Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сотта ақталғандардың істері бойынша заңсыз әрекеттердің себебінен болған шығынды өтеу

Сотта ақталғандардың істері бойынша заңсыз әрекеттердің себебінен болған шығынды өтеу

Сотта ақталғандардың істері бойынша заңсыз әрекеттердің себебінен болған шығынды өтеу

Сотта ақталғандардың істері бойынша заңсыз әрекеттердің себебінен болған шығынды өтеу

 

Нормативтік база: Аталған санаттағы істерді қарастыру кезінде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 1.07.1999 ж. (Ерекше бөлім), 2007 жылы 3 ақпанда (923 бап) жарияланған күннен бастап қолданысқа енген, 12.01.2007ж. енгізілген өзгертулер мен қосымшалары;

- 13.12.1997 ж. (4 бөлім) өзгертулер мен қосымшаларымен Қылмыстық іс жүргізу кодексі; - Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.1999ж.;

- 1999 жылғы 9 шілдедегі №7 «Қылмыстық процессті жүргізетін органдардың заңсыз іс-қимылдардың салдарынан болған зиянды өтеу жөнінде заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысы;

1981 жылғы 18 мамырда ҚССР Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығыымен бекітілген азаматтарға анықтау, алдын ала тергеу органдары, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен келген зиянды өтеу тәртібі туралы Ереже. Аталған Ереженің қолдану тәртібі жоғарыдағы (1999 жылғы 9 шілдедегі ҚР Жоғарғы Сот Пленумның №7 қаулысының 12 тармағында көрсетілген) қолданылады.

Қазақстан Республикасының АК-нің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматты заңсыз қамауға алу, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алу, үй қамауына алу, шықпау туралы қолхаты, айыппұл ретінде салынған әкімшілік өндіріп алу немесе түзету жұмыстарын жазалайтын шара ретінде заңсыз қолдану, психиатрлық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз жіберу, анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымдық тұлғалардың кінәсінә байланысты емес, заңды актілермен белгіленген тәртіп бойынша мемлекетпен толық көлемде өтеледі.

Қылмыстық іс жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдармен келтірілген шығынды өтеу ҚІЖК-нің 4-тарауына сәйкес жүргізіледі. Келтірілген зиянды өтеу көлемі ҚІЖК-нің 43-бабымен қарастырылған, аталған бапқа сәйкес, қылмыстық процессті жүргізетін органның, заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынды өтеуге құқығы бар тұлғаларға мүліктік шығын:

- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар,

- сот қаулысы немесе басқа да сот шешімінің негізінде мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;

- соттың заңсыз қаулысын орындауда өндірілген айыппұлдар;

- заңсыз әрекеттерге байланысты тұлғаларға сот төлемдері мен басқа да сомалары;

- заң көмегін көрсеткені үшін тұлғаға төленген сомалар;

- қылмыстық қудалауға байланысты, осындай тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындарды қамтиды.

Қылмыстық процессті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 39-40 баптарында көрсетілген. Аталған тұлғалар (ҚІЖК-нің 44-бабы 2-бөлігі) азматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады. Шығынды өтеу туралы талаптар қылмыстық процессті жүргізетін (сот, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) органға жолдануы қажет. ҚІЖК-нің 47-бабында қарастырылғандай, шығынды қайтарып алу немесе өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса немесе тұлға қабылданған шешіммен келіспесе, ол азаматтық сот өндіріс тәртібімен сотқа жүгінуіне болады.

Сонымен қатар азаматтық істерді талап етпей, БААТЖ-де зерделенген материалдары және классификатор бойынша, қылмыстық процессті жүргізетін органға шығынды өтеу туралы талаппен арызданушы жүгінді ма және органның қандай шешім қабылдағаны туралы сұрақтың сотпен талданғанын анықтау мүмкін емес. Егер өтініштерді қабылдау кезінде аталған мәліметтер көрсетілмесе, сот материалдық талаптар бөлігінде, арызданушыға қылмыстық процессті жүргізетін және арызданушы ақтау туралы қылмыстық іс –жүргізу заңнамасының тәртібімен қайтарып алу туралы шешім қабылдаған органнан мәліметтерді ұсынуға міндеттеу қажет.

