Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот шешіміне қойылатын талаптар Ерлі-зайыптылардың арасында бөлуге жататын мүліктің құрамы туралы

Сот шешіміне қойылатын талаптар Ерлі-зайыптылардың арасында бөлуге жататын мүліктің құрамы туралы

Сот шешіміне қойылатын талаптар Ерлі-зайыптылардың арасында бөлуге жататын мүліктің құрамы туралы

Сот шешіміне қойылатын талаптар Ерлі-зайыптылардың арасында бөлуге жататын мүліктің құрамы туралы

Ерлі-зайыптылардың арасында бөлуге жататын мүліктің құрамы туралы, оның жадпы және әрбір мөлшерде, тараптардың әрқайсысына меншігіне берілетін нақты заттарда ерлі-зайпытылардың үлестеріне тиесілі құны туралы соттың тұжырымы сот шешімінің дәлелді бөлігінде нақты жазылуы және осы тұжырымдарды негіздейтін мән-жайлар мен дәлелдемелер көрсетілуі тиіс.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы мүлікті бөлу туралы шешімнің қарар бөлігінде де өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол, ең алдымен, тараптардың әрқайсысына тиесіді заттардың айырым белгілерінің сипаттамасын (атауы, мөлшері, түсі, түрі, тіркеу нөмірі, егер ол белгіленсе, жылжымайтын мүліктің орналасқан жері және т.б.) қамтуға тиіс. Осы талаптардың сақталмауы кейде орындау кезінде сот шешімінде қандай зат әңгіме болып тұрғанына қатысты дауларға әкеледі. Тараптар немесе сот орындаушысы шешімді түсіндіру туралы мәселе қоюға мәжбүр болады. Тиесілі затты оны өндіріп алушыға беру туралы шешім орындау кезінде оның жоқтығы және орындау тәртібін немесе тәсілін өзгертуге әкеп соқтыратыны жоққа шығарылмайтындықтан, тиесілі заттың құны міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

 

Мүлікті бөлуге қатысты шешімнің қарар бөлігінде тараптар арасындағы сот шығындарын да бөлу көрсетіледі. Алайда, кейде судьялар оны нақты көрсетпей, мүлікті бөліп шығарады. Мәселен, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 2-243 іс шешімінің қарар бөлігінде «Қараөткел ауылында 19 шағын аудан 49-учаске кадастрлық нөмірі 01-011-015-2969 жер учаскесі бөлінсін, талапкердің пайдасына О.А.Е-втан ақшалай түрде 2131099 теңге сомасында жер учаскесінің ½ үлесі өндірілсін» деп көрсетілген.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.