Қызметтік тұрғын үйден шығару
Қызметтік тұрғын үй айрықша құқықтық режимге ие және азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған (ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 4) тармақшасы, 109, 111 баптары).
Қызметтік тұрғын үй - мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындауы кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй (ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 20) тармақшасы).
Алматы облысы Талғар аудандық сотына талапкер «Племзавод «Алматы» ауылшаруашылығы ӨК-нің, үшінші тұлға М.М.Х., жауапкерлер Н.Р., А.А.А. тұрғын үйден шығаруды сұранған.
Істі қарау барысында анықталғандай қайтыс болған А.А. 24.03.1981 жылы №6 санды бұйрықпен Ленин орденді колхозына (АлмаАта) мүшелікке қабылданып, 1981 жылы даулы пәтер А.А. беріліп, отбасы мүшелері жұбайы Н.К.Рахимова баласы А.А.А. болып сол пәтерге қоныстанған. 08.04.1986 жылы №6 санды бұйрығымен Н.К.Р. аталған колхоздың мүшелігіне қабылданған.
17.02.1995 жылы №2 санды Ленин орденді колхозының жалпы жиналыс хаттамасымен колхоз таратылып, «Алма-Ата» шаруа қожалығы құрылған. Даулы пәтерге Талғар ауданы, Раздольненск селолық әкімшілігінің 29.12.1995 жылы №63 санды шешімімен А.А. аталған пәтерге №85 санды ордер берілген. 21.01.1998 жылы №1 санды «Алма-Ата» шаруа қожалығының жалпы жиналысының шешімімен «Племзавод «Алматы» ауыл шаруашылығы ӨК-і болып қайта құрылған. 20.04.1998 жылы №7 санды бұйрықпен А.А. және Н.К.Р. 17.04.1998 жылдан бастап өз еріктерімен жұмыстан босатылған. 2005 жылы А.А. қайтыс болған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 27.11.2012 жылғы қаулысында талапкердің Талғар ауданы, Еңбекші ауылы, Интернациональная көшесі №6 үй 1 пәтері 1980 жылы Ленин орденді колхозының есебінен салынғаны анықталған. Сонымен қатар, Талғар аудандық халық депутаттар Кеңесінің 24.03.1982 жылғы №115 санды, 12.09.1984 жылғы № 381 санды, 20.07.1989 жылғы №11-225 санды, 24.12.1991 жылғы №23-511 санды шешімдерінде Талғар ауданы, Еңбекші ауылы, Интернациональная көшесі №6 үй Ленин орденді колхозының (Алма-Ата) есебінен салынғаны, салынғаннан бастап сол колхоздың есебінде қызметтік тұрғын үй ретінде қабылданып, аталған тұрғын үй колхоздың қызметкерлерінің тұруына берілгені Талғар аудандық сотының 29.11.2013 жылғы №3520 шешіммен бекітілген.
Бірінші сатылы сот Н.К.Р. мен А.А.А. аталған пәтерден шығаруға негіз жоқ деген тұжырымға келген, өйткені, бұрынғы қолданыста болған тұрғын үй кодексінің-81,103-баптарының талабына сәйкес және Қазақстан Республикасы тұрғын үй Заңының 98- бабының талабы негізінде А.А. қазіргі кездегі мұрагерлері ретінде пәтерді қалдық құнымен жауапкерлердің сатып алуға құқығы шектелмеген.
27.11.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысымен, талапкер «Племзавод «Алматы» ауыл шаруашылығы ӨК-нің жауапкерлер Н.Р., А.А. үйден шығару туралы бөлігі бойынша күші жойылып, осы бөлігі бойынша қанағаттандырусыз қалдыру жөнінде жаңа шешім қабылданған.
АК-нің 71-бабында соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен талапкер «Племзавод «Алматы» ауылшаруашылығы ӨК-нің жауапкер А.А. үйден шығару туралы бөлігі 27.11.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысының негізінде АІЖК-нің 247- бабы 1- бөлігінің 2 -тармағына сәйкес, өндірістен қысқартылған.
Үшінші тұлға М.М.Х. айырбас шарты Талғар аудандық әділет Басқармасына тіркелмегені анықталған.
Осы негіздермен Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.
АК-нің 8-бабы 4-бөлігінде азаматтар мен заңды тұлғалар, өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауы тиiс. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.
Алматы облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен Алматы облысы Талғар аудандық сотының жоғарыда аталған шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ҚР ЖС НҚ Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару және өзін тұрғын үйге кіргізу туралы
65 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі сату шартын, мәмілені заңсыз деп танып, күшін жоюды, тараптарды бастапқы қалпына келтіру жайлы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі тұрғын үйді жалға беру туралы келісімшартты бұзылды деп тану туралы
62 рет жүктеп алынды