Азаматқа келтірілген шығынын толтыру үшін АК-нің 923-бабы 1- бөлігінде көрсетілген негіздердің тізімі аяқталған болып саналады. Қылмыстық процессті жүргізетін органдардың әрекеттерінің заңға қарамақайшы келуін анықтау, алдын ала тергеу, прокурор органдарының қаулысымен шығарылған, соттың үкімі немесе қаулысымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының АК-нің 923-бабына сәйкес, азаматты заңсыз қамауға алу, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алу, үй қамауына алу, шықпау туралы қолхаты, айыппұл ретінде салынған әкімшілік өндіріп алу немесе түзету жұмыстарын жазалайтын шара ретінде заңсыз қолдану, психиатрлық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз жіберу нәтижесінде келтірілген шығынды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымдық тұлғалардың кінәсінен бөлек, заңды актілермен белгіленген тәртіпте мемлекетпен толық көлемде өтеледі. ҚІЖК-нің 43-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ҚІЖК-нің 40-бабының 2- бөлігінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын келесі шығын өтелімдерін қамтиды:

1) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар;

2) сот үкімі немесе басқа да шешімінің негізінд, мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;

3) соттың заңсыз үкімін орындауда өндірілген айыппұлдар; заңсыз әрекеттердің себебінен тұлғалармен төленген сот төлемдері мен басқа да сомалары;

4) заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомалар;

5) қылмыстық қудалауға нәтижесінде тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындары.

ҚІЖК-нің 43-бабының 4-бөлігіне сәйкес, істі бірінші инстанция бойынша қарастырған сот, қажет болған жағдайда қаржы органдары мен әлеуметтік органдардан есепті сұрап, сот шығынның көлемін анықтайды. Соңынан инфляция есебін есепке ала отырып, шығынды өтеудегі төлемдердің өндірісі туралы қаулы шығарады. ҚІЖК-нің 43-бабы 2-бөлігіне сәйкес, аталған Кодекстің 40-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын: заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомаларды қамтиды.

Азаматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады.

Сонымен, мысалға талапкерлер Б.М.А-рова, К.К.А-сов Астана қаласының Алматы аудандық сотына А.К.Е-ваға қарсы қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартумен келтірілген зардапты өндіру туралы талап арызын келесідей негіздеді, Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне қабылданған ҚР ҚК-ның 129-бабының 3- бөлігімен, жеке айыптаушының іскерлік беделіне, абыроймен қадірқасиетіне нұқсан келтіретін ауыр қылмысты жасаумен қосылған жала жабу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының №2 Сарырақа аудандық сотының 19 қаңтар 2015 жылғы үкімімен К.К.А-пен Б.М.А-рова олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты кінәсіз деп танылып, ақталды. Сондықтан, талапкерлер сотқа қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартумен келтірілген зардапты өндіру және моральдық зардап екі талапкерге 4 000 000 теңге және материалдық шығын 894 963 теңгені, яғни талапкер К.К.А-совқа қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты төленбеген 894 963 теңгені, Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық процесске қатысу үшін тартылған адвокат-өкілге төленген 90 000 теңге сот шығындарын өндіруді сұрады.

Сот келесі тұжырымға келді. ҚР АК-нің 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мәнжайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі.

Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот талқылауында анықталғаны, А.К.Е-етова Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотына К.К.А-тың және Б.М.А-ваның әрекеттеріне ҚР ҚК-нің 129-бабының 3-бөлігімен, жеке айыптаушының іскерлік беделіне, абыроймен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ауыр қылмысты жасаумен қосылған жала жабу бойынша жеке айыптау шағымымен жүгінген.

