Үкім заңды күшіне 2015 жылғы 28 қаңтарда күшіне енген. Мемлекеттік сот атқарушысының қаулысымен 2015 жылғы 11 ақпандағы «Легион» ЖШС-ның пайдасына А.А.Агейкиннен 17 231 000 теңе зиян сомасын өндіріп алу туралы атқарушылық ісі қозғалған.
Неке шартының 8-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысы оларға қабылданған не жүктелген міндеттемелерге қатысты осы неке шартының талаптарында оған тиесілі мүліктер шегінде жауапты. Ерлі-зайыптылардың біреуі жасаған мәмілеге және міндеттемеге ерлі-зайыптылардың екіншісі жауапты (Неке шартының 8,9-тармақшасы). Осылайша, неке шартымен неке кезінде жинақтаған мүлікке ерлізайыптылардың біреуінің мүлкін өндіріп алуға кредиторлардың құқықтарына шектеу қойылған. «Л.» ЖШС-ын неке шартын жасау туралы хабарландыруының дәлелдемесі ұсынылмады.
Сот, жауапкерлер арасындағы неке шартының 2014 жылғы 02 сәуірде жауапкер А.А.А-нге қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін және оны айыпталушы ретінде тартқаннан кейін жасалғанын ескерді.
Мұндай мән-жайлардан, сот А.А.А-нің мәмілені орындау ниеті болмаған, ал А-на Ю.В. оның орындалуын талап етпеген деген қорытындыға келді, ол мәселенің жалған екенін куәландырады, әрі жауапкер А.А.А-нің жалпы мүліктегі үлесін талапкер алдындағы зиянды өндіріп алудан жалтару ниеті ретінде бағалады.
Өйткені 2014 жылдың 02 сәуірінде жауапкер А.А.А-кин мен Ю.В. А-ның араларында неке шарты оған тиісті құқықтық салдар туғызу ниетінсіз, неке шартының мақсатына қол жеткізілмеген, тараптар оған жетуге де ниет білдірмеген, сот оны жалған деп, ал «Л.» ЖШС-ның талап арыздарының талаптарын қанағаттандыруға жатады деп санады.
Сот өз бастамасы бойынша мәміленің жарамсыз салдарын қолдануға құқылы. АК-нің 157-бабына сәйкес, жарамсыз мәміле заңдық салдарға әкеліп соқтырмайды, бұған оның жарамсыздығына байланысты және ол жасалған кезден бастап жарамсыз болған мәмілелер кірмейді.
Мәміленің жарамсыздығы кезінде тараптардың әрқайсысы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруы керек, ал егер алғанын заттай қайтару мүмкіндігі болмаса, ақшалай құнын өтеуі тиіс – егер мәміленің өзге салдары заңмен көзделмесе.
Неке шартының тараптары көрсетілген мәмілеге сәйкес ештеңе алынбаған, онда алынғандарды мәміледегі міндеттері бойынша қайтару оларда туындамаған, ал олай болса, ҚР АК-нің 157-бабын қолдану қажеттілігі жоқ. Жоғарыда баяндалған мән-жайлардан сот талапкер талаптары негізді және заңды қанағаттандырылған деп болжаймыз.
Тағыда бір мысал: Д.Р. Б-аев араларындағы неке шартын жарамсыз деп тану туралы А.Д.Б-ваның, нотариус Б.Н. Ж-ақа қатысты талап қоюымен жүгінді. Талап қоюды ол нотариус бекіткен неке шартының неке бұзылғанынан кейін жасалғанын, сондықтан оның неке шарты болмайтынын уәжделеген.
Талапкер, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 39-43- баптарының талаптарын бұза отырып, Астана қаласы 70 к-сі (қазіргі күйші Дина) 26- үй 47-пәтер мекенжайындағы тараптарға тиесілі болмаған, ал оны жауапкер азамтша У.А. Б-зина неке шартын жасағанға дейін сатқан. Көрсетілген пәтер некеде тұрған кезде сатып алған, ал оның келісімінсіз сатылған. Қосымша келісімі ата-аналардың алименттік қатынастарына қайшы келеді.
Бірінші сатыдағы сотта талапкер және оның өкілі алиментті өндіріп алудан бас тарту бөлігіндегі қосымша келісімнің заңсыздығы туралы 2014 жылы кассациялық алқа қаулысынан білгенін көрсетті.
Б-ның пәтерді сатып жібергені туралы ол 2015 жылдың сәуірмамырында сотқа талап қоюды дайындап жүрген кезінде ғана білген. «УЮТ» 5 ТК-де оған неке шартымен келген пәтері 20.02.2010 жылы сатылған. Ол А.Б-ваның пәтерін берутуралы шартымен келісті,
Ол А.Б-аға пәтерді беру шартымен, егер алимент өтеу есебіне пәтер құқығы балаға ауысқан жағдайда және екі пәтерді сатып алудың несиесін жеке дара өтейтінімен келісетінін айтты. Несие оған тиесілі пәтерді кепілдікке қоя отырып оның атына алынған. Жауапкер, нотариус Ж-лова Б.Н. талап қою талаптарын мойындамады, одан басқа осы мәселе бойынша өзін жауаптымын деп есептемейді.
Сот қаулы етті: Д.Р.Б-тың А.Д.Б-еваға, нотариус Б.Н. Ж-ваға қатысты неке шартын және оған қосымша келісімді жарамсыз деп тану туралы талап арызы – жартылай қанағаттандырылсын.
