Қылмысты жасау кезінде моральдық зиянды өтеу
Осы категориялы істер бойынша моральдық зиянды өтеу мөлшері кезде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген (төзiмiн тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабының сипатынан белгіленеді.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жәбірленуші болып қылмыстың жасалуынан оған физикалық, мүліктік, моральдық зиян келтіріген физикалық тұлға табылады. Талапкердің оған келтірілген моральдық зиянды ақша түрінде өтеу туралы келтірген арызы бойынша белгіленетін зиянның мөлшері қылмыстық іс немесе азаматтық сот өндірісі тәртібінде анықталады.
Физикалық азаптар ор моральдық зиянның бір түрі болып жағымсыз сезімдерден пайда болады, олар: ауру, бас айналу, жүректің айнуы, қысымды сезіну жіне т.б., оны азамат зиянның келтіру салдарынан сезінеді. Тараз қалалық соты шешімімен талапкер Р.К.М-ның жауапкерлер К.Г.К-ов,Л.А.К-ва, З.А.Х-адан материалдық және моральдық зиянды және қарсы З.А.Х-аның жауапкер Р.К.М-дан моральдық зиянды өндіру туралы арыздары жартылай қанағаттандырылды. Р.К.М-на өз келтірген арызын жауапкерлер алдын ала келісімсіз қарақшылық жолымен ақша құралдарын ұрлағандығы үшін сот үкімімен кінәлі деп танылғандығын көрсетіп, жасаған қылмыстары үшін оған материалдық залал және моральдық зиянның келтірілгенін көрсеткен. З.А.Х-това өз келтірген талап арызында оның ҚК-нің 177- бабына сәйкес сот үкімімен ақталғанын, бірақ ҚК-ңің 177-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылғанын және оның Р.К.М-ның түсініктері негізінде екі эпизод бойынша заңсыз түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Сот тараптарға моральдық зиянды өндіру бөлігінде қанағаттандырудан бас тарта отырып азаматтың мүліктік құқықтарына келтірілген моральдық зиян өндірілуге жатпайтындығы туралы жасаған тұжырымы негізді болып табылады. Р.К.М-ың әрекеттерінен келтірілген моральдық зиянға қатысты дәлелдемелердің болмауына байланысты сот З.А.Х-ның келтірген арызын АК-нің 951-бабы 2-тармағына жүгіне отырып, қанағаттандырудан бас тартты.
2015 жылдың 22 қаңтардағы Қостанай облысы Жетіқара аудандық сотының шешімімен , апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, Д.Ж.Е-ннен В.Ф.О-йдің пайдасына 200 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген. Жауапкер сот үкімімен ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылған. Ол жағымсыз қарым қатынастардың болу салдарынан жәбірленушіге аяғынан шалып,соққыға жыққан, арқасынан орындықпен және аяқ киіммен арқасынан ұрған, соққы салдарынан жәбірленушінің денсаулығына орта деңгейлі зиян келтірілген. Сот моральдық зиян мөлшерін анытау кезінде тьалапкердің оның денсаулығына келтірілген зиян алдарынан оның басынан кешкен ауыпашылықтары, 8 ай бойы өзінің құқығын орнатуға кеткен уақытын, қын сезімде жүргендігі ескерілді.
2015 жылдың 12 қаңтарындағы Қостанай қалалық сотының шешімімен, апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» ММ-нен В.В.Семиннің пайдасына 20 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.
Полиция қызметкерлері Е.Б.Т-лов және А.Ж.Б-тың заңсыз әрекеттері салдарынан ҚПК-нің 132-138 баптарын бұза отырып талапкерді 3 сағаттан көп тұтқынға алуы, қылымыстық іс бойынша құжаттарды жасандауй сот үкімімен дәлелденген. Сот тұжырымы полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен талапкердің жеке мүліктік емес құқықтары бұзылғандығы, оның жеке бостандығына құқығы бұзылғаны көрсетілген. Жаупкершілікті сот жауапкерге жүктей отырып АК-тің 922 бабы 3 бөлігі мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының әкiмшiлiк басқару саласындағы заңсыз iс-әрекетiнен (әрекетсiздiгiнен) келтiрiлген зиян осы органдардың иелiгiндегi ақшаның есебiнен (осы Кодекстiң 917-бабы) жалпы негiздерде өтеледi. Олар жеткiлiксiз болған кезде зиян мемлекеттiк қазынаның есебiнен субсидиарлық жолмен өтеледiгін көрсеткен. Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талапкер А.А.С-йдің жауапкер В.Н.К-вке келтірген 1 млн теңге мөлшеріндегі моральдық зиян жартылай өндірілген. В.Н.К-ев ҚР ҚК-нің 296 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып шартты түрде сот үкімімен сотталған. Жауапкер «Митцубиси лансер» маркалы автокөлігін жүргізіп, Жол қозғалыс ережесінің 17.3 тармағын бұзып, мопедті жүргізіп келе жатқан талапкермен соққы жасаған. Соққы салдарынан талапкерге өміріне қауіпті денсаулығына зиян келтірілген. Апелляциялық сот қаулысымен кассациялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған , моральдық зиян мөлшері 500 000 теңгеге дейін төмендетіліп, жауапкердің үлкен жасы және оның зейнеткер екендігі ескерілген.
Астана қаласы Сарыарқа сотының шешімімен , апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер М.И.Б-нің жауапкерлер В.А.Л-ев, В.В.К-вич, Н.В.Д-нко, И.П.К-ге келтірген моральдық зиянды өндіру туралы арызы қанағаттандырылған. Астана қаласы сотының үкімімен В.А.Л-ев ҚП ҚК-нің 96-бабы 1-бөлігі, 96-бабы 2 бөлігі «к,н» тармашалары бойынша , ал ҚР ҚК-нің 363 бабы бойынша В.В.К-вич және Н.В.Д-ко кінәлі деп танылған. Қылмыстық іс мән жайлары бойынша В.А.Л-ев Р.М.Б-наға асханалық пышақпен бірнеше рет сұғып алып өлтірген, содан өлім болғанға куәге болған Г.А.Ж-кке пышақ слапы өлтірген. В.В.К-вич оған пәтерден мәйіттерді шығаруға көмек жасап, ал Н.В.Д-ко пәтерде болған қан іздерін тазартып, қылмыстың іздерін тазартуға белсенді көмек жасаған. Іс материалдары деректеріне сәйкес И.П.К-ин қылыстық жауапкершілікке жасының жетпеуіне байланысты тартылмаған, және оның қылмысты жасауға көме көрстекендігі туралы дәлелдемелер орын таппаған. Сот моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде АК-тің 958-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, талапкер жалғыз қыз баласынан айырылғандығын, оның бір жасқа толмаған баланың анасы болғандығын және отбасы моральдық қайғыда екендігін және әділеттілігк принциптерін ескерген. Сот жасалған қылмыстың әрбір жауапкердің қатысу деңгейін сараптай келе, қылмысты жасаған В.А.Л-тен 1 500 000 теңге, В.В.К-вич, Н.В.Д-нко және И.П.К-нен әрбірінен 500 000 теңге мөлшерінде өндірген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
59 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
62 рет жүктеп алынды