Қарызы бойынша тұрғын үйден шығару
Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотына талапкер Н.В.Г. жауапкер И.Г.М. кепілпұлды өндіріп беруді сұранып талап арыз берген, ал қарсы талап арыз бойынша талапкер И.Мусалдинаның жауапкер Н.В.Г. отбасы мүшелерімен басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығаруды сұранған.
Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының 03.06.2015 жылғы шешімімен талапкер Н.В.Гладкованың жауапкер И.Г.М.н кепілпұлды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылған.
Қарсы талап арыз бойынша талапкер И.М. жауапкер Н.В.Г. отбасы мүшелерімен басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару қанағаттандырусыз қалдырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 01.09.2015 жылғы қаулысымен Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 03.06.2015 жылғы шешімі өзгертіліп, қарсы талап арыз қанағаттандырылған.
Сотта анықталғандай, И.Г.Мусалдин 26.05.2014 жылы 1 440 000 теңгені алғанын жоққа шығармаған. Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ саяжайы, Овражная көшесі №176 үйді сатып алу-сату келісім шартын түзу үшін кепілпұл ретінде берілген. Мәміленің жалпы құны 2 700 000 теңге болып белгіленген. 1 260 000 теңгені 30.11.2014 жылы үйдің құжаттары дайын болғанда алатын болып келісілген. И.Г.М. аталған үйдің құжаттары Шымкент қаласының әкімшілігінің жауап хатын, 27.03.2007 жылғы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, Садовод кітапшасын Н.В.Г. берген.
Көрсетілген мерзімде құжаттар дайын болмауына байланысты тараптар арасында сатып алу-сату келісім шарты жасалмаған. АК-нің 337-бабында уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады. Кепiлпұл туралы келісім кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс.
Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнiң жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлпұл келісімiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады. Аталған үйдің құжаттарын дайындау бойынша тараптардың қайсысы өз міндетіне алғаны 26.05.2014 жылғы қолхатта көрсетілмеген.
Сонымен қатар, сотқа міндеттеменің кімнің орындайтынын немесе орындалмағанын дәлелдейтін құжаттарды ұсына алмаған.
Осы кодекстің 338-бабында мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келісімi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi.
Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi. 27.03.2007 жылғы №36606 санды мүлікті жария ету жөніндегі шешім негізінде және «Энергетик» ӨК-не қарасты саяжайдың иесі И.Г.М. екені, саяжайдың мүшелік жарнасын төлейтіні анықталған.
АК-нің 265 бабында меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ҚР ЖС НҚ Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды
59 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару және өзін тұрғын үйге кіргізу туралы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі сату шартын, мәмілені заңсыз деп танып, күшін жоюды, тараптарды бастапқы қалпына келтіру жайлы
60 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі тұрғын үйді жалға беру туралы келісімшартты бұзылды деп тану туралы
57 рет жүктеп алынды