Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қанаумен байланысты істер бойынша заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы

Қанаумен байланысты істер бойынша заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы

Қанаумен байланысты істер бойынша заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы

Қанаумен байланысты істер бойынша заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы

Аталған санаттағы істерді қарау барысында қолдануға жатады:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- 2007 жылғы 03 ақпанда жарияланған күннен бастап күшіне енген, 12.01.2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістері бар (923 бап) 01.07.1999 ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекеше бөлім);

13.12.1997 ж. Өзгертулер мен толықтырулармен Қылмыстық іс жүргізу кодексі (4 тарау).;

13.07.1999 жылғы Азаматтық іс жүргізу кодексі;

1999 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Сотының «Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу бойынша заңдылықтарды қолдану тәжірибесі туралы» №7 Нормативтік Қаулысы;

1981 жылғы 18 мамырда СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен бекітілген анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен азаматқа келтірілген шығынды өтеу тәртібі туралы ереже. Аталған ережені қолдану тәртібі 1999 жылғы 09 шілдедегі № 7 ҚР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 12 тармағында жарияланған.

Қазақстан Республикасының АК-нің 923-бабы 1-тармағына сәйкес заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекетімен келтіірілген зиянды өтеу, ҚІЖК-нің 4-тарауына сәйкес жүргізіледі. Зиянның өтелу мөлшері ҚІЖК-нің 43-бабымен қарастырылған, оған сәйкес қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды құқылы тұлғаларға мүліктік шығыны келесі шығындарды қамтиды:

- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар,

- сот қаулысы немесе басқа да сот шешімінің негізінде мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;

- соттың заңсыз қаулысын орындауда өндірілген айыппұлдар;

- заңсыз әрекеттерге байланысты тұлғаларға сот төлемдері мен басқа да сомалары;

- заң көмегін көрсеткені үшін тұлғаға төленген сомалар;

- қылмыстық қудалауға байланысты, осындай тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындарды қамтиды.

Қылмыстық процессті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 39-40 баптарында көрсетілген. Аталған тұлғалар (ҚІЖК-нің 44-бабы 2-бөлігі) азматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады.

Шығынды өтеу туралы талаптар қылмыстық процессті жүргізетін (сот, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) органға жолдануы қажет.

ҚІЖК-нің 47-бабында қарастырылғандай, шығынды қайтарып алу немесе өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса немесе тұлға қабылданған шешіммен келіспесе, ол азаматтық сот өндіріс тәртібімен сотқа жүгінуіне болады.

Егер өтініштерді қабылдау кезінде аталған мәліметтер көрсетілмесе, сот материалдық талаптар бөлігінде, арызданушыға қылмыстық процессті жүргізетін және арызданушы ақтау туралы қылмыстық іс –жүргізу заңнамасының тәртібімен қайтарып алу туралы шешім қабылдаған органнан мәліметтерді ұсынуға міндеттеу қажет.

Азаматқа келтірілген шығынын толтыру үшін АК-нің 923-бабы 1- бөлігінде көрсетілген негіздердің тізімі аяқталған болып саналады. Қылмыстық процессті жүргізетін органдардың әрекеттерінің заңға қарамақайшы келуін анықтау, алдын ала тергеу, прокурор органдарының қаулысымен шығарылған, соттың үкімі немесе қаулысымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының АК-нің 923 бабына сәйкес, азаматты заңсыз қамауға алу, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алу, үй қамауына алу, шықпау туралы қолхаты, айыппұл ретінде салынған әкімшілік өндіріп алу немесе түзету жұмыстарын жазалайтын шара ретінде заңсыз қолдану, психиатрлық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз жіберу нәтижесінде келтірілген шығынды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымдық тұлғалардың кінәсінен бөлек, заңды актілермен белгіленген тәртіпте мемлекетпен толық көлемде өтеледі.

ҚІЖК-нің 43-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ҚІЖК-нің 40-бабының 2- бөлігінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын келесі шығын өтелімдерін қамтиды:

1) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар;

2) сот үкімі немесе басқа да шешімінің негізінд, мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;

3) соттың заңсыз үкімін орындауда өндірілген айыппұлдар; заңсыз әрекеттердің себебінен тұлғалармен төленген сот төлемдері мен басқа да сомалары;

4) заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомалар;

5) қылмыстық қудалауға нәтижесінде тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындары.

ҚІЖК-нің 43-бабы 4-бөлігіне сәйкес, істі бірінші инстанция бойынша қарастырған сот, қажет болған жағдайда қаржы органдары мен әлеуметтік органдардан есепті сұрап, сот шығынның көлемін анықтайды. Соңынан инфляция есебін есепке ала отырып, шығынды өтеудегі төлемдердің өндірісі туралы қаулы шығарады.

ҚІЖК-нің 43-бабы 2-бөлігіне сәйкес, аталған Кодекстің 40-бабының екінші бөлімінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын: заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомаларды қамтиды. Азаматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады.

Қанау құрбандарына мүліктік және моральдық зиянды өтеу сұрағы қылмыстық процессуалдық заң шығаруда нақты бейнеленбегенін айта кету керек.

ҚР ҚІЖК-нің зиянды өтеу құқығының туындау негіздері мен шарттарын және оны республикалық бюджеттен өтеу тәртібін қарастыратын жалпы нормалардан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 40-бабы қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығы бар адамдар тізімін тағайындайды. Бұл тізімде қанауға немесе басқа да қатаң жәбірлену түрлеріне түскен тұлғалар көрсетілмеген. ҚР ҚІЖК-де қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнде қанау ретінде жіктелетін әрекеттер көрсетілмеген.

Соттар үшін әрекеттегі нұсқаулық болып табылатын 1999 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №7 «Қылмыстық істі жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды толтыру бойынша заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысында Конвенция сәйкестігінде «қанау» анықтамасына толық шамада сәйкес келмейтін жалпы ұғымдар қолданылған.

Қанау және басқа да заңсыз әрекеттер туралы шағым бойынша құқық қорғаушы органдардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі және айыптау үкімін қозғаудың бірегей жағдайларын ескере отырып, қанау құрбандарына зиянды мемлекеттен өтеудің аса шектелген практикасы туралы айтуға болады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.