Сонымен, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР Қаржы Министрлігінің блогына «Жанна» есімді автордан Кедендік бақылау Комитетінің қызметкері А.Е.Е-ваның тарапынан орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісін шешу өтінішімен, яғни оның жұмысқа шықпай және сол күндер үшін еңбекақысын алғандығы, шекара арқылы кедендік рәсімдеусіз жүктерді тасымалдау кезінде өз қызметтік жағдайын қолдану фактісі бойынша жүгінген.

Сот үкімімен айыптаушылар К.К.А-сов және Б.М.А-ова ҚР ҚК-нің 129-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәсіз деп танылып, қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Сол себепті, талапкерлер сотқа заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартумен келтірілген зардаптың соммасын және моральдық қайғы-қасірет келтіргені үшін әрқайсысына 2 00 000 миилион көлемінде моральдық зардапты, сонымен қатар талапкер К.К.А-пен 2014 жылдың аяғында алынбаған сыйақы 894 963 теңге материалдық шығынды, қылмыстық процесстегі өкілдің қызметі үшін төленген 90 000 теңге шығынды өндіруді сұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабының 1- тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар деп бекітілген.

Азамат аталған органдарға, соның ішінде құқыққорғау органдарына сол не өзге жасалатын немесе дайындалып жатқан қылмыс жайында өтінішпен жүгінсе, ал тексеріс кезінде бұл мәліметтер расталмағанда, бұл жағдайлар АК-нің 43-бабында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды. Себебі, көрсетілген жағдайларда шындыққа сәйкес келмейтін, нұқсан келтіретін мәлемттерді тарату емес, азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру орын алған.

Мұндай талаптар, сотпен көзделген органдарға өткізілген жүгіну негізделмеген және азаматтық құқығын орындау және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау ниетімен емес, ал басқа тұлғаға зардап келтіру ниетімен құқығын теріс пайдалану орын алған жағдайда қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, сот талқылауында анықталғаны, А.К.Е-това өз құқығын қорғаумен сотқа жүгіну құқығын қолданған, Қаржы Министрлігінің блогында оның әрекетіне жазылған шағымның пайда болуы, ешкіммен шектелуі мүмкін емес. А.К.Е-ованың басқа тұлғаға соның ішінде К.К.А-вқа зиян келтіру ниетімен жүгінді деген дәлелдер сотқа ұсынылмады. Бұл арыз Е-ваның жоғарыда аталған Б.М.Абдисабировамен жазылған шағымға қарсы әсері болды.

Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусым N 3 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2001 ж., N 6) сәйкес моральдық зиянды оны құқыққа қайшы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

АК-нің 951-бабына сәйкес, моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). А.К.Е-аның әрекет етуші заңнама шегінде өз құқықтарын қорғаумен талапкерлерге қатысты құқыбұзушылық немесе құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасады деген дәлелдері сотқа ұсынылмады.

Сонымен қатар, сот отырысында талапкерлер К.К.А-пен Б.М.А-рова сол қылмыстық сотқа А.К.Е-ваға қатысты ҚР ҚК-нің 130-бабымен қорлау түрінде жеке айыптау шағымымен жүгінгендігі анықталған. Сот отырысында талапкер Б.М.А-рва өз құқықтарын қорғаумен сотқа жүгінгендігін көрсеткен. Бұл жеке айыптау шағымы талапкерлермен қайтарылып алынған, сонымен қатар 12.02.2015 жылғы арызында К.К.А-ов А.К.Е-ваға қатысты қандай да бір материалдық және моральдық талаптарының жоқтығын, алдағы уақытта да болмайтындығын, ҚР ҚК-нің 390-бабымен қылмысты қысқарту кезіндегі салдар түсіндірілгенін көрсеткен. Б.М.А-рова өзінің жолдасының осындай өтініш жазғандығын жоққа шығармады.

Бұл жағдайда, сот жауапкерден материалдық және моральдық зардапты өндіру туралы талапкерлердің талап арызын қанағаттандыруға негіз таппағандықтан, А-сов Қуандық Қ., А-ова Б.М., жауапкер Е-това А.К. қарсы берген заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудан келтірілгнен зардапты өндіру туралы талап арыздарын қанағаттандырусыз қалдырды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.