Бұрынғы ерлі-зайыптылар Д.Р.Б-баев пен А.Д.Б-ева араларында жасалған 2007 жылғы 09 қаңтардағы №657 неке шартына 2007 жылғы 17 қаңтардағы қосымша келісімнің 2-тармағы жарамсыз деп танылсын. Д.Р.Б-втың А.Д.Бе-ваға талап арызының бөлігі және Д.Р.Б-втың нотариус Б.Н. Ж-вақа қатысты талап қоюына –бас тартылсын.
Бірінші сатыдағы сот өз шешімін негіздей отырып мыналарды көрсетті: Д.Р. Б-баев және А.Д. Б-ева тіркелген некеде болған. Некеде тұру кезеңі ішінде мақсатты пайдалану үшін 2006 жылғы 17 ақпанда №11017802685 банктік займ шарты жасалған: Астана қаласы «Уют» ТК 70 ксі. 13.11.2006 жылы неке бұзылған.
Осыдан кейін бұрынғы ерлізайыптылар араларында аталған неке шарты жасалған, алайда шын мәнінде бірлесіп жинаған мүліктерін бөлу туралы келісім болып табылған. Оның шарты бойынша неке шарты жасалған күннен бастап «Уют» ТК пәтері Д.Р. Б-ың меншігіне, ал 70 к-дегі 26-үйдің №47-пәтері А.Д.Б-ның меншігіне ауысқан. 21.12.2006 жылы осы шартты жасаудан бұрын пәтерді жауапкер Д.Р.Бектибаевтың келісімінсіз азаматша У.А. Б-наға сатып жіберген. 17.01.2007 жылы неке шартына қосымша келісім жасалды, онда екі пәтерге алынған «Халық банкі» АҚ берген 2006 жылғы 17 ақпандағы №11017802685 банктік займын Д.Р.Б-аев, егер Б-ва А.Д. ұлы К.Д.Р-кті бағып күтуге алименттен толық бас тартса, өзі өтеп отыратыны айтылған. Алайда нәтижесінде, А.Д.Б-ева сотқа алимент өндіріп алутуралы жүгінген.
ҚР АК-нің 157, 158-баптарына сәйкес мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талап-арызы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін. Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына сәйкес неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәмiлелер жарамсыздығының негiздері бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы Кодекстің 41-бабының 3-тармаған бұзған неке шартының талаптары жарамсыз деп танылды.
Көрсетілген Кодекстің 41-бабына сәйкес неке шарты ерлiзайыптылардың құқық қабiлеттiлігін немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлiзайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлiзайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтіп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелерді және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.
Қосымша келісімнің кәмелетке толмаған баланы күтіп бағуға алименттен бас тарту туралы мазмұны «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 148-бабына қайшы келеді. Сондықтан оны жарамсыз деп тану туралы талап қою талаптары негізді болып табылады.
Қалған бөліктерінде бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыру үшін заңды негіздемені таппады, мүлікті бөлуі тараптардың өзара келісуілері арқылы жасалған, әрі мәні бойынша құқықты бұзуға әкеп соққан жоқ, екі тарап та өз мүліктерін өз қалаулары бойынша ұстаған.
Жоғарыда айтылған мән-жайлар кезінде, сот талапкердің Неке Шартына қосымша келісімді тану туралы талаптарын негізді және заңды қанағаттандырылған деп болжаймыз.
Сонымен бірге, Неке Шартын жарамсыз тану бөлігінде бірінші сатыдағы соттың мыналарды басшылыққа алуын болжаймыз. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 40-бабының 1-тармағы Неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн екенін көздейді.
Мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты, некені (ерлізайыптылықты) мемлекеттік тіркеген күннен бастап күшіне енеді. Сәйкесінше, бірінші сатыдағы сот, осы шарттың заңды күшіне енбегенін, өйткені тараптардың заңды некеге отырмағандарын және оны тіркемегендерін көрсетуі қажет. ҚР АК-нің 158-бабының 1-тармағына сәйкес мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Кодексте, ерлі-зайыптылар неке шартын некеге отырғанға дейін, некеде болған кезінде де жасауға құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылар арасында азаматтық заңнаманың жалпы нормаларына сәйкес жасалады.
Шартты жасауға күштеуге жол берілмейді, ал олардың шарттарын тараптардың өздері белгілеулері тиіс. Қалыңдық пен күйеу жігіттің некеге отырғанға дейін жасаған келісімді Нотариалдық ресімдеуі некенің тіркелгенінен кейін күшіне енеді. Некелі отбасылар некелерінің қанша уақыт жалғасуларына қарамастан өз мүліктік келісімдерінде белгілеуін шешкен жағдайларда, келісім нотариалдық ресімдеуден кейін күшіне енеді. Қазақстандық заңнама неке шартын тек мүлікке қатысты (мүліктік құқық) ғана мүмкіндікті көздейді. Сондақтан, ерлі-зайыптылар арасындағы жеке өзара қарым-қатынасты реттейтін неке шарттарының ережелері жарамсыз болып табылады.
Даулы құқықтық қатынастар Кодекстің 39-43-баптарында реттелген, оған сәйкес осы санаттағы істерді қарау кезінде қиындықтар туындаған жоқ. Неке шартын жарамсыз деп тану Кодекстің 43-бабының 1-бөлігінде сілтеме нормасымен реттелгенін атап өту керек. Оған сәйкес, неке шартын сот, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздемесі бойынша толық көлемде, не жартылай жарамсыз деп таниды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Решение суда о расторжении брачного договора
55 рет жүктеп алынды -
Судебное решение о расторжении изменении брачного договора
55 рет жүктеп алынды