Қызметкерге төленбеген жалақы мен міндетті зейнетақы жарналарын сот бұйрығы арқылы өндіру
Қазақстан Республикасында заң шығарушымен қызметкерге есептелген, алайда төлембеген еңбекақы және басқа төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде БЖЗҚ міндетті зейнетақы аударымдарын аудару туралы талаппен құқықтары бұзылған қызметкерлердің бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде сотқа жүгіну құқығы көзделген (ҚР АПК-нің 135-б. 6)-т.).
ҚР АПК-нің 134-б. 1-б. сәйкес сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының даусыз талаптары бойынша тараптардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Бұйрық арқылы іс жүргізу – бұл тараптардың процестік теңдігі мен жариялылығы, ауызшалығы, тікелейлігі, бәсекелестік, диспозитивтік принциптері әрекет етпейтін даусыз талаптар бойынша жылдамдатылған, қиылған іс жүргізу. Өндіріп алушы мен борышкер талаптың қаралуы туралы хабардар болмайды, сондықтан да бұйрық арқылы іс жүргізуде өндіріп алушы мен борышкердің түсіндірулері тыңдалмайды, сот талқылауы жүзеге асырылмайды. Бұйрық арқылы іс жүргізуде талап қараудың қорытындысы соттың емес, судьяның актісі болып табылады.
Бұйрық арқылы іс жүргізуді сипаттайтын негізгі ереже судьяның өндіріп алушының борышкерге даусыз мүліктік талапты қарау болып табылады. Заңнамалық ұйғарымға сәйкес талаптардың даусыздығы мәлімденген талап тиісті құжаттармен негізделген, яғни даусыз дәлелдемелермен расталғанын білдіреді. Бұл ретте талаптың даусыздығы – бұл нормативтік презумпция екенін ескерген жөн. Судья бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қараған және ол бойынша сот бұйрығы шығарылған талап заңмен белгіленген мерзімдерде мәлімдеген талапқа қарсы борышкердің қарсылықтары түскен жағдайда және түскенге дейін даусыз болып танылады. Борышкердің қарсылықтары өндіріп алушы мен борышкер арасындағы осы талап бойынша даудың бар болуында куәландырады.
Сонымен, бұйрық арқылы іс жүргізу – бұл судьяның өндіріп алушының борышкерге мәлімдеген даусыз талаптарды қарау бойынша оңайлатылған сот рәсімі. Бұл ретте сот бұйрығын шығару туралы мәселені шешу үшін міндетті шарт арызға барлық қажетті дәлелдемелерді тіркемелеу болып табылады. Және де бұйрық арқылы іс жүргізудің істері бойынша сот отырысы жүргізілмесе де, өндіріп алушы мен борышкер сотқа шақырылмайды, судьяға дәлелдеу нысанына кіретін мән-жайлар қатарын анықтау талап етіледі, оның негізінде сот бұйрығын беру туралы мәселені шешу мүмкін.
Осындай мәнжайлар:
1) Қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қатынастарында болу фактісі;
2) Қызметкерге еңбекақыны және басқа төлемдерді аудару фактісі;
3) Есептелген еңбекақы мен басқа төлемдердің төленуін (төленбеуін) кешіктіру фактісі;
4) Қызметкерге тиесілі және жұмыс берушімен төленбеген төлемнің мөлшері;
5) Қызметкерлердің БЖЗҚ-на зейнетақы аударымдарын аудармау фактісі болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~1
58 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру
57 рет жүктеп алынды -
__6000~1
56 рет жүктеп алынды