Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қызметкердің пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы бар еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптары

Қызметкердің пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы бар еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптары

Қызметкердің пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы бар еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптары

Қызметкердің пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы бар еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптары

Пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы төлеумен еңбекақы төлеу туралы еңбек даулары бойынша істер қарау сот практикасының талдауы көрсеткендей, еңбек дауларын қарау тиісті түрде жүзеге асырылады, бір ізді практика сақталады. Пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы төлеумен еңбекақы төлеу бойынша талапты істер қанағаттандырылады және заңнаманың қолдануында ерекше қиындықтар тудырмайды. Пайдаланбаған еңбек демалысына ақша өтемақысы еңбекақы бойынша берешек секілді белгіленеді. Әдетте, аталған талаптар еңбекақы өндіріп алу туралы талаппен бірқатар қойылады. Аталған санаттағы істер бойынша сот практикасы еңбекақы өндіріп алу туралы еңбек дауларын қарау практикасынан түбегейлі айырмашылықтары жоқ.

Петропавл қаласы №2 сотының 2016 жылғы 11 қазандағы шешімімен Е.А.И. А.Р.Т. ЖК-ге пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақыны өндіріп алу туралы талабы бойынша 31268 теңге мөлшерінде пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы өндіріп алынған.

Сотпен анықталғандай, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап 2016 жылдың 2 наурызы бойынша Е.А.И. Петропавл қаласының Мира көшесі, 248 мекенжайы бойынша «Шапағат» азық-түлік павильонында сатушы ретінде А.Р.Т. ЖК-де жұмыс істеген. Талапкер 48 000 теңге мөлшерінде пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы өндіріп алуды соттан сұраған, оны негіздеуге 25 000 теңге мөлшерінде еңбеақыдан «Бухгалтерская фирма «СОДЭЛЬ» ЖШС есептелген 2014 жылдың 14 тамызынан бастап 2016 жылдың 2 наурыз кезеңі бойынша пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақының есеп айрысуы ұсынылған болатын. Бұл есеп айырысуды сот тексеріп, негізді деп танылған. Осы есеп айрысуға сәйкес пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы 31 268 теңгені құрайды. Бұл есеп айырысумен жауапкер таныстырылып, онымен келіскен. Осыған орай сот 48000 теңгенің орнына 31268 теңге сомасында пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақыны өндіріп алу туралы арыз талаптарының ішінара қанағаттандырылуы туралы қорытындыға келген.

Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2016 жылғы 9 ақпандағы шешімімен А.В.М. «Казпромлит» ЖШС-не еңбекақыны, пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақыны өндіріп алу және моральдық зиынды өтеу туралы талабы бойынша 28 230 теңге мөлшерінде пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы өндіріп алынған.

Сотпен анықталғандай, талапкердің 2014 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың сәуір айының ортасына дейін «Казпромлит» ЖШС-де жүк арту машинисі ретінде, ал кейін АТЦ бастығы болып жұмыс орындау фактісі құжат жүзінде расталмаған, талапкер тараптар арасында жасалған еңбек шартын сотқа ұсынбаған, себебі құжаттар ұрланды, ол ОП-2 ТБ тергеушісінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі өз іс жүргізуіне қылмыстық істі қабылдау туралы қаулысымен расталады. Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторының материалдарымен 2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 6 айға тараптар арасында еңбек шартының жасалу фактісі анықталған. Жауапкер мен талапкер арасында еңбек шартын бұзу туралы бұйрық еңбек шартының мерзімі өтіп кету негізінде 2015 жылдың 10 наурызда жарияланған, ол туралы 2015 жылғы 10 наурыздағы шарттың бұзылуы туралы бұйрық куәландырады.

Мемелекеттік еңбек инспекторының тексерісі барысында пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы төлемеу бөлігінде «Казпромлит» ЖШС жіберген еңбек заңнамасының бұзушылықтары анықталған болатын, ол үшін анықталған бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылған.

Сот отырысында жауапкердің өкілі талапкер алдында 28 230 теңге мөлшерінде пайдаланбаған еңбек демалысының өтемақысын төлеу бойынша ЖШС-нің берешегін растады, осының барысында талапкер А.В.М. жауапкердің ұсынған есептерімен келіскен.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.