Сот бұйрығын шығару арызын қабылдаудан бас тарту және қайтару
ҚР АПК-нің 138-б. сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару мәселелерін реттейді.
Сот актілерінің зерделеуі көрсеткендей, аталған санаттағы істер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды қайтарудың негізгі себептері:
1) құқық туралы даудың бары (ҚР АПК-нің 138-б. 1-б. 4-т.);
2) мәлімделген талапты растайтын құжаттарды ұсынбау (ҚР АПКнің 138-б. 1-б. 3-т.);
3) арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АПК-нің 136-бабының талаптарына сай келмейді (ҚР АПК-нің 138-б. 1-б. 5-т.);
4) мәлімделген талап ҚР АПК-нің 135-бабында көзделмегені (ҚР АПК-нің 138-б. 1-б. 1-т.) болып табылады.
ҚР АПК-нің 138-б. 1-б. сәйкес судья ҚР АПК-нің 151, 152-баптарында көзделген негіздер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады. Сонымен қатар судья ҚР АПК-нің 138-б. 1-6)-т. көзделген жағдайларда арызды қайтарады.
Алайда заңның осы нормасын дұрыс қолданбау жағдайлары орын алуда, судьялар арызды қайтарудың орнына оны қабылдаудан бас тартады, бұл қайта жүгіну құқығынан және сәйкесінше сот тарапынан қорғану құқығынан айырады.
Мәселен, Атырау қалалық сотының 2016 жылғы 17 қазандағы ұйғарымымен сот В.Р.Веманаттың «Пундж Ллойд Казахстан» ЖШС-нен зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді өндіріп алу жөнінде сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартқан болатын. Сонымен қатар ҚР АПК-нің 138-б. 1-б. 1-т. және 4-т. сәйкес талап қою арқылы іс жүргізу тәртібінде қарауға жататын құқық туралы даудың бары байқалғандықтан, судья егер мәлімделген талап ҚР АПК-нің 135-бабында көзделмегенжағдайда арызды қайтарады.
Осыған орай бұл жағдайда судья арызды қайтаруы тиіс.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~3
51 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру
54 рет жүктеп алынды -
__6000~1
50 рет жүктеп алынды