Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Қаржы лизинг шартынан туындайтын істер бойынша

Қаржы лизинг шартынан туындайтын істер бойынша

Қаржы лизинг шартынан туындайтын істер бойынша

Қаржы лизинг шартынан туындайтын істер бойынша

Дәлелдеу тақырыбына дәлелдеу кіреді:

1) қаржылық жалгерлік шартына тікелей негізделген шарттық құқықтық қатынастардың болуы;

2) шарттың ережелеріне сапасы мен жиынтықтылығығ мақсатқа сай міндеті бойынша сай келетін мүлікті лизинг берушіден лизинг алушыға беру фактісінің;

3) лизинг алушымен қаржылық жалгерлік шартында анықталған төлемдердің мерзімділігін, өлшемін, әдісін, нысанасын анықтайтын шарт бойынша қабылданған міндеттемелердің бұзылуы және соның салдары ретінде лизингтік төлемдер бойынша берешектің жалпы мөлшері;

4) лизингтік төлемдердің мерзімін ұзартудың болуы (болмауы).

Дәлелдеу затын анықтау кезінде шарттың ережелерінің талдауын жүргізу лизингтік төлемдердің құрамына қандай суммалар кіретінін анықтауға мүмкіндік береді. Лизинг берушінің талап бөлімінде лизингтік төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу бойынша лизинг туралы Заңның 21 бабында бекітілген ерекшеліктерді ескеру қажет, атап айтқанда:

1) лизинтік төлемдердің мөлшері, іске асырылу әдісі, мерзімділігі тікелей лизинг шартында анықталады.

2) Лизингтік төлемдердің мерзімін ұзарту шарт ережелерінде қарастырылуы мүмкін.

3) Лизинг нысанасын нақты табыстау керек (шартта басқа жағдайлар қарастырылмаса).

Дәллелдеу ауыртпалығына қатысты лизинг беруші лизинг алушының шартта қабылданған міндеттемелерді бұзуы туралы мәлімделген жағдайлардың болуын дәлелдеуге міндетті. Қажетті дәлелдемелердің қатарына шартта анықталған төлемдердің мерзімділігіне, өлшеміне, әдісіне, нысанасына қатысты нақты міндеттемелерді бекітуге бағытталған дәлелдемелерді жатқызуға болады.

Осыған байланысты, соттың лизинг шартын ұсынуы және зерделеуі міндетті болып табылады. Лизингтік төлемдерді төлеу туралы мәліметтерден тұратын шарт ережелеріне сәйкес келетін қаржылық құжаттар мәлімделген жағдайларды растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер болып табылады.

Егер лизингтік төлемдерді төлеу лизинг берушінің төлем құжаттарын ұсыну негізінде жүргізілген жағдайда, сотқа олардың лизинг алушыға бағытталғанын растайтын дәлеледемелерді сәйкес қаржы құжаттарына тіркеп беру керек.

Лизинг нысанасына қатысты қолдану және иелену құқығы және соған сәйкес, лизинг алушының лизингтік төлемдер бойынша міндеттемелері осы мүлікті оған табыстаған сәттен басталады (шартпен анықталған басқа жағдай болмаған жағдайда). Осы себепті лизинг алушының лизинг нысанасын өткізу және қабылдау (қабылдау және өткізу актісі) фактісін растайтын дәлелдемелерді зерттеу міндетті болып табылалы.

Жоғарыда аталған өзгешеліктердің ішінен сапасы тиісті емес лизинг нысанасын табыстау кезінде түсірілген шығындарды өтеу туралы лизинг алушының лизинг нысанасын беруші мен сатушыға арналған лизинг шартының талаптарымен байланысты талаптарды атап өтуге болады. Дәлелдеу заттары мен сотқа ұсынылатын дәлеледемелерді анықтау кезінде шығындарды өтеу туралы талаптарға ұсынылатын жалпы талаптардан басқа лизингтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ескеру керек.

Сонымен, лизинг туралы Заңның 3 б. сай сатушының лизинг нысанасын сатып алу-сату шартына байланысты міндеттерін орындамау тәуекелі мен осыған байланысты шығындарды өтеуге сатушыны таңдаған лизинг шартының тарабы жауапты, лизинг шартында басқаша көзделмесе.

ҚР АК 572 б. 2 т сай егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Сатушыны лизинг берушi таңдайтын жағдайда, лизинг алушы сатып алусату шартынан туындайтын талаптарды тiкелей өз қалауы бойынша бiрдей жауап беретiн мүлiктi сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы. Жоғарыда айтылғандай, жалға берушінің лизинг нысанасын сатушыны таңдау үшін жауапкершілігі туралы шарттардың болуына қатысты соттардың лизинг шартын зерттеуі міндетті болып табылады.

Сатушының жауапкершілігіне байланысты сатушының міндеттерін бекітетін ҚР АК 422 б. 1 т.сай сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетiн тауар беруге мiндеттi. Дәлелдеу затының міндетті компоненттеріне міндеттемелерді орындамау немесе тиісті емес дәрежеде орындау, шығындардың болуы және оның мөлшері, олардың арасындағы себептік байланыс, сол сияқты міндеттемелерін тиісті дәрежеде орындамаған тұлғалардың кінәсі жатады.

Аталған жағдайлар келесі дәлелдемелерді қолдану арқылы бекітіліуі мүмкін:

1) Қаржы лизингі шарты;

2) Мәлімделген өтелетін шығын мөлшерін растайтын қаржылық құжаттар;

3) Лизинг нысанасын өткізу-қабылдау актілері;

4) Лизинг алушыға табысталған лизинг нысанасының сапасының шарт ережелеріне сай емес екендігін растайтын дәлелдемелер.

Мысал: лизинг алушы лизинг шартының кейбір жағдайларын орындамаған жағдайларда, лизинг берушінің шартты орындауынан бас тарту құқығы лизинг алушымен шарт арқылы байланысты болғандықтан, лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг шартын уақытынан бұрын бұзуға және лизинг нысанасын ақылға қонымды мерзімдерде қайтарылуын талап ете алады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.