Сотқа жүгінуге талап қоюдың мерзімдері басқа еңбек даулары бойынша
ҚР ЕК-нің 160-б. нормаларына сәйкес басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл мерзімі белгіленеді.
Соттар талап қою мерзімі даудағы тараптың арызы бойынша ғана қолданылуы мүмкін екені туралы заңның жалпы ережелерін ескеруі тиіс, ол туралы Жоғарғы Соттың Нормативтік қаулысында түсіндірілген. Шешім шығарғанға дейін осындай арыздың жоқ болуы кезінде дау мәні бойынша шешіледі, ал оның өткізілуі сотпен талқыланбайды.
Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылған деп, алайда Еңбек Кодексімен көзделген жүгінудің мерзімі дәлелді себептерсіз өткізіп алынған деп анықтаса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде осы құқықтарының бұзылуы туралы көрсетеді және жүгінудің мерзімін өткізіп алуына байланысты талаптан бас тартады.
Сонымен қатар атап өтетін жайт, құқық қолдану практикада талап қою мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептерін анықтау маңызды мәселе болып табылады. Еңбек Кодексі еңбек дауларына қатысты сотқа жүгінудің мерзімін өткізіп алудың дәлелді себептерінің түсінігін және тізімін анықтамады.
Сондықтан да соттар азаматтық кодексіне бола талапкердің жеке басына байланысты мән-жайларды (ауыр ауру, әлсіз күй, сауатсыздық және т.б.), ҚР АК-нің 185-б. көзделген орын алған бұл мән-жайлардың мерзімдерді және дәлелділігі дәлелді дәлелдемелермен расталатын басқа да дәлелді себептерді ескеруі қажет.
Сотқа жүгінгенге дейін еңбек даулары бойынша прокуратура немесе еңбекті қорғау жөніндегі өкілетті органдарға жүгіну жағдайлары орын алуда, одан кейін жүгінудің мерзімін өткізіп алғаннан кейін сотқа талап қояды.
Атап өтетін жайт, республиканың соттары жүгіну мерзімін өткізіп алудың осындай себептерін әркез дәлелді деп таныған жоқ. Сонымен қатар егер бұл органдар өз құзыреті шегінде еңбек жанжалын шешу бойынша құқықтық шараларды тікелей қабылдаса, алайда олар жанжалдың шешілуіне әкелмеді, онда сот осындай жағдайларда мерзімді өткізіп алудың себебін дәлелді деп тануға құқылы.
Осылайша, Семей қалалық сотының 2016 жылғы 8 ақпандағы М.С.У. «Казшахтострой» ЖШС-не еңбекақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талабынан мерзімін өткізіп алу негіздемелері бойынша бас тартылған болатын. Талапкер өз дәлелдерін келесідей негіздеді, ол 2013 жылдың 15 тамыздан бастап 13 қараша кезеңі бойынша 4 дәрежелі үңгуші ретінде «Казшахтострой» ЖШС-де жұмыс істеген. Алайда жұмыс беруші аталған кезеңде еңбекақыны жалпы сомасы 70 000 теңгені ішінара төлеген. Берешектің бар болуы туралы анықтаманы жауапкер бермеді, еңбекақы бойынша қарыз 230 000 теңгені құрайды. Осыған орай, талапкер оның пайдасына жауапкерден еңбекақы бойынша 230 000 теңге сомасында берешекті өндіріп алуды сұраған.
Сот жауапкер ұсынған дәлелдемелерінің талдауы негізінде шынымен де талапкер алдында еңбекақы бойынша берешек болды деген қорытындыға келді. Алайда ұзақ уақыт ішінде, екі жылдан аса, талапкер еңбекақы бойынша оған берешек төленгенін талап етпеген. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге құқық беретін дәлелді себептердің бар болуы сотпен анықталмаған, және сот еңбекақыны өндіріп алу туралы талаптары бойынша талап қою мерзімін қолдану туралы жауапкердің өтінішхатын қанағаттандырған. Сондықтан да сот талап қ
Атап өтетін жайт, еңбек қатынастары тоқтатылмаған қызметкердің есептелген, алайда төленбеген еңбекақыны өндіріп алу туралы талабы бойынша істі қараған кезде жұмыс берушінің қызметкердің сотқа жүгінудің мерзімін өткізіп алу туралы арызы өзінен-өзі талаптан бас тарту үшін негіздеме болуы мүмкін емес, себебі аталған жағдайда сотқа жүгінудің мерзімі өткізіп алынбаған, өйткені бұзушылық жалғасымды сипатқа ие және жұмыс берушінің қызметкерге уақытылы және толық көлемде еңбекақыны, сонымен қатар кешіктірілген сомаларды төлеу міндеті еңбек шартының әрекет етудің барлық кезеңі ішінде сақталатынын ескерген жөн.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі еңбек ақы өндіру туралы
57 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі еңбек ақының айырмасын өндіру туралы талап
55 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жұмысқа қайта орналасу, амалсыздан бос жүрген уақытқа еңбек ақы өндіру
52 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі мемлекеттік бюджет қаржысы 230 900 теңгені өндіру туралы
51 рет жүктеп алынды