Қызметкердің денсаулығына зиян келтіруден туындаған шығындарды өтеу
Талапкер Б.А.Т-баев жауапкерлер «Ортаазиялық Қант Корпорациясы» ЖШС-не, «Тараз қант зауыты» осы серіктестіктің филиалына, «Мемлекеттік аннуитетті компания» өмірді сақтандыру бойынша Компания» АҚ-ның жағында дау бойынша дербес талап қоймайтын үшінші тұлғаларға, «Grandes» өмірді сақтандыру бойынша Компания АҚ-на, «Халық - Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстанның Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ-на қарсы берген жұмыскердің денсаулығының зақымдануымен келтірілген шығындарды өндіру бойынша бір жолғы сақтандыру төлемақысын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Жамбыл облысының Тараз қалалық сотының 14 қаңтар 2015 жылғы шешімімен талап жартылай қанағаттандырылды. Ортаазиялық Қант Корпорациясы» ЖШС-нен және «Тараз қант зауыты» осы серіктестіктің филиалынан Т-аев Бекжан Алимбаевичтың пайдасына бір жолғы сақтандыру төлемақысы 1 852 000 теңге көлемінде өндіруді, талаптың қалған бөлігін қанағаттандырусыз қалдыруды (сақтандырушыларға мәлімделген талаптар бөлігінде).
Іс материалдарымен анықталғаны, жүк тиеу-түсіру цехының жүк тиеушісі Б.А.Т-аевқа қатысты жазатайым оқиға 02.06.2013 жылы болған. 17.04.2014 жылы МӘС анықтамасына сәйкес талапкер үшінші топтағы мүгедек танылып, кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалтуы 50% құрады. Еңбекақыны жоғалтумен байланысты зардапты өндіру түріндегі жұмыскерге тиесілі төлемақыны жүзеге асыру, сондай-ақ денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өндіру бойынша бір жолғы сақтандыру төлемақысын жүзеге асыру сақтандырушылармен бас тартылған. Себебі 02.06.2013 жылы талапкермен болған жазатайым оқиға кезінде «Ортаазиялық Қант Корпорациясы» ЖШС-ның жауапкершілігі сақтандарылмаған.
Сотпен жұмыскердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өндіру бойынша бір жолғы сақтандыру төлемақысын жүзеге асыру міндеті жұмыс берушіге жүктелген.
Сонымен қатар, «Ортаазиялық Қант Корпорациясы» ЖШС-ның жұмыс берушісі еңбек қызметін атқару кезінде жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру Келісімін 14.03.2012 жылы «Alliance - Life» АҚ-мен 13.03.2013 жылғы мерзімге дейін жасалғандығы, ал 06.08.2013 жылдан 05.08.2014 жылға дейін жұмыс берушімен еңбек қызметін атқару кезінде жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру Келісімі «Халық - Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстанның Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ-мен жасалғандығы анықталды.
Соттармен сәйкес дауларды қарастыру кезіндегі сот практикасы бір қатарлы емес екендігін айта кеткен жөн. Жұмыскердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өндіру бойынша бір жолғы сақтандыру төлемақысы бір жағдайда жұмыс берушіге, келесі жағдайлардаСақтандырушыға жүктеледі.
Сонымен бірге, жұмыскердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өтеу құқығы өндірілуге тиісті АЕК мөлшері белгіленгендігіне байланысты кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту деңгейін анықтағанда туындайды. Жүк тиеу-түсіру цехының жүк тиеушісі Б.А.Т-аевқа қатысты жазатайым оқиға 02.06.2013 жылы болған, ол кезеңде жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылмаған. Бірақ 17.04.2014 жылы жұмыскердің кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі анықталғанда жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылған.
Бұл жағдайда, сақтандыру келісімі мен сақтандыру сыйақыларының аударымы болғандықтан, жұмыскердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өндіру бойынша бір жолғы сақтандыру төлемақысын жүзеге асыруды жұмыс берушіге жүктеу даулы мәселе туғызып тұр.
Сонымен қатар, 27 сәуір 2015 жылы № 311-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен сақтандыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізілген. Заң нормалары еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау кезінде болған жазатайым оқиғадан жұмыскерді міндетті сақтандыру бөлігінде, егер жқмыскердің кәсіби еңбекқабілеттілігін жоғалту дәрежесі белгіленгенде не ұзартылғанда осы Заң күшіне енгеннен кейін туындаған болса (яғни 10 мамыр 2015 жылдан кейін) таратылады.
Еңбектік зақымдану немесе кәсіби ауруының анықталуы нәтижесінде жазатайым оқиғаның күні заңнамалық деңгейде анықталған («Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы 2 тармағы):
- жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;
- кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде – кәсіптік патология саласында мамандандырылған медициналық, сараптамалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.
Заңның 19-бабы маңызды өзгерістерден өтті. Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, ал 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады. Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды, сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
Сақтандыру төлемі қызметкердiң белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы жүзеге асырылады. Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу кезінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.
Заңның 19-бабының 2-тармағымен көзделген, денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерден аспауға тиіс. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, айырма сақтандырушыға сақтанушының есебiнен төленедi.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
58 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
58 рет жүктеп алынды